Ата – аналармен тренинг Тақырыбы: «Аялы алақан»
Ата – аналармен тренинг
Тақырыбы: «Аялы алақан»
Мақсаты: Ата—ананың баласына қаншалықты мейірім, уақыт бөлетінін анықтау, әр кезде уақыт тауып, мейірімділік көрсетуге баулу. Жақын араласу
Барысы: Ата – аналар шеңбер жасай тұрады.
- Сәлемдесу Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір – бірімізбен дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.
1 нұсқа. Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей қарайық
2 нұсқа. Бір – бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.
3 нұсқа. Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу. Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыздар? Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала , жанұя, отағасы, т.б.)
ІІ. Доппен жаттығу. Бала сіз үшін кім? Допты бір-біріне ұсынып сұраққа жауап беру. Бала – болашағым, серігім, бақытым, өмірімнің жалғасы т.б.
ІІІ. «Өзіңді теңей біл» Әркім өзін бір затқа немесе бір табиғат құбылысына теңейік. Мысалы: Мен бұлақпын. Мен адамдарды, жануарларды қоректендіремін. Мен өмірге керекпін.
ІҮ. «Сиқырлы қоржын» Ойлауға арналған сұрақтар. Әр адам қоржыннан аяқталмаған сөйлемі бар үлестірмелер алады да өз сөздерімен сөйлемді аяқтайды.
- Ең үлкен қорқыныш бұл – ….
- Мен мынадай адамдарға сенбеймін…..
- Мен ренжимін, егер….
- Мен қуаныштымын, себебі…..
- Баланы үнемі қолдап отырса…..
- Мен үшін бақыт деген…..
- Отбасының қорғаны кім?
- Балаңыз сізге қасқыр мен түлкі туралы ертегі айтып беруін өтінді, сіздің әрекетіңіз 9. Мақалды жалғастыр. Бала жас шыбық… (қалай исең, солай иіледі)
- Ана бауырындағы бұлақ…. (бала жағасындағы құрақ)
- Балаңыздың қандай да бір іске өнері, қызығушылығы байқалсы не істер едіңіз? 12. Сіздің балаңыз сізге түн неге қараңғы? Күн қайда кетті ? деген сұрақтар қойса, қалай жауап берер едіңіз
- Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?
- Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс – әрекетіңіз.
“Аялы алақан” ойыны Ата—ананың баласына қаншалықты мейірім, уақыт бөлетінін анықтау, әр кезде уақыт тауып, мейірімділік көрсетуге баулу. ата-ананы балаларымен ортаға шақырамыз. (Ата — аналардың көздері байлаулы өз баласын қолынан танып алу керек)
- Балаңызды қалай таныдыңыз?
- Балаңызды тани алмаймын —ау деген қорқыныш болды ма?
- Балаңызды тани алмаған кезде қандай сезімде болдыңыз?
- Балаңызды қолынан ұстап танитыныңызға сенімді болдыңыз ба?
Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді.
Өсиет әңгіме. Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі. Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.
— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.
Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес
ҮІ. «Майшам» «Тілек шамын» жағамын. Бұл шамды жаққан себебім әрқашан алдарыңыз осы жарық шырақ секілді ашық, жарық болсын, оттарыңыз сөнбесін деймін. Бір – біріне тілек айту. Құрметті ата – аналар бала тәрбиесі ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Олай болса отбасында балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге атсалысайық.