«Кемпірқосақ жолымен даярлық тобына көтерілеміз»
Күні: 16.05.2022 ж
Білім беру саласы: Қатынас, Таным.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Математика негіздері.
Тақырыбы: «Кемпірқосақ жолымен даярлық тобына көтерілеміз»
Мақсаты:
1) Балаларға жыл бойы өтілген оқу іс – әрекеттеріне байланысты тапсырмаларды бере отырып, білім – білік дағдыларын сараптау
2) Дидактикалық, ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытуды жалғастыру
3) Ұқыптылыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: суретші, жеті түрлі – түсті хатқалта, слайд, сандар
Сөздік жұмыс: хатқалта
Оқу қызметінің барысы
Шаттық шеңбері.
Арайлап бүгін атты күн,
Шашып бізге шапағын.
Тілейміз сізге ақ таңның,
Қуанышын, шаттығын.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Қуанышты күн бүгін!
Тосын сәт: суретші келеді (қолында бояулар мен қылқалам)
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Мені таныдыңдар ма? Мен кіммін?
-Дұрыс айтасыңдар! Мен сендерге әдемі сурет салып алып келдім. Міне қараңдар! (экранда кемпірқосақтың суреті шығады)
-Бұл не? (кемпірқосақ )
Тәрбиеші: -Балалар, сендер даярлық тобына көтергілерің келеді ме? Бұл жай сурет емес, кемпірқосақ жолдары сендерді даярлық тобына апарады.
Кемпірқосақ сөніп қалады.
Суретші: -Ой, не болды? Менің суретім қайда? Енді қалай даярлық тобына өтеміз? Ересек тобында қалып қоятын болдық, өйткені мен бұл суретті қайта сала алмаймын. Себебі кемпірқосақтың түстерінің ретін білмеймін.
Тәрбиеші: -Жоқ, жоқ, бізге даярлық тобына көшу керек. Біз балалармен бірге саған ретін есіңе түсіруге көмектесеміз.
Суретші: -Жарайды.
Тәрбиеші: -Көмектесеміз ба, балалар?
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Сол кезде суретші қалтасынан (сөмкесінен) жеті түрлі – түсті хатқалта алып шығады да тәрбиешіге береді:
-Балалар, бұл кемпірқосақты өз қалпына келтіру үшін мына тапсырмаларды орындау қажет. Тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, мен сендерге сыйлық алып келемін . Іске сәт, мен кеттім! (Суретші шығып кетеді)
Сөздік жұмыс: хатқалта сөзінің мағынасы – конверт.
Тәрбиеші: -Балалар, кемпірқосақ неше түстен тұрады? Сол түстерді атап беріңдерші! -Қай түстен бастаймыз?
1 тапсырма (қызыл хатқалта):
-Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінің ерекшеліктерін білеміз бе?Көктем айларын кім атап береді?Көктем мезгілі туралы өлең шумақтары кімнің естеріңде бар?(Балалардың өлең жолдары)-Жарайсыңдар балалар, өте жақсы.
– Кемпірқосақтың қызыл түсті жолы жанады.
2 тапсырма (қызғылтсары хатқалта):
Дид/ойын «Қай дыбыстан басталған?» – айтылған дыбыстарды ажырату.
-Жарайсыңдар! (Кемпірқосақтың қызғылтсары түсті жолы жанады.)
3 тапсырма (сары хатқалта):
Дид/ойын «Сөздерді буынға бөл» –
-Жарайсыңдар! (Кемпірқосақтың сары түсті жолы жанады.)
4 тапсырма (жасыл хатқалта):
Мнемотаблица бойынша ертегіні құрастыру. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру.
-Жарайсыңдар! Кемпірқосақтың жасыл түсті жолы жанады.
Сергіту сәті:
5 тапсырма (көгілдір хатқалта):
– апта күндеріне байланысты сұрақтақтарға жауап бер
– уақытты бағдарлау
-Балалар, 1 аптада неше күн бар?
апта күндерін атап беріңдерші.
-Бүгін аптаның нешінші күні?
–Ертен қандай күн болады?
-Ал енді уақытты бағдарлауға арналған жұмбақтар жасырамын:
- Ұйқымыздан тұрамыз,
Беті – қолды жуамыз.
Әкемізге ереміз,
Бақшамызға келеміз. (таңертең)
- Біз тәртіпті баламыз,
Сабақты да оқимыз.
Серуенге шығамыз, қыдырамыз
Бұл қай кез деп ойлайсың? (-Күндіз.)
Күн батады қызарып,
Анамызды күтеміз.
Бұл қай кез деп ойлайсың? (кеште)
- «Үйлерде шамдар жанады,
Дем алады бар әлем»,
Барлығы ұйқыға жатады ,
Бұл қай кез деп ойлайсың? (Түнде)
-Жарайсыңдар! Тақтаға қараңдаршы!
6 тапсырма (көк хатқалта):
–1 ден 5-ке дейінгі сандарды тақтада ретімен қойып шығуды ұсынады.
–2, 5, 3 сандарынын көршісін табу.
Қалған балалардан тәрбиеші тура және кері санауды ұсынады.
-Керемет!
Кемпірқосақтың көк түсті жолы жанады.
7 тапсырма (күлгін хатқалта):
-геометриялық пішіндер мен денелер арқылы қеңістікті бағдарлау ( тақтада):
-Ортада не орналасқан? -Ортада дөңгелек
-Дөңгелектің үстінде? –Үстінде үшбұрыш
-Дөңгелектің астында? -Астында сопақша
-Оң жағында? – Оң жағында тіктөртбұрыш
-Сол жағында? – Сол жағында шаршы.
Ойын: «Сыңарын тап, Қарама-қарсы сөздерді ата» (суреттер таратылып беріледі, сыңарын тауып сөздерді айтады)
-Жарайсыңдар!
Кемпірқосақтың күлгін түсті жолы жанады.
Суретші қайтып келіп балаларға алғысын айтады. Сыйлығын беріп, қоштасады.
Рефлексиялық – түзетушілік
-Бізге бүгін қонаққа кім келді?
-Қандай тапсырмалар орындадық?
-Кемпірқосақтың неше түсі болады ?
-Қай жыл мезгілі туралы әңгімелестік?
Балалардың жауаптары.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: берілген тапсырмаларды орындайды
Түсінеді: ойын шарттарын түсінеді
Қолданады: жыл бойы алған білімдерін көрсете алады