Руханилықтың көзі-асық

«Рухани жаңғыру» бағдарламасында отансүйгіштіктің негізі ретінде туған жерге, ата дәстүрге, ұлттық құндылықтарға ерекше мән беру қажеттігі айтылады. Сондықтан да біз қазақ ұлттық ойындарын жаңғыртып, асықты дәріптеуден қалмаймын.

Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сол себепті Жамбыл жалыпы білім беретін мектебінің «Балапан» шағын-орталығында асық ойындарын кеңінен қолдану үстінде. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді деген пікірдемін. Асықты кейде математика сабағында қолдануға тырысамын және де басқа сабақтарда көрнекі құрал ретінде пайдаланамын. Қазіргі заманда  асықтың не екенің білмейтін балалар да бар екенін ескеріп, осы асықты көп қолдануға және оның қасиеттерін дәріптеуден қалмаймын деп ойлаймын. Асық ұлттық ойындарымыздың тәрбиелік мәні, бірлік пен ынтымақ жолын дамытуда да маңызы зор екенің ескерген жөн.  Асық өте қызықты әрі тартымды болу үшін, оларды түрлі-түсті бояуларға боялғаның айта кетсем. Түрлі-түсті асықтар  балаларға қызығарлық болады деген пікірдемін.  Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді деп.

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *