Гүлдер
Бакежанова Айгерім
Білім беру саласы : «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу
Тақырыбы: Гүлдер.
Мақсаты: дала гүлдері мен бөлме гүлдерінің ерекшелігі туралы түсініктерін кеңейту. Өсімдіктердің пайдасы туралы ойларын толықтыру. Дәстүрден тыс сурет салу әдісі арқылы гүлдердің бейнесін салуды түсіндіру және бояу түстерін үйлесімді қолдана білуге жаттықтыру.
Әдіс-тәсілдері: сұрақтар, түсіндіру, ойын, сұрақ, жауап, мадақтау.
Құралдар:шанышқы,бояу, сандар, суреттер.
Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы тандаймыз.
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
Тәрбиеші: – Балалар, балабақшаға келе жатып бір қорап тауып алдым, ішінен мынандай дөңгелек бір нәрсе шықты ол не екен білесіңдер ме?Қызықтыру сәті: (Аянышты дауыс шығады)Гүл: – Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен гүлмін. Қар астынан өсіп шыға бергенімде қатты дауыл тұрып , менің күлшелерімді ұшырып жіберді тауып беріңдерші.( жылайды)Тәрбиеші: – Сәлеметсіз бе, Гүл!
Жылама гүл сенің күлшелерінді тауып береміз. Балалар көмек береміз бе?
Дидактикалық ойын: “Не, қайда жасырынған?”Ойын шартты: Ойын шарты бойынша өздеріңе ұнаған пішіндерді таңдап алыңдар, олардың артында аяқталмай қалған суреттер бар сол ненің суреті екен табыңдар
Балалармен жұмыс: «Гүл алқабы»
Шарты: Ақ қағаз бетіне бейнеленген гүл сабағына шанышқылар арқылы гүлдің бейнесін салу
Сергіту жаттығу
Аққу болып ұшамыз,
Көлге барып қонамыз
Көлдің бетін құшамвз
Қайта самғап ұшамыз!
Интербелсенді тақтамен жұмыс– Балалар, қараңдаршы сиқырлы экраннан бір нәрселер шығып тұрғандай қарап көрейік. Бұл не?
1- тапсырма
– Құмыра артында не жасырынған?
– Қанша гүл жасырынған?
– Қайда өседі?
2- тапсырма
– ағаш артында не жасырынған?Гүл: – Алақай, менің күлшем табылды.
Қорытынды:Қараңдаршы балалар, бізде не пайда болды? Гүлдің күлшелері қандай түсті екен? Гүл: – Рахмет, балалар! Менің де сендерге арналған сыйлығым бар. Мадақтау.