Өнер алды – қызыл тіл

Утебаева Камила Акыновна

Педагогтің аты-жөні Утебаева Камила
Күні: 11.04.2022
Сынып: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Өнер алды – қызыл тіл
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары 2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау.

1.4 Тыңдарманның назарын аударту.

3.2.4.1 – аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтау;

3.1.4.1 – сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді қолдану.

Сабақтың барысы.
Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Басы Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Мен күлгенді ұнатамын» ойын жаттығуы

Педагог балаларға:тұңжыраған жәнекөңілсіз,жабырқаған және ойланған көңілді және күлкілі;қайрымды және қуанышты,т.б.кейіпке еніп,бір бірімен рольге кіріп,адамдардың бейнесін келтіруге ұсынады.балалар айнаға қарап, әдемі ақкөңіл кейіпте күлімдейді.педагог осы «Мен күлгенді ұнатамын » жаттығуын күніне бірнеші рет қайталап көңіл күйді күлкімен көтеруге бола- тынын түсіндіреді. «Күлкі-көңіл күйдің сиқырлы кілті.Адам күлгенде өз көңіл күйін,өз денсаулығын жақсартады және айналасындағы адамдардың көңіл күйімен денсаулығына жақсы әсер береді.»

Жұмыс ережесін келісу

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Уақытты үнемдейміз!

Нақты,дәл жауап береміз!

Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Өлеңді «Шынжыр» әдісі бойынша тізбектеп жатқа сұрау.

Психологиялық ахуалға берілген психогиялық жаттыңуларды орындау арқылы  жаңа сабаққа назар аудару.

 

 

 

 

Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.

 

 

ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.

 

 

Психологиялық ахуал.

 

Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.

Сабақтың ортасы Ширату тапсырмасы.

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

«Көршіңе әңгімелеп бер»

Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.

Ойқозғау.

Нақыл сөзді түсініп оқы. Тіл сөзін сөз деп алып қайталап

оқы. Өз ойыңды білдір.

Ең тәтті де – тіл,

Ең ащы да – тіл.

Ең қатты да – тіл,

Ең жұмсақ та – тіл.

Неліктен?

Автормен танысу айдары. Қазыбек би туралы мәлімет.

Оқылымалды жұмыс. Алдаспан – қылыш.

Безеріп – қатігезденіп, жек көріп.

Безек қағады – жаны ауырады, шырылдайды. Оқылым.

Оқулықтағы Қазыбек би туралы аңыз оқылады.

Топтық жұмыс.

І топ. 4-тапсырма. Салыстыру сызбасымен жұмыс.

Мәтіндегі екі ананы салыстыра сипаттау (соңғы

сөздеріне сүйене отырып, өйткені мәтіндегі осы сөздер баланы асырап алған ананың қатігез, ал туған анасының мейірімді екенін байқатады).

ІІ топ. 5-тапсырма.

Әр топ өз пікірінің дұрыстығын дәлелдейді.

Жауаптарында үлгідегі кілт сөздерді пайдаланады. Меніңше, Қазыбек би әділ қазы деп ойлаймын.

Менің ойымша, Қазыбек би әділ қазы емес. Өйткені …

Себебі …

ІІІ топ. Қажетті сөздерді жаз. Нақыл сөзде берілген

тәтті, ащы, қатты, жұмсақ сөздерін қандай сөздермен алмастырар едің?

Ең                                                 де – тіл, Ең                                                       да – тіл. Ең                                                       да – тіл, Ең                                                       та – тіл.

ІV топ. Қазыбек бидің орнында болсаң, екі анаға қандай нақыл сөздермен төрелік айтар едің? «Бала – бауыр етің» аңыз-әңгімесінің негізінде екі ананың іс-әрекетіне қарай нақыл сөз құрастыр.

Мысалы: Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс. Бағалау. Келтірілген айғақтарға қарап бағаланады. Бағалау критерийі

  Тапсырма Дескриптор Балл
1 Қазыбек би туралы аңызды түсініп оқы. Аңызды өз сөзімен

түсіндіреді.

 
Екі ананы

салыстырады.

 
Сөйлеу барысында шешен сөздерді қолданады.  

Дескриптор:

l  мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

l  шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

l  берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

ҚБ: Бас бармақ  арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

 

Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.

 

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы суретпен және мәтінмен жұмыс жасайды.

 

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

 

 

 

 

 

Форматив

ті бағалау.

 

 

 

 

ҚБ: Бас бармақ  арқылы бір-бірін бағалау.

 

 

 

 

 

Оқылым, жазылым тапсырмалары.

Соңы Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең  жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.

 «Ойлан, Жұптас, Пікірлес»

Оқушыларға  қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут  талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.

Ойтолғау. Жеке жұмыс.

1. Ойтолғау. 6-тапсырма. Қазыбек бидің шешендік сөзін жаттайды:

Адал болса – досың жақын.

Еркелейтін – немерең жақын.

Өз ұрпағың – шөберең жақын.

Туып-өскен – елің жақын.

2. 7-тапсырма. Осы шешендік сөздегі жақын сөзінің орнына жақсы, ыстық сөздерін қойып оқиды және Қазыбек бише толғап, шешендік сөз құрастырып жазады.

Кестені толтыр. ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. Топтық тапсырмалар.
Кері байланыс «Бес саусақ» кері байланыс.

 

Сабақтан алған әсерлеріне кері байланыс береді. «Бес саусақ» Кері байланыс тақтай

шасы.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *