жылдық жоспар
«Бекітемін»
«Бөбек бөбекжайы»
ЖБҚ МКҚК директоры м.а
____________ Г.О.Даулбаева
«______» _________2021жыл
2021-2022 оқу жылына арналған Дефектолог маманының жылдық жұмыс жоспары
Дефектолог: Қ.О.Жанакова
Бейнеу селосы
2021жыл
Мақсаты:
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға диагнозы бойынша топқа бөлу және жеке түзете-дамыту сабақтарын тиімді әдіс-тәсілдермен ұйымдастыру, дефектологиялық көмек көрсету, әлеуметтік бейімдеу.
Міндеттері:
- Көру қабілеті бұзылған, есту қабілеті бұзылған, сөйлеу тілінің бұзылыстары бар, сөйлеу тілінің дамуы тежелген, тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылысы бар, зерде бұзылыстары бар, психикалық дамуы тежелген, эмоциялық-ерік әрекетінде және мінез-құлқында бұзылыстары бар балаларға, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында түзету-педагогикалық көмек болмаған жағдайда, Түзеу және инклюзивті білім беру кабинетіне білім алушыларға психологиялық-педагогикалық түзету көмегін көрсетеді.
- Баланың мәселелерін мамандардың пәнаралық командасының кешенді түрде зерттеуі, сонымен қоса баланың психологиялық, түзете-педагогикалық және әлеуметтік көмекке деген мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін командалық бағалау арқылы анықтау;
- Баланың дамуының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, жеке дамыту бағдарламасын әзірлеу және құрастыру;
- Жеке, шағын топ және топтық сабақтар түрінде түзете-дамыту сабақтарын жүргізу;
- Отбасы жағдайында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар және мүгедек балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарына кеңес беру және оқыту;
- Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау барысында мекемелердің педагогтеріне көмек көрсету;
- Баланың жалпы және ұсақ моторикасын дамыту;
- Өз білімдерін жетілдіру және өзара тәжірибе алмасуды ұйымдастыру;
- Республикалық, облыстық, қалалық және мекеме деңгейіндегі семинар, конференция, педагогикалық оқулар мен тамыз маслихаттарының секция жұмыстарына қатысу;
Бағыты:
- ЕБҚ балаларды диагностикалау
- Ой – өрісін, зейінін дамыту
- Өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру
- Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету
2021-2022 оқу жылына арналған Дефектолог маманының жылдық жұмыс жоспары
І.Арнайы түзете-дамыту ортасын ұйымдастыру жұмыстары | ||||||||||
№ | Жұмыстың мазмұны | Уақыты | Жұмыстың өткізілу мақсаты | Орындалу түрі | Жауапты | |||||
1 | Инклюзивті білім беруді қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілерді меңгеру | Қыркүйек | нормативтік-құқықтық актілермен танысу | Заң
Ережелер |
Дефектолог | |||||
2 | Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына консультациялық көмек көрсету және келісім шартқа отыру | Жыл бойы | Ата-аналарға консультациялық көмек беру | Бұйрық, келісім-шарт | Әдіскер
Психолог Дефектолог |
|||||
3 | «Инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау» бағытында денсаулық сақтау, әлеуметтік бағдарламалар басқармаларымен байланыс орнату (кабинет жасақтау, семинар, дөгелек үстел) | Жыл ішінде | Инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау | Байланыс орнату | Дефектолог | |||||
3 | Аудандық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру мекемесінің мамандарымен балаларды қайта тексеруден өткізуді ұйымдастыру
|
Мамыр | Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия кеңесінің отырыстарына қатысу, балалардың психофизикалық жағдайын нақтылау үшін қажет болған жағдайда дәрігерлер немесе ПДПК-нің мамандарына кеңес алу | Қайта тексеруден өткізу | Директор
Әдіскер Психолог Дефектолог |
|||||
4 | Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға «кедергісіз қолжетімді орта» құру және білім алушыларды компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету | Қыркүйек | Балаларға кедергісіз қолжетімді орта құру | компенсаторлық құралдар | Әдіскер
Психолог Дефектолог |
|||||
5 | Жылдық, күнтізбелік жоспарларын жасақтау | Қыркүйек | Жылдық жоспарды жасақтау | Жоспар | Дефектолог | |||||
ІІ.Түзеу-дамыту жұмыстары | ||||||||||
1
|
Баланың даму мүмкіндігі мен қажеттілігін ескере отырып жеке дамыту бағдарламасын жасақтау | Жыл басында
|
Балаларды толықтай зерттеу, әр баланың таным процестерінің ерекшеліктерін, бала дамуындағы кемшілікті ескеру | ЖДБ | Дефектолог | |||||
2 | Түзете-дамыту жұмыстарының мониторингін жүргізу | Жыл ішінде | Ерекше білімді қажет ететін балалардың дамуы үшін динамикалық бақылау жүргізу, түзету жұмыстарының бағыттарын әдіс-тәсілдерін анықтау, оқу барысында балаларды бақылау | Папка | Дефектолог | |||||
3 | Жұмыс уақытының кестесін жасау | Жыл бойы | Істелетін жұмыс кестесін жазу | Циклограмма | Дефектолог | |||||
4 | Түзеу жұмысының эффектілігінің сапалық анализін жүргізу. Педконсилиум | Жыл ішінде | Балалардың тұжырымдамаларына қарай жұмыстану, мамандармен пікірлесу
|
Папка | Дефектолог | |||||
5 | Балаларға түзете-дамыту жұмыстарын өткізу
|
Қыркүйек
Мамыр |
Балалардың біліктілігін , математикалық білімін,танымдық қабілетін анықтай отырып жұмыстану
|
Папка
Түзете-дамыту бағдарламасы |
Дефектолог | |||||
6 | Түзету сабақтарында қимыл-қозғалыс дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін , ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулар жасау | Апта сайын | Ой-өрісін, зейінін дамыту | Ұсақ моторикаға арналған жаттығулар | Дефектолог | |||||
7 | Баланың жалпы даму деңгейін көтеру мақсатында жеке және шағын топ түзете-дамыту жұмыстар өткізу | Жыл бойы | Балаларды жалпы дамыту | Жеке және шағын топ түзете-дамыту жұмыстары | Дефектолог | |||||
8 | Балаларның таным ерекшеліктерін түзете – дамыту | Ай сайын | Таным қабілеттерін дамыту | Папка | Дефектолог | |||||
ІІІ. Әдістемелік жұмыстар | ||||||||||
1 | Әдістемелік кеңесте оқылатын баяндамалар
«Психикалық дамуы тежелген балалардың ақыл-ойын дамыту»»
«Инклюзивті білім берудің қазіргі қоғада орны» |
Наурыз
Сәуір |
Психикалық дамуы тежелеген балалардың ақыл-ойын дамыту жолдарымен танысу
Инклюзивті білім бердің қоғамдағы маңыздылығын арттыру |
Баяндама
Баяндама |
Дефектолог | |||||
2 | Балалардың сабаққа қатысу туралы журнал толтыру | Күнделікті | Балалардың сабаққа қатысуын тексеру, қадағалау | Тексеру күнделігі | Дефектолог | |||||
3 | Тәрбиешілердің, өзара мамандардың сабақтарына қатысу | Ай сайын | Балалардың оқу әрекетін бақылау, маманмен тәжірибе алмасу | Қатынас дәптері | Дефектолог | |||||
4 | Біліктілікті арттыру курстары мен семинарларға қатысу | Жыл ішінде | Біліктіліктерін жетілдіру | Жетістіктер
портфолио |
Дефектолог | |||||
5 | Республикалық, облыстық, қалалық көлеміндегі семинар, конференцияларға қатысу | Жыл ішінде
|
Өзара мамандармен тәжірибе алмасу, өз тәжірбиемен бөлісу | Баяндама, портфолио
|
Дефектолог | |||||
6 | Әдістемелік құралдарды дайындау және шығару | Үнемі | Түзету жұмыстарының
тиімділігін арттыру |
Папка | Дефектолог | |||||
7 | Сөздік қорды дамытуға, қарапайым математикалық дағдыны қалыптастыруға арналған көрнекі құралдар дайындау | Үнемі | Түзету жұмыстарының
тиімділігін арттыру
|
Дидактикалық материалдар | Дефектолог | |||||
8 | Әдістемелік әдебеттерді және нормативтік іс-құжаттарды жинақтау | Үнемі | Дефектолог білімін жетілдіру, түзету жұмыстарының тиімділігін арттыру,жаңа заңдармен танысу | Папка | Дефектолог | |||||
ІV. Балалармен тәрбие жұмыстары | ||||||||||
1 | Балаларды балабақша көлеміндегі іс-шараларға қатыстыру | Жыл ішінде | Балаларды қоршаған айнала адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. | Іс-шара конспектісі | Дефектолог | |||||
V.Тәрбиешілермен жұмыс | ||||||||||
1 | Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың ПМПК-қорытындысы мен таныстыру | Қыркүйек | ПМПК-қорытындысы мен таныстыру | Таныстыру | Дефектолог | |||||
2 | «Баланың ойлау қабілітін дамытудағы құм терапиясын пайдасы» | Қазан | Баланың зейінін, ойлау,қабілеттерін дамыту | Баяндама | Дефектолог | |||||
3 | «Баланың сөйлеу тілінің бұзылуына ықпал ететін биологиялық-психологиялық факторлар» | Қараша | ||||||||
VI. Ата-аналармен жұмыс | ||||||||||
1 | Білім алуға ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнату, түзеу-дамыту көмегін көрсету туралы шартқа отыру | Жыл ішінде | Ата-аналарға түзеу-дамыту көмегін көрсету | Бұйрық, шарт | Дефектолог | |||||
2 | Ата-аналарға, қамқоршыларға білім алуға ерекше қажеттілігі бар балаларды түзете-дамыта оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша жеке кеңес беру | Үнемі | Жеке кеңес беру | Кеңес | Дефектолог | |||||
3 | Консультативтік пункт ашу, ата – аналармен біріккен жұмысты жандандыру | Үнемі | Ата-аналармен жұмыс жандандыру | Сауалнама
Кеңес |
Дефектолог | |||||
4 | Ата-аналарынаң келісімімен қажет болған жағдайда баланы ПМПК ұйымына, невропотолог, лор,т.б мамандарға жіберу
|
Қажет
болған жағдайда |
ПМПК-ның қорытындысы негізінде ЕБҚ – балалардың психологиялық даму ой-өрісін зерттеу | Келісім | Директор
Әдіскер Дефектолог |
|||||
5 | Ата – аналар жиналысына қатысу
|
Қазан,
сәуір |
Ата-аналарды баланың даму динамикасымен, диагностика қортындылары
мен таныстыру, туындаған мәселелер бойынша ата-аналарға кеңес беріп отыру |
Баяндама | Психолог
Дефектолог |
|||||
6 | Ата-аналарға арналған бұрыш жасақтау, уақытылы жаңартып отыру | Жыл ішінде
|
Ата-анаға бала тәрбиесі туралы мәселелерді хабардар ету | Ақпарат | Дефектолог | |||||
VII.Кабинетті рәсімдеу жұмыстары | ||||||||||
1 | Таратпалы дидактикалық материалдар, көрнекі құралдар дайындау | Үнемі | Балаларды көрнекі құралдарымен қызығушылығын арттыру | Көрнекіліктер | Дефектолог
Психолог |
|||||
2 | Ерекше білім қажеттілігі бар балалармен жұмыстар жүргізетін әдістемеліктер дайындау | Жыл ішінде | Ерекше білім қажеттілігі бар балалармен жұмыстар жүргізетін әдістемеліктер арқылы дамуына үлес қосу | Әдістемеліктер | Дефектолог | |||||
3 | Кабинеттің паспорты | Жыл ішінде | Кабинеттегі мүліктердің тізімін дайындау | кабинеттің паспорты | Дефектолог | |||||
Дайындаған педагог-дефектолог: Қ.О Жанакова