Сын есім. Балықшы мысық
Алимбетова Нағима Каримкуловна
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: | Қоршаған орта | |
Мұғалімнің аты-жөні | Алимбетова Н | |
Күні: | 21.04.2022 | |
Сынып: 2г | Қатысушылар саны:21 | Қатыспағандар саны:0 |
Сабақтың тақырыбы | Сын есім. Балықшы мысық | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 2.2.3.1 – мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру | |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап бере алады.
Көптеген оқушылар: мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады. 1. Кейбір оқушылар: мәтіннен сын есімдерді және күрделі зат есімдерді таба алады. |
|
Бағалау критерийлері | – мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді;
– мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы
5 мин |
Психологиялық ахуал
Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Барша жанды құрметтеп, Бас иеміз біз. Өткенге шолу Ұжымдық жұмыс «Сұрақ-жауап әдісі» -Қандай сөз таптарын білеміз? -Зат есім дегеніміз не? -Етістік дегеніміз не? -Сын есім дегеніміз не? Топқа бірігу «Ақ гүл» тобы «Қызыл гүл» тобы «Сары гүл» тобы |
Психологиялық ахуал қалыптастырады
Оқушылар топқа бірігеді
|
|
|
Сабақтың ортасы
30 мин
2-мин |
Жаңа сабақ
1-тапсырма Ұжымдық жұмыс “Анықта” әдісі
61-жаттығу. «Балықшы мысық» Тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын болжа. Мәтінді түсініп оқы. Мәтіндегі негізгі ойды анықта.Мәтіннен сын есімдерді және күрделі зат есімді тап.
Дәптермен жұмыс 2-тапсырма Жеке жұмыс «Балық аулау» әдісі 62-жаттығу Өлеңді қатесіз көшіріп жазып, сын есімді тап.
Алабұға – ала балық, Көрінеді адам,а анық. Арқасында тікені бар, Жүрмесінші қадап алып.
Сергіту сәті «Балапан» әні
3-тапсырма. Жеке жұмыс «Тауып көр» әдісі 64-жаттығу Мәтінді қатесіз көшіріп жаз.Мәтіннен сын есімдерді тауып, сұрақ қой.
4-тапсырма Топтық жұмыс «Өз ойыңды жинақта» әдісі «Ақ гүл» тобы -Сын есімдерді зат есімдермен сәйкестендір.
«Қызыл гүл» тобы Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жазып, сын есімдерді тауып, астын сыз.
«Сары гүлдер» тобы Суреттегі заттарды сипаттап, сөйлем құра.
|
Мәтінді тізбектеп оқып, берілген тапсырмаларды ауызша орындайды
Оқушылар дәптермен жеке жұмыс жүргізеді
Билеп сергиді Іс-қимыл арқылы жаттығу жасайды
Оқушылар тапсырмаларды орындайды
Топтасып берілген тапсырмаларды орындайды
|
Дескриптор:
*Тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын болжайды.1Б *Мәтінді түсініп оқиды. 1Б *Мәтіннен сын есімдерді және күрделі зат есімді табады. 1Б *Негізгі ойды анықтайды. 1Б ҚБ:Керемет!
Дескриптор: *Өлеңді көшіріп жазады;1 Б *Сын есімдерді табады;1Б ҚБ:Жарайсың!
Дескриптор: *Мәтінді қатесіз көшіріп жазады;1Б *Сын есімдерді тауып, сұрақ қояды; 1Б ҚБ: Басбармақ
Дескриптор: *Сын есімдерді зат есімдермен сәйкестендіре алады;1Б *орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап, сын есімдерін табады;1Б * Суреттегі заттарды сипаттап жазады, сөйлем құрайды, сын есімдерін табады;1Б ҚБ:Тамаша! |
Оқулық, дәптер, қалам
Оқулық, дәптер, қалам
видео
Оқулық, дәптер, қалам
Тұжырымдамалық карта |
Сабақтың соңы
3 мин |
Кері байланыс: «Білім ағашы»
Оқу тапсырмасы: 65-жаттығу. |
Сабақтан алған білімін, үйренгенін айтады. |