“Жер-Ананы жасыл етіп сақтайық!”

Нургустинова Индира Абайдилдаевна

Мақсаты:  табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын,өсімдіктерге
сүйіспеншілікпен және қаморлықпен қарауға тәрбиелеу.
Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін қалыптастыру.
Көрнекілік: бөлме гүлдері, гүл қопсытқыш, табиғаттың суреті. Дидактикалық ойын : « Игровизор тренажермен
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, әңгімелеу
Шаттық шеңбер:
Шеңберге тұрайық
Дөңгеленіп тұрайық
Күннен жылу алайық
Амандасып достармен
Жақсы көңіл сыйлайық
(Педагог балалардың назарын естілген дыбысқа аударады)
Педагог: – Балалар біреу есік қаққандай болды ма?
Кім болды екен?
(Педагог біреудің келгенін айтып, есікті ашып көріп хат келгенін айтады)
Педагог: – Балалар хатты кім әкелді деп ойлайсыңдар?
(Балалар өз ойларымен бөліседі)
Педагог: – Дұрыс айтасыңдар. Хатты хат тасушы апай алып келді.
Педагог балаларға әдемі қорапшаны көрсетіп, хатты оқып береді.
-Балалар хатта жазылыпты балалар менім сұрағыма жауап берсе, сонда ғана сиқырлы  қорапша ашылады екен. Әуелі сиқырлы қорапшаны ашпас бұрын сұраққа жауап берейікші, сонда бізге жіберген хатын иесін табамыз және сиқырлы қорапша ашылады.
– Жер ана деген сөзді қалай түсінесіндер? (Балалардын жауабы тыңдалады )
– Балалар, жерді –Ана деп атайтын себебіміз, жерде біз өмір сүреміз.Яғни жерде аяғымызды басып жүрміз.
(Балалардың көңілін сиқырлы қорапшаға аудару)
(Сиқырлы қорапша ашылады ішінен құм,тас, су шығады)
Сұрақ – жауап:
– Тірі табиғатқа не жатады?
– ағаш, гүл, шөп, т. б олар өздігінен өседі.
– Өлі табиғатқа деп нелерді айтамыз?
– су, тас, құм жатады. Олар өспейді, дем алмайды, денесінде жаны жоқ.
(Балалардын жауабы тыңдалады)
– Дұрыс айтасыңдар!
Балалар біздер тәртіпті балалармыз. Табиғатты қорғау біздің міндетіміз.
-Гүл болмаса табиғатымыз әдемі болмайды
Бау – бақшада және өсіп тұрған ағаштар мен гүлдерге қомқорлық жасау керек.
Т: балалар гүлдер не үшін керек?
Б: Бөлменің ауасын тазартады, біздердің көңіл – күйлерімізді көтеру үшін, біз гүлдерге қарап қуанамыз, әдемілік үшін қажет.
Т: Енді  гүлді қалай отырғызу керектігін  үйренеміз. Барлығымыз мұқият қарап отырыңдар. Бөлме гүлін отырғызамыз
Құнарлы қара топырақ толтырылған гүлдің құтысын   кішкене тереңірекетіп қазып гүлдің көшетінтамырын үзіп алмай кішкене ыдыска саламыз.
Түбіне су құямыз
Түбін жақсылап топырақпен нығыздап басамыз үстіне тағы су құямыз
Міне, гүлімізді отырғыздық гүліміз әдемі болып ,өсу үшін тағы су құямыз.
Ал балалар сендер шаршаған шығарсыңдар ,дем алып алайық.
Сергіту сәті: Әуенмен қимылдармен
В.Воскобовичтің «Игровизор» тренажер ойыны
Дидактикалық ойын : «Қоқыс жәшігіне қалдықтарды бөліп жинайық»
Шарты: « Игровизор тренажермен сызба бойынша әртүрлі қалдықтар салатын қоқыс жәшікке бөліп жинау
Жарайсыңдар,балалар. Сендер табиғатты қорғау білесіңдер солай ма?
Балалар,сендер табиғат туралы тиым сөздерді білесіндер ме?
«Жасыл әлемді сақтайық»
Әр бала табиғат түрлерін плакатқа жапсырып , табиғат көрінісін бейнелейтін тыйым сөздерді айту керек.
Гүлді жұлуға болмайды.
Ағашты кесуге болмайды, ол бізге таза ауа береді
Суды ластауға болмайды, өмір жоқ
Күнімізді бұлт баспасын,
Көбелекті өлтірмеңдер, ол- әдеміліктің белгісі
Құсты атуға болмайды, құс адамның досы
жасыл  шөпті жұлуға болмайды , ол жерімізге көрік беріп тұрады
Аңдарды қорғауымыз керек , ол- біздің байлығымыз
Қорытынды: Сұрақ –жауап арқылы
– Балалар, біз бүгін не туралы айтық?
– Ал балалар, бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?
Балаларды жасаған жұмыстарына қарай мақтау, мадақтау
Балалар сұраққа жауап береді.
Балалардың жауаптары тыңдалады
Т: Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.
Кәне барлығымыз тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Көріскенше күн жақсы,
Жасыл әлемді сақтайық.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *