Ашық сабақ “Дос болайық”
Күні:
Білімберу саласы: «Әлеумет»
Бөлімдері: Өзін өзі тану.
Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»
Мақсаты: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру, жаңа материалды көрнекіліктер арқылы түсіндіру, сұрақтарға жауап алу, сөйлемдерді аударту, сөздікдерді қайталау, суретпен жұмыс орындату, орысшадан-қазақшаға аударту;
Дамытушылығы: Достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету. Балалардың ауыз екі сөйлеу тілін, көру, есту, есте сақтау, ойлану қабілеттерін жан-жақты дамыту;
Тәрбиелігі: Адал дос, достаса білуге, адамгершілікке, сыйластыққа,үлкенді сыйлай білуге, үйретіп тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату, аударма өзара сөйлестіру әдістері қорытындылау.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: тақырыпқа сай суреттер, ертегі кейіпкерлері, қорапшалар, слайд.
Блингвалды компонент: Дос — друг. Достық — Дружба
Ә/К | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті | ||
Мотивациялық козғаушы | Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің оқу қызметіне қонақтар келді. Бүгін қандай керемет күн. Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді «Дос болайық бәріміз» атты шаттық шеңберіне шақырамын.
— Балалар біз барлығымыз шеңберге тұрдық, біздің шеңберіміз қандай тамаша! Бізді достық пен сүйіспеншілікке шақыратындай. Бір шаңырақ астында, Тату тәті тұрамыз. Бірге ішеміз асты да, Бірге сайран құрамыз. Әрқашан дос біргеміз.
Бүгін аптаның қай күні? Қалай айтуға болады? бүгін,ертең,бірсүгіні,арғы күн,қасиеті күн,соңғы күн,азына. «Нұрға бөлену»
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Бүгін Кеше ертең |
||
Іздену ұйымдастырушы | Әңгімелесу (жаңа сабақ)
Балалар бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы «Дос болайық бәріміз» — деп аталады. Таңғажайып сәт: .-Есік қағылады. Қонаққа Дымбілмес кіреді.Дымбілмес: -Сәлеметсіңдер ме, балалар? -Сендер мені таныдыңдар ма? -Иә, балалар мен Дымбілмеспін. -Балалар мен гүлдер әлемінде тұрамын. Мен сендерге келе жатып, бір допты көріп, қуанып қолыма алып едім, бір бала келіп бұл менің досымның добы-деп алып қойды. -Балалар, дос деген кім? -Дымбілмес сен жақсы келдің. Біз бүгін «Достық» жайында әңгімелесіп жатыр едік. -Балалар,айтыңдаршы. Достықты қалай түсінесіңдер? -Дұрыс айтасыңдар, -Біздің балалар достық туралы көптеген тақпақтар мақал-мәтелдер біледі.
Шығармашылық жұмыс. Қолдар. Ән: «Дос болайық бәріміз» |
қолымен шақырады
қолдарынан ұстайды
айналады
қолдарын көкке созады
құшақтасады Дымбілмес Кәусар Дос дегеніміз екі адамның бір біріне деген қарым қатынасы. Дос деген қиналғанда жанынан табылатын жанашыр жан. Нұрислам Дөңгелене тұрамыз тұрамыз Керегені құрамыз Уықтар боп иіліп Шаңыраққа киіліп Достық үйін құрамыз Раян Біз балдырған баламыз Досты көп табамыз Қашан да қайда да Біз бірге боламыз Адия Қыздырынып күнге біз Ән саламыз күнде біз Балдай тәтті достармыз Біз қашанда біргеміз Айзере Достығымыз берік боп Бекітейік беріп қол Қуанышты күндерде Қандай жақсы дос болған Айкөркем Ауыр сөз айтқан дос емес Ажар Айырмастай досыңа Қайырылмастай сөз айтпа Аия МЕНІҢ досымның ең адал шынайы болғанын қалаймын. Исмоил Досы көпті жау алмайды Ақылы көпті дау алмайды Улгзод Дос ақылыңа қарайды Дұшпан киіміңе қарайды Нұрахмет Жақсы мен дос болсаң жетерсің мұратқа Жаман мен дос болсаң қаласың ұятқа Алихан: Досыңа бол адал жан, Бірдей бөліс сынақты. Бір нүктеге қадалған екі көзің сияқты. Анель: Екі деген –екі дос, Бірін –бірі сыйлайтын. Артық кемді етпей сөз. Бірін бірі сыйлайтын.
Балалар ертегіні сахналады.
Ойынды қызығып ойнады. Шығармашылық жұмысқа белсене қатысып,әнді айтты. |
||
Рефлекcті
к\шы |
Сұрақ-жауап.
-Бүгін біз достар туралы әңгімелестік.Достарымызға үнемі жақсы,жылы сөздер айту керектігін үйрендік.Достықты тек сөздер арқылы ғана емес жақсы істер арқылы табуға болады.Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі.Достықтарың ұзақ, тұрақты болу үшін бір-бірлеріңе көмектесіп, адал болуларың керек.Сонда ғана достықтарың берік болады. |
Балалар сұрақтарға жауап берді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: достықты,татулықты,бауырмашыл болып өсуді;
Қандай түсініктерді игереді: сұрақ-жауап арқылы әңгімелеуді, ертегі желісін.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: достықты қадірлей білуді; Досына қиянат жасамауға үйренеді.