Қазіргі заман тәрбиешісі қандай болуы керек?
Әр адамның өзіне –өзі қоятын және жауап іздейтін санаулы сұрақтары болары сөзсіз. Мен үшін де сондай сұрақтардың бірегейі мұғалім-тәрбиеші деген кім? Өйткені мен де бала бағбаны -тәрбиешімін. Балалармен жұмыс жасау- әр ұстазға берілген үлкен бақыт. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш , шаттық сыйлайды.Бала –өмірдің гүлі, отбасы дәнекері, ана ғұмырының жалғасы, ең бастысы, біздің қоғамымызды алға қарай дамытушы болашағы. Сондықтан да жас ұрпақты заман талабына сай көңіл қуанышы етіп тәрбиелеу- басты міндетіміз болмақ. Мен де жас шыбықтың бағбаны ретінде өзімді дамытуға күш салумен келемін.Білімімді тереңдетіп, ізденісте жүруді мақсат етемін.Өйткені менің мамандығым –жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандықтың бірі. Қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да , қажеттілігін жоймайтын маңызды мәселе- жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл –ең қиын жұмыс. Себебі әр адам-қайталанбас жеке тұлға.
Заманауи тәрбиеші қандай болу керек? Меніңше, Ол жаңа әдіс-тәсіл жолдарын пайдалануға құштар және жақсы жетілген педагогикалық тәжірибені өз ісіне енгізе білетін сауатты, бағдарламаны және әдістемелік шараларды анықтай алатын шебер маман иесі. Сонымен қатар заманауи тәрбиеші балаларды сүйеді, психологиялық қамқорлық жасайды. Баланың ойнауына, еңбек және білім алуына жағдай туғызады. Баланың дамып жетілуіне ат салысады. Атақты ұлы педагог Амонашвили « Тәрбиеші бұл – өзге адамның дамып жетілуін өз жауапкершілігіне алатын кәсіби адам» деп атап өткен. Біз ата- аналармен бірге жас ұрпақты тәрбиелей отырып,еліміздің болашағын құрамыз. Шәкірттердің ой – өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына тәрбиешілердің сіңірер еңбегі зор. Бүгінгі тәрбиешінің мақсаты бәсекеге қабілетті өмір сүре алатын білімді, жаңадан танымы бар, білімге деген қызығушылық деңгейі жоғары, экономика деңгейіне шыға білетін ұрпақты тәрбиелеу қажет. Иә, бұл кез-келген тәрбиешінің қолынан келе бермейтін қасиет. Тек қажырлы да , өз жұмысын жақсы көретін, өз оқушыларын биік шыңға жетелегісі келетін ұстаздың қолынан келеді.
Француз жазушысы Жан –Жак Руссо « Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады,оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген нақыл сөзі баршамыздың жадымызда болу керек деп ойлаймын. Баланың жан дүниесін неғұрлым терең таныған сайын мұғалім оның тұлға ретінде жетілуіне септігін тигізе алады. Сәби жүрегіне қонымды жауап беру үшін мен күнделікті оқу іс-әрекеттерді шынайы , жақсы, қызықты өткізуге тырысамын. Әр сабағымыздың сәтті шығуы тәрбиешілер қауымына, өзімізге байланысты. Әр мамандықтың өз қиындығы , өз қызығы бар. Тәрбиеші жұмысы күрделі де, қызықты да. Таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып, өз өмір тәжірибемнің , мейірімнің дәндерін қондыру – менің жұмысымның мәні. Болашақта тәрбиеленушілерімнен жаңа Қазақстанның жарқын да белсенді тұлғалары болады деген үлкен үміт күтемін.
Керемет👏Сауатты жазылған✔
Келісемін,менде тәрбиешімін👏