Аудан. Шамалар
Бөлім: | Аудан. Шамалар | |
Мұғалімнің аты-жөні | Муканова Лаура Талгатовна | |
Күні: | 15.12.2021ж | |
Сынып: 3 | Қатысушылар саны:16 | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Көбейтудің үлестірімділік қасиеті | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 3.1.2.3** көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану | |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: көбейтудің үлестірімділік қасиеттін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдана алады.
Көптеген оқушылар: қосындыны санға көбейтуді бірнеше тәсілмен орындай алады. Кейбір оқушылар: тақырыпқа сай тапсырмалар құрастыра алады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру,
өзін – өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру
5 мин |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында жаттығулар жасайды.
Өткен білімді еске түсіру: Үйге берілген оқу тапсырмасын тексеру. 2,3-тапсырма 70-бет Жаңа тақырыпты ашу «Сұрақ-жауап» әдісімен өтеді: -Біз өткен сабақта қандай тапсырмалар орындадық? -Дөңгелек сандарды қалай көбейтіп, бөлеміз? Бір-бір мысал жазып, мәнін табыңдар. -Келтірген мысалдағы сандардың орнын ауыстырып көбейтіңдер. -Біз көбейтудің қандай заңы еді? -Иә, көбейтудің орын ауыстырымдылық заңы. -Ал бүгінгі сабағымызда көбейтудің үлестірімділік заңы үйренетін боламыз. |
Ширату жаттығуын жасайды.
Тапсырманы тексертеді.
Сұрақтарға жауап береді. -Тақырыпты ашады. |
Оқу тапсырмасын орындаған, сұрақтарға жауап берген оқушыны «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау. |
|
Жаңа білім
15 мин
2 мин
Бекіту 13 мин
|
1- тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асады.
1) Гүлбақтағы алаң гүлзармен безендірілген. Бағбанға гүлбақта қанша гүлзар бар екенін санап шығу керек. Сызбаға қара. Әр жағдайда есептеудің қалай орындалғанын түсіндір. 2) Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен қалай тапқаныңды түсіндір. Р=(3+5)*2=16 (см) Р=3*2+5*2=6+10=16(см) 3) Есепте. (20+30)*5=50*5=250 (5+4)*70=630 (70+20)*4=90*4=360 (3+4)*30=210 (20+10)*6=30*6=180 (20+10)*8=240 (40+30)*2=70*2=140 (5+3)*10=80 Саралау тәсілі: «Тапсырма» арқылы жүзеге асады Кейбір оқушыға: – Тақырыпқа сай тапсырмалар құрастыр.
Сергіту сәті 2- тапсырма дәптермен жұмыс. 4) Гүлзарлардың периметрін әртүрлі тәсілмен тап. Р1=(4+6)*2=20 (см) Р1=4*2+6*2=8+12=20(см) Р2=(10+20)*2=60 (м) Р2=10*2+20*2=20+40=60(м) 6) Тіктөртбұрыштың периметрі-20см, ал ұзындығы -6см. Тіктөртбұрыштың енін тап. АВ=20:2-6=4(см) Ж: Тіктөртбұрыштың ені 4см. 7) Біздің мектептегі әр оқушы бір ағаштан отырғызды. Оушылардың жартысы қайың, ширек бөлігі жөке, қалғандары үйеңкі отырғызды. Мектепте 800 оқушы бар. Неше бала қайың, нешеуі жөке, нешеуі үйеңкі отырғызды? Қайың-?, ½ бөлігі Жөке-?, ¼ бөлігі 800 Үйеңкі-?, қалған бөлігі Ш: 800:2=400(қайың) 800:4=200(жөке) 800-400-200=200 (үйеңкі) Ж: 400 бала қайың, 200 жөке, 200 үйеңкі отырғызды. |
Тапсырмаларорындайды.
Билеп сергиді.
Тапсырма орындайды. |
Дескриптор:
Сызбадағы есептеудің қалай орындалғанын түсіндіреді-1 балл. Тіктөртбұрыш-тың периметрін әртүрлі тәсілмен табуды түсіндіреді-2 балл. – Өрнектердің мәнін көбейтудің үлестірімділік заңын пайдаланып есептейді-2балл.
Дескриптор: Гүлзарлардың периметрін әртүрлі тәсілмен табады-1балл. Тіктөртбұрыштың периметрі арқылы енін табады-2балл. Есептің шартын жазады, шешуін, жауабын табады-2балл. |
Оқулық, дәптер
Оқулық, дәптер,
|
Кері байланыс
5 мин |
Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша өтеді.
Оқу тапсырмасы: 5-тапсырма 72-бет |
Кері байланыс жасайды. | ҚБ қойылады. |