Баяндама Тақырыбы: “ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ-ЖАҢА ЗАМАН ПЕДАГОГИКАСЫ”

Баяндама

Тақырыбы: “ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ-ЖАҢА

                     ЗАМАН ПЕДАГОГИКАСЫ”

 

 Өзіңді өзің тану – рухани өркендеудің түп тамыры
және адамгершілік құндылықтардың негізі.
Сара Алпысқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазіргі педагогика ғылымы тәрбие саласындағы басымдық міндеттердің бірі ретінде жас ұрпақты ғасырлар бойы жинақталған халық даналығының жалпыадамзаттық құндылықтарын меңгерту негізінде тәрбиелеу қажеттігін дәлелдеп отыр. Сондықтан да еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпаққа саналы тәрбие беруде, өмірде баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ерекше мән берген Сара Алпысқызының игі бастамасы білім беру саласына жаңаша бетбұрыс әкелумен бірге «Бөбек» қорының игі істерінің жарасымды жалғасы болып табылады. Дегенмен, жас ұрпаққа әлеуметтік тұрғыда өмір бойы қолдау көрсету мүмкін емес. Сондықтан да баланың өміріне азық болар дұрыс тәрбие, сапалы білім беру заман тала­бынан туындап отырған қажеттілік. Өйткені, бала кез-келген ортада өзін еркін сезіне ме? Жастарымыздың ұялшақ, ынжық, немесе мейрімсіз болуының себептеріне терең үңіліп, оқу-тәрбие ісін жаңаша ізгілендіру мақсатында Сара Алпысқызы 2001 жылы «Өзін-өзі тану» жобасын ұсынды. Ендеше, бұл жоба заманауи білім беру жүйесінің негізіне айналуы тиіс. Осындай ойлар мен тәжірибеден туындаған «Өзін-өзі тану» жобасының басты мақсаты әр адамның қоршаған ортада өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінуіне ықпал етіп, адамның өзін толық іске асыруына өзінің әлеуметтік рөлімен өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, қоғамға қызмет ету әлеуетін көтеруге және әрбір тұлғаның өзіндік ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана білуге үйрету болып табылады. [1]

Тұжырымдамада «Бiлiм берудiң деңгейлерi мен мазмұнында мектепке дейін білім  беру елдiң үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң базалық буыны ретiнде жұмыс iстейдi. Мектепке  дейін білім берудің мақсаты, дүние жағдайларында алынған терең бiлiмнiң кәсiби дағдылардың негiзiнде еркiн бағдарлай бiлуге, өзiн-өзi iске асыруға, қабiлетiн дамытуға және өз бетiнше дұрыс, адамгершiлiк тұрғысынан жауапты шешiмдер кабылдауға қабiлеттi жеке тұлғаны қалыптастыру». Ал, бiлiм берудiң алғашқы сатысы – балабақшада. Бұл жас баланың ақыл-ойының дамуы мен әлеуметтік даярлығын арттырудағы мейлінше қолайлы кезең болып табылады. [2]

Халқымыздың рухани-интеллектуалды мұраларын, мәдени құндылықтарды жаңғыртып, тәрбиеге ұлттық сипат беретін ол-тәрбиеші-педагог емес пе? Тәрбиешіге қоғамда өте үлкен маңыз берген.  Ж. Аймауытов оны дәрігермен ғана салыстырады,тіпті, одан да жоғары қояды: «Адамдық көзбен тереңнен тексерсе, дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық. Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады» – дейді. Тәрбие мәселесін мемлекеттік дәрежеге көтеру қажеттігін жете түсініп: «Тәрбиешіге Отанның келешек өмірін тапсыруға болады, себебі, тәрбие нәтижесінде ақылды адам көбейсе – Отанның күзетшісі, қорғаны», – деп айтқан. [3]

Сондықтан да 5-6 жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту балабақшадағы педогогтардың үлесіне тиіп, ұйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Бүгінгі күні тәрбиеші-педогог мамандарына түпкілікті білім берумен қатар, кәсіби іс-әрекетінің ғылыми негіздерін практикада қолдануға, практикалық біліктілік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде. Ең басты талап баланың бақыты мен тағдырына жауапкершілікпен қарап, дене, физиологиялық, психологиялық даму заңдылықтарын түсіну. Балабақша педагогі өзін жай ғана тәрбиешімін деп қарамай, жалпы мәдениетін және кәсіби біліктілігі мен даярлығын жетілдіру қажет. 5-6 жастағы балалардың психологиялық ерекшелігі қоршаған ортадағы дүниені танып білсем деген қызығушылығы басым болып келеді. Баланың өзіндік iшкі позициясы қалыптасады.  Ол белгілі бip әлеуметік қатынасқа байланысты қажеттілігі. Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, сабақта педогог-тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші-педагог алдында тұрған ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез кұлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау,сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керек. Сондықтан осындай ерекшелігін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жүргізу қажет.

Пәнді үйретуші тәрбиеші-педагог оқу-әдістемелік кешендерін негізге ала отырып, пәннің басты мақсат-міндеттерімен, осы міндеттерді жүзеге асыру мүмкіндіктерімен, оқу мазмұны және оның құрылымдық ерекшеліктерімен, қолданылатын әдіс-тәсілдері және технологияларымен, балалардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыратын ойындар мен жаттығулар жүйесімен, бала білімін бағалаудың ерекшеліктерімен таныс болуы тиіс. Осы ережелерді ескере отырып, біз өз балдырғандарымызды әр түрлі әдіс-тәсілдермен оқытып тәрбиелеудеміз. Олар, мына төмендегі әдіс-тәсілдер:

– балабақша мен  ата-ана арасындағы ынтымақтастық. Себебі, ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық құндылықтарды үйрету – ата-ананың да басты міндеті. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы балабақшаның одақтасы болып саналады. Осы қағидаларды ескере отырып, біздің балабақшада да ата- аналар қауымымен жиналыстар, сауалнамалар, пікіралысу тәрізді іс-шаралар қолға алынған.

– Арнайы ұйымдастырылған оқу-іс әрекеттері: «Өжеттілік-қорқақтық», «Мен кіммін-мен қандаймын», «достық-қастық», «мейірімді-мейірімсіз», т.б

– жәбірлемеудің бастапқы элементтерін болдырмайтын іс-әрекеттер. Олар негізінен 3 бөлімнен тұрады (актуализация-мінездеме; Сезіну-сенсорлық-шығармашылығының айқындалуы; Эмоционалдық күйзелуі-тәртібінде байқалады).

– Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы яғни, бейнероликтер-жағдаяттарды талдау т.с.с. Ендеше біз де осындай әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолданып, қаламыздың педагог-мамандарымен «Достық неден басталады?» – деген тақырыпта шеберлік күнін өткізген болатынбыз. [4]

Әр баланың жеке басы – оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау -бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі. «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Біз үшін бұл бағдарламаны жүзеге асыру басты ролді атқарады.Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра , педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді. Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды. Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. Атақты педагог Сухомлинский: «Бала үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық», деп атап көрсеткен. Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер.  Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. [5]

Қорыта айтқанда, «Өзін-өзі тану» пәні баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейтін жаңа заманның педагогикасы. Ал тәрбиеші-педагог өз кезегінде адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік біліп, халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, өзінің педагогикалық шеберлігін, білімін үздіксіз жетілдіріп, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. [6]

Қолданылған әдебиеттер:

  1. А.С.Сейтақов, Сара Алпысқызы. «Өзін-өзі тану»-өзекті пән.
  2. «Самопознание.KZ » журналы. №15 2013ж.65бет
  3. «Самопознание.KZ » журналы. №19(37) 2013ж.87 бет
  4. В. Г. МАРАЛОВ. ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ ОБРАЗОВАНИЕ. ОСНОВЫ САМОПОЗНАНИЯ И САМОРАЗВИТИЯ. Москва. АСАDЕМА 2004. 57-58 беттер
  5. Ұ.Асылов «Әдептану», 141,142,143 бб
  6. Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова, «Педагогика», 172-173 беттер

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *