БАЛАБАҚШАДА ҚОЛДАНУҒА ТИІМДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ӘДІСТЕР
Тәжімаханова Мөлдір Абайқызы
бала – ертеңгі жаңа әлем. Сондықтан оған жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс
Бүгінгі бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім
стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарында
педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда мектепке дейінгі ересек жаста, бала тәжірибесі мен
әлеуметтік жағдайлар негізінде сөйлеу іс-әрекетін, мемлекеттік тілді меңгеруге, сурет,
иллюстрациялар бойынша, өз тәжірибесінен сұлбалар бойынша әңгімелеуді, әңгімелер мен
ертегілердің мазмұнын айта білуін ұйымдастыруға, шығармашылық (ертегілер құрастыру, сөздік
ойындар), танымдық, сөйлеу, іс-әрекеттерді біріктіруді, тәрбиешімен баланың өзара іс-әрекетінің
түрлі үлгілерін қолдануға талаптар қояды..
Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды,
қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру
стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті
ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа
педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде
инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді,
құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар
1.Денсаулық сақтау технологиясы
2.Жобалы-іс шығармашылық технологиясы
3.Зайцев технологиясы
4. Ойын технологиясы
5.Ақпараттық қатынастық технология
6.Триз технологиясы
7.Дамыта оқыту технологиясы
Денсаулық сақтау технологиясы
Баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту ұйымдары баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес
қосады. Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясы мына төмендегілермен тығыз байланыста
болады:
-Мектепке дейінгі мекемелермен;
-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы;
-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы;
-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар;
-Педагогтың кәсібі құзіреттілігі;
-Балалардың денсаулық көрсетілімі.
Денсаулық – адамның табиғаттан алатын бірден-бір бағалы сыйлығы. Оны шыңдау үшін, әр
адам өзінің ағзасын шамасынша шынықтырып, салауатты өмір сүруге ұмтылуға тиіс. Бұл ұмтылыс
жас шағынан басталғаны өте дұрыс екенін өмірден байқауға болады.Денсаулық сақтау
технологиясының мақсаттарына жету- дене шынықтыру сабақтары, денені сауықтыру жұмыстары,
түрлі гимнастика, сергіту сәттері, түскі ұйқыдан кейінгі шынықтыру жаттығулары, ойындар арқылы
іске асырылады.
Жобалы-іс шығармашылық технологиясы
Балабақшада баламен педагог бірлесіп жүргізеді.
Яғни баланы тәрбиешімен бірге ізденуге,проблемелық іс-әрекетті жасай білуге үйрету, танымдық
және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
[13:47, 13.05.2022] Мөлдір сад: Балалардың белсенділігін арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала
материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін
қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады.
Жобалар бөлінеді:
Қатысушылар санына қарай : жеке,екі адам, топпен.
Ұзақтығына қарай: қысқа мерзім,орта және ұзақ мерзімдік.
Әдіс түрлері: шығармашылық, ойын, зерттеу, хабарлама.
Тақырып бойынша: баланың отбасын қатыстыру, табиғат, қоғам т.б
Зайцев технологиясы
Зайцев технологиясы бойынша оқыту бұл ойын арқылы оқыту.Технологияның негізгі мақсаттары:
– Мектепке дейінгі жастағы баланы санауға, оқуға үйрету;
– Балаларға оқыту мен санаудың қатар жүргізілуі арқылы дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
-Өлең айту арқылы оқыту;
– Балаларды оқу арқылы жазуға үйрету;
– Көрнекіліктерді кеңінен пайдалану;
– Баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауы
Ойын арқылы оқыту технологиясы
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық,
әлеуметтендірушілік мақсатқа жету.
Ойын технологиясының ерекшелігі: ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың
өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық
қасиеттерін аша түсуді көздейді.Ойын — балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені
танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын
үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Ақпараттық қатынастық технологиясы
Ата аналарының өскен ортасынан заманауи бала түбегейлі бөлініп тұрады (қазіргі кездегі
компьютерлерді қолдану технологиясы). Қоғамдық ақпарат педагогтар мен балалар алдында
мынандай міндеттер қояды.
Міндеттері: — Жаңа заманға қадам басу;
— Жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу;
— Компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау;
— Ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру;
— Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
ТРИЗ технологиясы
ТРИЗ — дің мақсаты — тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп
жүйелі ойлауға, өзін — өзі тануға,
қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу
болып табылады.
Тризшылардың ұраны — “Барлығын айтуға болады!” Балалық шақтағы ТРИЗ-баланың ойлау
процесімен, тілі, қиялы, есте сақтау қабілеті, зейінінің белсенді және бірлесіп дамуды тұспалдайтын
ТРИЗ элементтерін және шығармашылық қиялды дамыту әдістері мен компьютерлік үйрету
бағдарламаларын қолдану арқылы қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтетін, игерген біліммен
білікті өзіндік әрекет кезінде, көркем әдебиет, тілдік, ойын зерттеу, қатынас т.б әрекетте қолданатын
адамның ойлауын дамытып тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі.
ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г.С.Альтшулер ойлап тапқан. Мектепке
дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды
орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның
қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.
Дамыта оқыту технологиясы
Негізін салушылар мен зерттеушілер: В.Давыдов, В.Занков, В.Эльконин, П.Эрдниев
Мақсаты: Баланың жалпы жан дүниесін және оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауын дамыту.
Сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен