Кемпірқосақ жолдарымен саяхат
Момбекова Жаухар
Ашық ұйымдастырылған қорытынды оқу қызметі.
Білім беру саласы: Қатынас. Таным. Әлеумет. Шығармашылық. Денсаулық.
Топ: ересек
Тақырып: «Кемпірқосақ жолдарымен саяхат»
Түрі: кіріктірілген
Мақсаты: әр түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы балалардың білімдерін бекіту.
Міндеттері:
Білімділік: жыл мезгілдері мен тәулік бөліктері туралы білімдерін бекіту; Балалардың ұсақ моторикасын, байланыстырып сөйлеуін дамыту, сөздік қорларын жетілдіру. Тірі және өлі табиғат туралы білімдерін толықтыру. Дамытушылық: балалардың танымдық және шығармашылық тапсырмаларды өз бетінше шешуге қызығушылығын, логикалық ойлауын, ізденімпаздығын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ізденімпаздыққа, байқағыштыққа, өз бетінше әрекет ете білуге, қиындықта көмектесуге ұмтылуға, балалар арасындағы достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Материалдар мен жабдықтар: проектор, ноутбук, доп, карточкалар, магниттік тақта.
Шаттық шеңбері
Ғаламшар, қарсы ал сәлемді,
Самғаймыз кезіп әлемді.
Қабыл ал шын жүректен
Балалар менен қыздардың
Махаббатына толы сәлемді!
Таңғажайып сәтТопқа қолында салған суретімен суретші келеді.
Суретші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені таныдыңдар ма?
Суретші: Ия, балалар, мен суретшімін. Мен өзімнің салған суретімді сендерге көрсетейін деп келдім. Ол суретте не салынғанын білу үшін сендерге жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ.
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Қызыл, сары, жасылды,
Көкте бір зат асылды.
(кемпірқосақ)
Суретші: Дұрыс айтасыңдар, кемпірқосақ.
Суретші қолындағы суретін ашып көрсетпекші болады, бірақ суретте ештеңе болмай қалады.
Суретші: Ой, не болып қалған? (таңданып) Кемпірқосағым жоғалып кетті. Енді оны қайта қалай саламын. Себебі мен кемпірқосақтың түстерін рет-ретімен орналасу тәртібін білмеймін. Балалар, көмектесесіңдер ме?
Балалар: ия, көмектесеміз.
Суретші алжапқышының қалтасынан 7 конверт алып шығады.
Суретші: Балалар, қараңдар, мен сендерге түрлі-түсті конверттер алып келдім. Әр конвертті кемпірқосақ түсінің реттілігімен алып орындау керек.Сол кезде менң де кемпірқосағым орнына келеді.
Тәрбиеші: Балалар, біздің алдымызда күрделі тапсырмалар тұр екен. Кемпірқосақтың түрлі-түсті жолымен жүріп әр түрлі тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма?Балалар жауаптары
Тәрбиеші: Тапсырмаларды орындамас бұрын, біз сендермен кемпірқосақтың түстерін есімізге түсіріп алуымыз керек.
Сұрақтар:
-Кемпірқосақта неше түс бар? (7)
-Түстерді атаңдар. (Қызыл, тоқсары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін)
Суретші: Балалар, жарайсыңдар, ендеше ең бірінші қандай түсті конвертті ашамыз?
Балалар: қызыл конвертті ашамыз.
Суретші қызыл конвертті ашады.
Тәрбиеші:
Гүл – гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен?
Балалар: (Көктем мезгілі)
Слайд 1 (көктем мезгілі көрсетіледі).
Тәрбиеші: Балалар, көктем мезгілінің айларын атап беріңдерші?
Балалар: наурыз, сәуір, мамыр
Тәрбиеші: Балалар, қыстан соң, көктем мезгілі де келіп жетті. Бір сөзбен көктем мезгілін қалай атар едіңдер? Көктем қандай?
Көктем қандай? (балалар допты бір-біріне беріп, көктем мезгілінің ерекшеліктерін атайды. Мысалы: көктем-жайдарлы, көктем- сұлу, көктем-жылы)
Тақатада ватман ілінеді. Суретші балалар тапсырманы орындап жатқанда кемпірқосақтың қызыл түсін салып қояды.
Тәрбиеші: Балалар, кемпірқосақтың бірінші жолы да салыныпты.
Суретші: Балалар, жарайсыңдар, бірінші конвертті аштық. Келесі қандай түсті конвертті ашамыз?
Балалар: тоқсары.
Суретші тоқсары түсті конвертті ашып, тапсырманы оқиды.
Тапсырма: Мақал-мәтелді оқы!
Тәрбиеші: Балалар, тірек-суреттер арқылы мақал-мәтелдерді оқу қажет.
Слайд 2 (Қатынас)
Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар. Бұл тапсырманы да орындап тастадыңдар.
Суретші кемпірқосақтың тоқсары түсін салып қояды.
Балалар үстелге отырады.
Суретші: Балалар, екінші конвертті аштық. Келесі қандай түсті конвертті ашамыз?
Балалар: сары конверт
Тапсырма: (Таным)
«Математикалық таразы» дидактикалық ойыны. Балалардың көп – аз, тең туралы түсініктерін қалыптастыру.
Суретші кемпірқосақтың сары түсін салып қояды.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар. Бұл тапсырманы да орындап тастадыңдар.
Суретші: Балалар, жарайсыңдар, сары конверт ашылды. Келесі қандай түсті конвертті ашамыз?
Балалар: жасыл
Суретші жасыл түсті конвертті ашып, тапсырманы оқиды.
Тапсырма: Экранға қарап, сергіту сәтін орындаңдар.
Видеосергіту сәті
Балалар үстелге отырады.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар. Бұл тапсырма да орындалды.
Суретші: Балалар, жарайсыңдар, жасыл конверт ашылды. Келесі қандай түсті конвертті ашамыз?
Балалар: көгілдір конвертті ашамыз.(Шығармашылық)
Суретші: Балалар, бұл тапсырмада сендердің көмектерің керек. Менің аяқталмаған портреттерім бар еді. Сол портреттерді сендердің көмектеріңмен аяқта,ым келеді.
«Портретті аяқта» дидактикалық ойыны.
Әр балаға А5 форматта парақшалар таратлылады. Парақшада аяқталмаған адамның бет-әлрпетінің суреті бейнеленген. Әр бала портретті аяқтау керек. Балалар орындап болған соң, жұмыстары көрмеге ілінеді.
Суретші: Балалар, көгілдір конверт ашылды. Келесі қандай түсті конвертті ашамыз?
Балалар: көк конвертті ашамыз.
Слайдта көрсетіледі. Балалар атайды.
Тәрбиеші: Балалар, экранға көңіл аударыңдар. Экраннан ребустарды байқаған боларсыңдар. Сол ребустарды шешу керексіңдер.
Тапсырма орындалып жатқанда суретші көк жолды салады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Кемпірқосақтың соңғы жолы қалыпты. Ол қандай түсті жол екен?
Балалар: күлгін түс
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.
«Мекенін тап» дидактикалық ойыны ойналады. Балаларға карточкалар таратылады. Карточкадан жануарлардың мекендерін тауып, орналастыру керек. Суретші кемпірқосақтың күлгін жолын салады.
Слайдтан көрсетіледі.
Суретші: Балалар, сендердің көмектеріңмен менің салған кемпірқосағым қайтадан орнына келді. Рахмет сендерге. Салған кемпірқосақты сендерге тарту етемін. Ал менің кететін уақытым да болып қалды. Сау болыңдар. Балалар қоштасады.
Қорытынды
Сұрақ-жауап әдісі арқылы ҰОҚ қорытындылау.