Технолгиялық карта

Мелисова Гүлзара Романқызы

03.05.2019 ж.Жұма

Білім саласы:  Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Халықтар достығы»өлең. Е.Елубаев

Мақсаты: Балаларды достыққа,татулыққа,бауырмашыл болып өсуге тәрбиелеу.

Баланың айналаны,өзін тануына,бағалауға,құрметтеуге,ренжітпеуге,досының айтқанын аяғына дейін тыңдауға тәрбиелеу

Көрнекілігі:   Суреттер.Шар

Әдіс-тәсілі: жылулық шеңбер,әңгімелесу, сұрақ –жауап,өлең оқу,мақал-мәтел, қорытынды

Билингвалды компонент:   дос-друг

 

Қызмет түрі Тәрбиеші қызметі Балалардың қызметі

 

Ой қозғаушы  іс-әрекеті Жылулық шеңбері.

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан.

 

Бір-біріне қуаныш сыйлау

Ізденуші ұйымдастырушы Суретпен жұмыс:

-Балалар,суреттен не көріп тұрсыңдар?

-кәне,осы суретке қарап әңгіме құрастырайық.

-ал сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?

-Достық дегеніміз-екі адамның арасындағы сыйластық.Ендеше,балалар,бір-біріңе адал,қамқор,тату дос болу керек. Қазірге  оқылатын әңгіме «Үш жолдас»деп аталады.Әңгіме желісін,мазмұнын айту.

Сергіту сәті.

Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкенін,жақсысын

Досымызға сыйлайық.

Сұрақ-жауап

-Әңгімеде не жайында айтылған?

-Шынайы дос қандай болуы керек?

«Достық» туралы мақал-мәтел айту.

1.Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

2.Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

3.Достық –татулық белгісі.

 

Тәрбиеші мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіреді.

 

-Жарайсыңдар,балалар сендер бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар.Сендерге,рахмет!

Балалардың жауабы

 

 

 

 

 

 

Әңгімені тыңдайды

 

 

 

 

Өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды

 

 

 

Дос туралы

Адал,шыншыл

 

 

Балалар тәрбиешімен

бірге қайталайды

 

Балалар мұқият тыңдайды

 

 

Жетекші жөндеуші «Менің досым» ойыны.допты лақтырып,қағып алған баладан тәрбиеші достық туралы мақал-мәтел сұрайды. Ойын ойналады

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Достық  қатынасты бағалай білудіТүсінеді:  Адал дос болуды,досты сыйлауды

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *