Жаңа медиа деген не?

Жаңа медианың ұғымын Мичиган жоғарғы білім беру университетінің профессоры Рассел Нойман жақсы түсіндіріп,былай дейді:

“New media-цифрлық құрылғыларда әрқашан қолжетімді болатын сонымен қатар пайдаланушылардың контентті құрып,таратуында белсенді қатысуын көздейтін бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс жасауының су жаңа жүйесі болып табылады”.

Компьютерлік,сандық технологиялар мен желілік тілдесулерді ұғындыратын жаңа медиа термин. Олардың бұқаралылығы және қол жетімділігі қоғамды компьютерлендірумен және кейінгі цифрлық сауаттылықпен тығыз байланыста.Технологияның қарқынды дамуымен,ғаламтордың пайда болуымен медианың жылдам өзгеруі байқалады.Осы сияқты өзгерістердің нәтижесі конвергентті журналистикаға,конвергентті редакцияларға әкеп соқтырды. Дәстүрлі БАҚ мультимедиаға айналады және өз ісінің барысында түрлі заманауи технологияларды қолданады: сандық кескіндерді өңдеу, әлеуметтік медиа, мессенджерлердегі арналар,ғаламтордағы тікелей эфирлер,лонгридтер,мобильді қосымшалар және басқалар.

Заманауи адамдарға қабылданылатын ақпараттың көптігі қиындық туғызыды.Сол үшін тұтынушының назарын «айғайлап тұратын» тақырыптар қолданылады.Бұндай жолдар геймификация деп аталады.Қазіргі қоғамның минималды күш пен шығындардың арқасында кез-келген форматтағы,жеке басылым шығара алатындығы айқын.

Қазақстанда жаңа медианы таратудың көптеген жолдарын байқауға болады.Соның ішінен мобильді қосымшаларға тоқтала кетсек.Олар:Facebook,Telegram,Instagram,TikTok,ВКонтакте және т.б.Мұнда ірі де кіші де басылымдар материалдар жариялай алады.Бұл қосымшалар өздерінің ыңғайлылығы мен жылдамдығымен ерекшеленеді.Ал бұл ақпаратты тұтынушыға да оны тартушыға да үлкен жәрдем екені сөзсіз.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *