Теңіздегі кит
Сейтниязова Мухабат
Тақырыбы: «Теңіздегі кит»
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Оқу қызметі: Сурет
Мақсаты: Кит туралы түсінік беру. Бояуды дұрыс таңдауға, дәстүрден тыс әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, теңіз асты тіршілігін бейнелеуге баулу. Қоршаған ортаны қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Слайд,гуаш,ермексаз,шар, жіп,ақ қағаз,кит бейнесі,сүлгі.
Әдіс-тәсілдер:Әңгімелу,түсіндіру,сұрақ-жауап
Шаттық шеңбері
Күн шуағын жинаймыз
Достарыма сыйлаймыз,
Күн шуағын аямасын
Шуағымен аяласын,
Достық деген Ертөстікті
Барлық бала саяласын!
Тәрбиеші: Балалар, мен сіздерге бір ұсыныс жасағым келіп тұр.
Сіздер келісесіздерме?(Ия)
Тәрбиеші: Ендеше балалар бүгін біз теңізге саяхат жасайық, ол үшін бізге кімнің көмегі керек? (Капитанның).бейнеролик
Тәрбиеші: Ал, капитан қандай болу керек?
Балалар: Батыл, әрі күшті болу керек.
Тәрбиеші: Олай болса менде мықтымын, күшімде көп, өзім – ақ капитан бола салайын.
Теңізге шығу үшін біз кез – келген жағдайға дайын болуып,. өзімізді мықтап дайындауымыз керек.
Тәрбиеші: Ал, капитан дайын, сақшылар дайынсыңдар ма?(Ия)
Балалармен жұмыс.
Қағаз бетіне киттің бейнесін түсіру
(Балаларды екі топқа бөліп, 1-ші топ шармен бастыру әдісін,2-ші топ түйіршіктелген ермексазды қолдана отырып тапсырманы орындау.).
Тыныс алу жаттығуы
Интерактивті тақтамен жұмыс
1-тапсырма:Теңіз асты тіршілігіне саяхат,сиқырлы қаламның көмегімен жасырын тұрған китті табу.
2-тапсырма:Кит пен балықты салыстыра отырып санау
3-тапсырма: Теңіз асты тіршілігі қандай дыбыс шығарады?
Жіп графикасын қолдана отырып теңіз асты балдырларын салу
Аянат: Қане балалар сиқырлы дүрбімізді алып, теңізді бір бақылап көрейікші.
Теңіздің астында әр түрлі теңіз мекендеушілері өмір сүреді екен. Қараңдаршы мына жүзіп жүрген теңіз мекендеушілерінің ең кішікентай қайсы? Ал, ең үлкені не – деп ойлайсыңдар?
– Олар немен қоректенеді?
– Құрлықта өмір сүре алама?
Балалар: Олар мұхитта яғни суда өмір сүруге жаратылған, құрлықта олар өмір сүре алмайды. Олар теңіз шөптерімен өздерінен кішкентай теңіз мекендеушілерімен қоректенеді екен.
Тәрбиеші:Біздің китімізге енді жайлы болған сияқты. Китіміз мұхитта еркін жүзе тұсын (қатты толқынның дыбысы естіледі)
Балалар мына жел көтеріліп кетпей тұрғанда балабақшамызға жетіп алғанымыз дұрыс болар.Қорытынды: Балалардың жұмыстарын бағалау,мақтау.