Қазақ контентінің дамуы
Қабылдаған: Академиялық жазылым
пәнінің оқытушысы А.Каршигаева
Орындаған:Журналистика 211(4)-1 студенті Балтабаев Диас
Аңдатпа: Мақалада қазақ контенті-телевизия, youtube, блогерлік сала, әлеуметтік желілерде қазіргі таңда өсу процесінің алғашқы сатысылары талданады. Пайдалы эксперименттер, ұтырлы жаңалықтар, тиімді лайфхактар түсіру және халыққа берер контентті монохронды түрде емес, жан жақтан, әсерлеп, әдемі форматта жеткізу тағы басқа түрлі іс-әрекеттер жасау арқылы қазақ контентінің дамуы туралы айтылады. Қозғалып отырған тақырып, қазіргі таңда қоғамда кездесіп жүрген өзекті тақырыптардың бірі ретінде қарастырылады.
Тірек сөздер: контент, блогинг, лайк, дубль, тиктокер, контент-жоспар, статистика, аудитория, эксперимент, лайфхак, медиа, веб-сериал, монетизация.
Аннотация: В статье анализируется казахский контент-телевидение, youtube, блогерство, социальные сети, которые в настоящее время являются первыми этапами процесса роста. О развитии казахского контента говорят полезные эксперименты, выигрышные новости, съемка эффективных лайфхаков и передача контента населению не в монохронном виде, а со стороны, под впечатлением, в красивом формате и многое другое. Затрагиваемая тема рассматривается как одна из актуальных тем, с которыми мы сталкиваемся сегодня в обществе.
Ключевые слова: контент, блогинг, лайк, дубль, тиктокер, контент-план, статистика, аудитория, эксперимент, лайфхак, медиа, веб-сериал, монетизация.
Annotation: The article analyzes Kazakh content-television, youtube, blogging, social networks, which are currently the first stages of the growth process. Useful experiments, winning news, shooting effective life hacks and transmitting content to the population not in a monochrome form, but from the outside, under the impression, in a beautiful format and much more speak about the development of Kazakh content. The affected topic is considered as one of the relevant topics that we face today in society.
Keywords: content, blogging, like, double, ticktocker, content plan, statistics, audience, experiment, life hack, media, web series, monetization.
Қазақ контентінің дамуы
Заман дамыған сайын еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін әлеуметтік желі қолданушылары күннен күнге артуда. Әлеуметтік желілерде түрлі контенттерді аңғаруға болады. Соның ішінде, қазақ контенті.
Қазақ контенті қазақ тілінде жүргізіледі. Таныс емес, сөздік қорымызға өзге тілден енген, контент сөзі шет тілден аударғанда ақпарат деген мағынаны білдіреді. Желі арқылы аудиторияға қазақ тілінде жеткізілетін ақпаратты айтады.
Контент сөзі ең алғаш Қазақстанға 2012 жылы келген. Қазақ контенті-телевизия, youtube, блогерлік салада, әлеуметтік желілерде қазіргі таңда өсу процесінің алғашқы сатысында. Блогинг саласында контент жасау кеңінен қолдануда. Осыдан 8 жыл бұрын, Қазақстанда орыс тілді контент қарқынды түрде дамыды. Орыс тілді контентті Қазақстанға Queex пен Eldana Foureyes есімді вайнерлер алып келді. Одан бері қарай, Yuframe, Sekavines сияқты вайнерлер өздерінің әзіл вайндарын аудиторияларына ұсынды. Олардың айтуынша, бастапқыда бәрі қиын болды, әрқайсысы коммерциялық жұмыс жасаймыз деп ойламаған. Вайнерлердің басты мақсаты өз аудиторияларын 15 секундтық видео арқылы күлдіру болған.
2016 жылы ең алғаш kartoptv атты қазақ тіліндегі инста вайн жобасы құрылып, қазақ контентін Қазақстанның нарығына алып келді. Араға 6 жыл салып, бүгінгі таңда қазақ контетін түсіріп жүргендер біршама. Оны кез келген әлеуметтік желі қолданушыларынан, әсіресе 13-25 жас аралығында байқауға болады. Халық жаңадан шыққан жаңа дүниеге негативті түрде қарап, проблемаларын іздейтіні анық. Дәлел ретінде, Тik-Tok желісін алуға болады. Басында халық қарсы болды. Ал, қазір адамдар Тik-Tok желісін дұрыс қабылдап жатыр. Қысқасы, Tik-Tok қоғамға сіңіп жатыр.
Атауы ерекше әлеуметтік желілердің бірі Tik-Tok-та қазақ контентін дамытып жүргендер де көп. Tik-Tok-та 15 секундтық музықалық видеолар түсіріп, бөлісуге болатын әлеуметтік желі. Видеоға лайк басып, пікір жазып, достарына таратып, өзге қолданушыларға тіркелу мүмкіндігі бар.
Әлеуметтік желілерді көп жастар қызығушылық үшін пайдаланса, кейбір желі қолданушылар табыс табу мақсатында пайдаланады. Tik-Tok әлеуметтік желісіндегі трендті түсіремін деп тер төгетіндер кездеседі. «Атың шықпаса, жер өрте» демекші, соңғы кезде арзан танымалдылықты қуған тиктокерлер, елді шулатамын деп, ардан аттап жатыр. Түсіру процессі бір дубльден шықпай қалса немесе іс-қимылы музыкаға сай келмесе көп жасөспірімдер ашуға салынады. «Ашушандылық-адамның психологиясына әсер етеді»,-дейді психологтар.
Біздің халық әлі күнге дейін қазақ тіліндегі пайдалы ақпаратқа аш. Оның 2 себебі бар:
1)желіде ойын-сауық, әзілдерге толы контенттердің көбеюі;
2)халық ауыр түрде қазақ тіліндегі пайдалы ақпаратты жеткізетін контенттерді көргілері келмеуі.
Халқыаралық, әлемдік, танымдық ақпараттарды қазақ контенті арқылы ауыр түрде жеткізетіндер көп. Тиісінше, жеңіл түрде жеткізетіндер саны аз. Ақпарат қарапайым тілде жазылатын болса, желі қолданушылар пайдалы ақпаратты таныстарымен немесе өзге адамдармен бөлісер еді.
Контент жасау арқылы, адамдар оқырман санын көбейтіп, танымалдылыққа ие болғысы келеді. Әлеуметтік желілерде түрлі трендтерді түсіріп, ашық платформаларға паш ету жиырма бірінші ғасырдың талабы. Белдері майысқанша билеп,еріндерін жыбырлатып ән айту біреуге қиын, екіншісіне оңай болып көрінеді. Аты аталған салада жұмыс жасап жүрген медиа саласының азаматтары мен азаматшалары,блогерлер контент-жоспар құрады.
Контент-жоспар – контенттің дамуына, аудиторияны мезі қылдырудан, оқырман санын көбейтуге және статистиканы көтеруге үлкен септігін тигізеді.
Қоғамымызда, күнделікті талқыланатын тақырыптар бар. Бірақ қазақ тіліндегі талқыланатын өзекті тақырыптар аз. Пайдалы эксперименттер, ұтырлы жаңалықтар, тиімді лайфхактар түсіру және халыққа берер контентті монохронды түрде емес, жан жақтан, әсерлеп, әдемі форматта жеткізу тағы басқа түрлі іс-әрекеттер қазақ контентінің дамуына үлкен септігін тигізеді. Қазақ контентінің дамуы, қазақ тілді аудиторияны қалыптастырып қана қоймай, қазақ тілді жаңалықтарды, ақпараттарды күллі әлемге,әлеуметтік желі арқылы паш етуге мүмкіндік береді. «Қазіргі заман ағымы әлеуметтік желіге байланысты, жастар да соған тәуелді. Сондықтан Tik-Tok, инстаграмдарда патриоттық бағыттағы видеоларды насихаттап, сол арқылы тәрбиелеу керек»,-деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында. Сонымен қатар елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында жасөспірімдердің көп бос уақыты болатынын және балалардың тиімсіз нәрселерге уақыттарын жұмсайтынын айтқан еді.
Жыл сайын қазақ тілді медиа үздіктерінің қатысуымен форум өтіп тұрады. Сондай форумдардың бірі, қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V ші форумы елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Форумның тақырыбы: «қазақ интернеті: бүгіні мен болашағы», қазақ тілді медианы дамытудың жаңа трендтерін талқылау жоспарланған болатын. Қазақ тілінде ұсынылатын контенттің ең өзекті мәселелерін түрлі медиа саласында жүрген сарапшылар мен журналистер, блогерлер мен бейне-контент жасаушылар талқылады. Форум 2 сессиядан тұрды. Екінші сессияның тақырыбы – «Тәуелсіздік кезеңіндегі медиа-толқын: қазақстандық онлайн-контенттің бірегейлігі неде?». Сессия модераторы – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин болды. Сессияны белгілі блогер және тележүргізуші Өркен Кенжебек жүргізді. [1,1]
Форум қатысушылары қазақстандық және шетелдік мамандардың шеберлік сабақтарына қатысты. Іс-шараны қорытындылай келе, форумға Қазақстанның түкпір – түкпірінен 100-ден астам мамандар қатысты. [2,1]
Қазақ контентінің қоғамға берер пайдасы өте көп. Мысалы: қайырымдылық. «Жанашырлыққа-жан риза» дегендей, жетімдер мен қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну мен сауабы мол іске атсалысу-әрбір адамның азаматтық парызы. «Қайырымдылық-адамгершіліктің белгісі» демекші, қайырымдылықпен айналысатын медиа саласында жүрген, оның ішінде қазақ контентінмен айналысып жүрген адамдарды қазіргі таңда аудиториялары қолдап, алғыстарын білдіруде. Қазақстанда науқастарға мемлекет жасамай жатқан көп дүниелерді, қарапайым халық миллиондаған,миллиардтаған ақша жинап адамдардың өмірін, олардың сауығып кетуіне үлкен үлестерін қосып жатыр. Бұл іспен еліміздің халқы, жанашыр, жұдырықтай жұмылған халық екенін бір іспен көрсеткендей. Осы орайда, қазақ контентін дамытуға атсалысып жүрген, аудиториялары бар блогерлер мен медиа саласының азаматтары мен азаматшалары, өз аудиторияларын игі іспен айналысуға шақырады. Олардың жасап жатқан сауапты іске деген үлесі мен халыққа беріп жатқан пайдасы өте көп. [3,1]
Түсірушілердің беріп жатқан ақпараттарының ішінде жақсысы мен жаманы, дұрысы мен бұрысы, пайдасы мен зияны қатар жүреді. Қазақ контентінің бұрыс жағы, дисфемизмдерді қолдану. Түсірілген видеолардың ортасында дисфемизмдерді қолдану қазақ контентінің алдыға қарай дамуына ешқандай кері әсерін тигізбейді. Керісінше, 2021 жылдан бері Қазақстанда веб-сериалдардың көбісінде, дисфемизмдер қолданған. Көрермендердің арасында наразылығын білдіріп, жаман пікір қалдырғандарда болды. Халықтың бәрі дисфемизмді веб-сериалдардың жанрына байланысты және веб-сериалды ашу мақсатында қолданатынын біліп жатыр. Яғни, қоғамда бар нәрсені әлеуметтік желіге салғанда немесе веб-сериалдардан өздеріне ұқсас кейіпкерді көргенде оң пікірлерін қалдырып жатады. Статистика бойынша, осы күнге дейін қаралым бойынша және танымалдылық жағынан алғашқы рейтингте көш бастап тұрған, Salem Social Media-ның түсірген туындысы «Шекер» атты веб-сериалы. [4,1]
2021 жылдың қазан айының 7 ші жұлдызында, «Шекер» веб-сериалы Азияның кино әлеміндегі Asia Contents Awards (ACA) басты марапатқа ие болды. Қазылар алқасы «Үздік драмма» номинациясына 16 елден жіберілген 163 туындының ішінен «Шекер» веб-сериалын таңдады. Бұл дегеніміз, қазақ контенінің әлеуметтік желілерде, басқа да ашық платформаларда бәсекеге қабілетті екенімізді көрсетеді. [5,1]
YouTube әлеуметтік желісінде, қазақ тілді контенттердің көбейіп жатқаны қуантады. Түрлі салалардағы проблемаларды қозғайтын және діни, мотивациялық, бизнеске алып келетін пайдалы подкасттар шығып жатыр. Қазір 21 ғасырда үйлерінде теледидар қоспайтын отбасыларды кездестіруге болады. Жаңалықтарды, өздеріне керекті фильмдер мен киноны ашық алаңнан, яғни YouTube әлеуметтік желісінен көруге болады. Сайтқа тіркелген қолданушылардың 70% АҚШ тұрғындары, сайт қолданушыларының 55% жасы 20-ға жетпейді. Егер YouTube әлеуметтік желісі киностудия болғанда аптасына 62 000 астам жаңа фильм шығаруға материалы болар еді. [6,1]
Қазақ контентін YouTube әлеуметтік желісінде дамыту арқылы, табыс таба алады. Оны монетизация дейді. Монетизация-бұл әлеуметтік желіде жасаған сандық мазмұн арқылы ақша табу процесі. Бұл мақалалар, бейне материалдар немесе подкасттар болуы мүмкін. 1000 қаралым 500 теңгені құрайды. Қазақ контентінде кем дегенде 300000 қаралым жинайды.
Монетизацияның 5 түрі бар:
1)Жарнама көрсету арқылы табыс табу.
2)YouTube-пен бірлесіп жұмыс жасау арқылы табыс табу;
3)Суперчаттар арқылы табыс табу;
4)Дайын өнімді жарнамалау арқылы табыс табу;
5)Түрлі брендтермен жұмыс жасау арқылы табыс табу.
Сондықтан да, қазақ контентінің әлеуметтік желілерде болашағы зор. Қазақ тілді контенттің әр әлеуметтік желіде бақылап отыратын, оқырмандары мен көрермендері бар. Әр саланың мамандары блогер болса,қазақ контентінде бәсекелестік қарқынды болады. Сырттай ғана білетін мамандықтарды,сонда жүрген мамандар әлеуметтік желіде көрсетсе, студенттер мен оқушылар ішкі атмосфераны сезініп, сол салаға қызығушылық білдіреді. Шынайы өмір виртуалды өмірден әлдеқайда жақсы екенін ұмытпаған жөн.