«Дәрумендер», «Дәмді алмалар»

Ахметова Ақмарал Сайпуллақызы

.

Мақсаты: 1.Жемістер мен көкөністерді ажыратып,атын атай білуге

үйрету.

2.Қарапайым тәжірибелерді жүргізуге

қызығушылықтарын арттырып,зейіндерін  дамыту.

  1. Боялған күріш,ермексаз,қағазды жырту арқылы

алманы     жапсыру дағдыларын қалыптастыру.

 

Әдіс-тәсілдері: Триз технологиясы,4К-командамен

жұмыс, «Кинометафора», «Басбармақ», «Ерекше

отшашу» , «Кір қыстырғыш»,  «Сұрақ ілмегі» ,

дәстүрден тыс  сурет салу әдістері, тәжірибе.

 

Көрнекілік: Бейнеролик, жемістер мен көкөністердің

фишкалары.

.

Қажетті  құралдар: Жемістер мен көкөністердің муляждары,

шырынсыққыш, блендр, түрлі-түсті қағаз,боялған

күріш, пва(клей),желім,ермексаз,сүрткіш.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барысы

 

Ұйымдастыру кезеңі:  Қол алысып қәне біз

Достасайық бәріміз

Айтарым бар сендерге

Тік тұрыңдар шеңберге

Қандай жақсы дос болу

Достарменен бір жүру.

 

Шаттанамын күлемін

Бақытты боп жүремін

Бәрін біліп алатын

Мен бақытты баламын!

 

Жұмбақ:  Денсаулықтың тірегін

АВСДЕ деп аласың

Болмай қалса біреуі

Ауырып сен қаласың  (Дәрумен)

 

Бейне таспа көрсету:  «Дәрумендер»

 

Тәжірибе: «Кел жасап көрейік»

2 командаға бөлініп, тәжірибе  жұмысын жасату.

Балаларды мадақтау: «Басбармақ әдісі»

 

Құрылымдалған ойын:  «Сорпа пісіреміз, тосап қайнатамыз»

Шарты: 2 топқа бөлініп көкөністер мен жемістерді ажыратып жинату,

атын    атау.

Балаларды мадақтау: «Ерекше отшашу»

 

Педагог жетекшілігімен ойын:    «Кампот жабамыз»

Шарты: 3 командаға бөлініп,ермексаз,  боялған күріш, қағазды

жырту    әдісімен алманы жапсыру.

Балаларды мадақтау:  «Кірқыстырғыш әдісі»

 

Еркін ойын: «Бауда ма, бақшада ма?»

 

Рефлексия: «Сұрақ ілмегі»

Сұрақтар қою арқылы баланың оқу қызметін қалай меңгергенін анықтап, оқу қызметін қорытындылау.

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *