Қош бол,алтын ұя мектебім!

                       Қош бол,алтын ұя мектебім!

Бүгін ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы күн…Бүгін алтын ұя мектепті бітіріп,балалық шақтан болашаққа қанат қаққалы отырған,жүрегіміз лүпіл қағып,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан жас түлектер яғни біздер үшін ең бір қымбат,ең бір қимас,ең бір ұмытылмас күн…

Бүгін міне,Әйтеке би атындағы орта мектебін 24 түлек болып түлеп ұшып барамыз.Қолымызда мектеп бітіргеніміз туралы аттестат.Алдымызда сырлы өмір,нұрлы болашақ.Көңіліміз алып ұшып қобалжуға толы.Біз мектебімізбен,ата анамыздай әлпештеген ұстаздарымызбен ғана емес,балалығымызбен де қоштасып жатқандаймыз.Кеше ғана мектеп бітіру салтанатына дайындық үстінде едік,енді міне бұл күнгеде жеттік.Қимастық сезімі…Қайтадан құлағымыз күмбірлеген күміс қоңыраудың үнін есту бақыты бұйырмайтыны еске түскенде,көз жасынды ұстау мүмкін емес.Биылғы түлектердің бағына орай,елімізде  карантин режимі алынып,ашық алаң,ашық аспан астында мектеп бітіру бақыты бұйырыпты!

Менің сыныптас достарым! Сендерде алдағы уақытта тек қана сәттілік  болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Бәрің де ақ жолмен – армаңдарыңа сүрінбей жетіңдер! Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз. Аяулы ұстаздар! Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз!Сыныптастарым қайда жүрсек те, қайда болсақ та, қанша жасқа келсек те бір – бірімізді ұмытпайық.

Аяулы мектебім біз саған әр кезде оралып тұрамыз. Саған келіп сағынышымызды басамыз,балалық шақтың естелігімен қауышамыз.

Ендігі кезектегі басты сынақ-ҰБТ.Мақсатымыз-жоғары балл жинап,армандаған оқу орнына грант иегері атанып түсу.Барша сыныптастарыма сәттілік!

 

                                                         Сара Нарботаева

                               Әйтеке би атындағы орта мектептің

                                                         11 сынып оқушысы

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *