Б.Қозекеевтің «Құстар келді» өлеңі, «Құстың ұясы»

Павлодар облысының білім беру басқармасы,Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің “Приреченск жалпы орта білім беру мектебі”коммуналдық мемлекеттік мекемесінің “Қарлығаш “шағын орталығы
Тәрбиеші: Жайнагул Мундуинова

 

Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық».

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет, Мүсіндеу.

Тақырыбы: Б.Қозекеевтің «Құстар келді» өлеңі, «Құстың ұясы».

Мақсаты: Өлеңді оқып беріп, мағынасын түсіндіру, құстарға қамқор болуға, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, тыңдап түсіну дағдыларын қалыптастыру. Шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Домалатылған пішінді шаншу, жалпақтау тәсілімен ұяны мүсіндеуді үйрету.

Қажетті құрал- жабдықтар, көрнекіліктер: «Құстарды қарсы аламыз» сюжеттік суреті, үлгі, ермексаз, тақтайша, таяқша, сүрткіш.

Әдіс- тәсілдер: шаттық шеңбері, жұмбақ жасыру, әңгімелеу, сұрақ- жауап, жасап көрсету, түсіндіру, үлгі.

Сөздік жұмыс: құс, ұя, қарлығаш, торғай, балапан, жұмыртқа.

Билингвалды компонент: құс- птица, ұя- гнездо, қарлығаш- ласточка.

Әрекет кезеңі        Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызға құрметпен,

Бас иеміз біз.

–          Балалар, көңіл күйлерің қалай?

Жарайды, ендеше осы керемет көңіл күймен бүгінгі оқу іс- әрекетімізді бастайық.

–          Балалар, бүгінгі оқу іс- әрекетіміздің тақырыбын білгілерің келе ме?

Ендеше жұмбақ шешейік.

Көктемде ұшып келеді,

Жаздай концерт береді.

 

Өз атын өзі шақырады,

Сөйтіп күнді батырады.

Айтайықшы көкек,көкек

Тұмсымығымен ояды,

Ағаш құртын жояды.

 

Құстардың суреті шығады.

-Балалар, тақырыбымыз не жайында екен?

Компютерден құстар суретін көрсетіп таныстырады.

 

Шеңберге тұрып қимылмен көрсетеді.

 

Керемет

 

 

 

Білгіміз келеді.

 

 

 

 

Бұлбұл.

 

 

Көкек

Көкек,көкек.

 

Тоқылдақ

 

 

Құстар туралы.

Ұйымдастырушы-іэденістік. -Балалар, сендер қандай құстарды білесіңдер?

 

Енді осы құстарды екі тілде айтайықшы.

Қарлығаш-ласточка, тотыққс-папугай, аққу-лебедь, ұя-гнездо.

Құстар- табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып жібереді, адамдардың көңіл- күйлерін көтереді. Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді, балапандарын қанаттандырып, жауларынан қорғайды. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды.құстардыңда өз ұялары болады.

Әр құстың ұяларымен таныстырып өтеді.

Тентек бала кіріп келіп, қолындағы рагаткасымен құстың ұясын атып жіберіп бұзып тастайды.

Топта отырған Қарлығаш құс жылап жібереді. Менің ұямды бұзып тастады. Мен балапандарыммен енді қайда барып паналаймын?

Тәрбиеші: Қарлығаш сен жылама. Балалар, мына тентек баланың әрекеті дұрыс па?

 

Тентек бала сенің бұл қылығың дұрыс болмады. Сен құсты ұясынан айырдың, жылатып қойдың. Жасаған әрекетіңнің дұрыс еместігіне біздің ұйымдастырылған оқу іс- әрекетімізде көз жеткізетін боласың.

-Балалар, жылап қалған Қарлығаштың ұясын жасап беруге көмектесеміз бе?

Олай болса Тентек бала, Қарлығаш бізбен бірге болып, балалардың жұмысын тамашалаңдар.

Балаларға  Б.Қозекеевтің «Құстар келді » өлеңін оқып беріп, мазмұнын түсіндіріп өтеді.

Балалар, біз бүгін үш  белсенділік орталықтарында жұмыс жасаймыз.

Әдебиет орталығы.

Тақырыбы: «Құстар келді».

Мақсаты: Балаларға «Құстар келді» өлеңін оқып беріп, мағынасын түсіндіру, сөздік қорларын байыту. Дидактикалық ойын: «Құстың ұясын тап?».

 

Өнер орталығы:

Тақырыбы: «Құстың ұясы».

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ермексаздан ұя мүсіндеуді үйрету. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Үстел-үсті ойын орталығы:

 Тақырыбы: «Табиғат»

Мақсаты: Көктемгі әсем табиғат көрінісін фланель тақта бетіне орналастыру. Ұшқан құс, көлдегі құстарды орналастыруларын қалыптастыру.

Би терапиясы.

«Шөжелерім» әніне би қимылын жасап сергіп алу.

 

Екінші ауысымдық жұмыстары.

 

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Құс болып қанат қағайық,

Орнымызды табайық.

 

 Аққу, көгершін, торғай, тотықұс, , т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дұрыс емес. Құстың ұясын бұзуға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қуана, көмектесуге келіседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар өлеңмен танысады, құстарды өз ұяларына орналастырады.

 

 

 

Балалар қызыға отырып ермексаздан ұя мүсіндейді.

 

 

 

 

Фланел тақта бетіне табиғат көрінісін орналастырады.

 

Әннің мазмұнына сәйкес құстар қимылын салып билейді.

 

 

Балалар сергіп алады.

 

 

Рефлексифті- түзетушілік. Дидактикалық ойын: «Ненің дауысы?»

Мақсаты: Балалардың аңғарымпаздығын қалыптастыра отырып, құстардың дауысын дұрыс таба білуге үйрету.

Балалардан сұрақ-жауап арқылы қандай орталықтарда, қандай жұмыстар жасағандары жайында әңгімелесу. Б.Қозекеев атамыздың өлеңін қайталап сұрау. Тентек бала мен қарлығаш құспен қоштасу.

 

Балаларды оқу іс-әрекетне өте жақсы қатысқандары үшін бағалап, мадақтау.

 

 

Қандай құстың дауысын естігендерін айтады.

Балалар тәрбиешінің сұрақтарына дұрыс жауап беріп отырады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Құстарды аялап, қорғау керектігін.

Игереді: Берілген тапсырмаларды тиянақты орындау керектігін.

Меңгереді:  Құстар зиянкес жәндіктерден табиғатты қорғайтынын.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *