БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Жамбыл облысы, Талас ауданы,
Қаратау қаласы
«Үміт» мектеп-интернатының
педагог ұстаз
Шаракулова Шынар Абдуалиевна

Халық педагогикасы – халықтың сан ғасырлық рухани байлығы. Ол халықтық тәрбиенің эмпирикалық білім, білігі мен сана-сезімінің жиынтығы. Онда халықтың бала тәрбиесіндегі сан ғасыр бойы жинақталған озық ой-пікірінің, тәлім-тәрбиесінің тұтас көрінісі қорытылып көпшілік қауымға ұсынылған. Дана халқымыз иманды, еңбекқор, білімді ұрпақ өсіру үшін ауыз әдебиетінің алуан түрлі асылдарын жасады, салт-дәстүрін қалыптастырды. Ақыл мен дарыннан туған ауыз әдебиеті мен ұлттық тәжірибелерден қалыптасқан салт-дәстүрлерді халық педагогикасы дейміз. Ұлы Аристотель «тәлімтәрбиенің негізі – халық тәжірибесінде» деп көрсеткен еді. Қай заманда болмасын, ұрпақ тәрбиесі маңызды мәселе. Халық педагогикасың құрымды бөліктеріне қазақтың ұлттық ойындары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ауызша есеп, т.б ерте заманнан бастап баланың ой-өрісін, зеректігін дамыту үшін тәрбие құралы ретінде қолданылып келеді. Ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің сан ғасырлық тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, ұлттың өзіндік салт- сана мен әдет-ғұрып дәстүр рәсімдерін туғызды. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениетіне, тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық өлшемі белгіленді. Осы арқылы сан ғасырлық дала тұрғындарына қойылатын моральдық талаптары айқындалды. Ол талаптар көшпелі мал шаруашылығын жете игеру, еңбексүйгіштік, қиыншылыққа төзе білу, ел намысын қорғау, жаудан беті қайтпау, сөз асылын қадірлеу, ата салтын бұзбау т.б. Әсіресе ақын, жырау, термешілердің өлең, жыр, дастан, терме, толғауларының мазұнына ой жүгіртсек, ақыл, өсиет, өнегенің тұнып тұрғанын байқаймыз. Олар сол арқылы ненің жақсы, ненің жаман екенін сездіріп, келер ұрпақты неден аулақ, неге ынтық болуға баулып өсіруді мақсат етті. Рухани байлықтың негізі тұлғаның халық педагогикасы туындыларын, халық білімі мен ілімін, салт-дәстүрлерін меңгерту барысында, оның ұлттық реңкін, нақышын сезіну барысында қалыптасады. Нәтижесінде бұның бәрі тұлғаның ұлттық санасының, ұлттық патриоттық, интернационалдық сезімінің дұрыс жетілуіне септігін тигізеді. Халық педагогикасы осы мақсаттарды жүзеге асыруда мынадай міндеттердің шешімін іздестіреді:
•Баланы еңбекке ерте жастан баулу;
•Ақыл-ойын дамыту;
•Танымдық қабілетін жетілдіру;
•Ұлттық санасын, моральдық ерік-жігерін қалыптастыру;
•Денсаулығын сақтауға дағдыландыру;
•Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;
•Ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
•Ата-баба дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, әдебиеті мен мәдениетін меңгерту;
•Көркемдік-эстетикалық талғамын дамыту;
•Шыққан тегін, руын, жеті атасын үйрету және т.б Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Оқушыларды рухани — адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа — адамгершілік — рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата — ана үлгісі», — деп Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз — өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Бiлiм негiзi бастауыш мектепте қалыптасады деп айтылады, ал мен мектепалды даярлық топтан деп айтар едім, яғни осы кезеңнен бастап, балаға тиiстi көңiл бөлу керек екенiн заман талабы, тәрбие кепiлi деп түсiнуiмiз керек. Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады» деген. Ал, руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Мектепалды даярлық топқа келген балалар үйренгенше өздерін әртүрлі ұстайды. Біреулері жаңа жағдайға тез бейімделеді, ал кейбіреулері бейімделе алмайды, енді біреулері қорқақтық танытады, қайсарлық пен қарсылыққа баратындары немесе енді біреулері үлкендерге айқайлап, жылап, ашуланып қайткенде де өзінің дегендігін орындатқысы келетіндері де бар. Мұндай жағдай баланың отбасында алған тәрбиесіне байланысты. Бір бала тым ерке болса, екіншісі орынсыз тыйымнан, жазалаудан жасық болып қалған үйдегі ересектердің балаға әрқайсысы әртүрлі талап қою әсерінен де оның мінезі құбылмалы күй кешеді. Бүгінгі таңда бес – алты жасар балаларды мектепке даярлау мәселелері ата – аналар мен ұстаздар қауымын ерекше толғандырады. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан — жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Рухани — адамгершілік тәрбие — екі жақты процесс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Адамның адамгершiлiгi — оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Адамгершiлiгi мол адам — басқаларға қашан да үлгi-өнеге. Рухани — адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы баланың қоғамда өз орнын табуына, қабілет — дарынының ашыла түсуіне, ақыл — парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар – мектеп және отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім — тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары сөзсіз. Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан — жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, ұстаздардың, барша халықтың міндеті. Адамгершiлiк мәдениеті адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк — адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама-қарсы, терiс қарым-қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр-бiрiмен 18 араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қалыптасады.Қорыта келгенде, уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім, саналы ұрпақ болады» деген данышпан халқымыздың дана сөздерінен дән іздеу керек. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, әрбір ұстаз ойын элементтерін сынып оқушыларының деңгейіне қарай таңдап ала білсек, қолдана білсек үлкен нәтижеге жетуге болады . Біздің өткізген сабағымыз оқушыларға қызықты болып оларды жалықтырмауы қажет. Қызықтырар ұстаз болса, қызықпайтын шәкірт жоқ деп сөзімді аяқтағым келеді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *