Отбасы өмір аясы

Отбасы өмір аясы

Абдуллаева Гулнар Ибрагимхалиаллаевна

«Отбасы – қоғамның ең маңызды діңгегі. Бұл діңгектің мызғымас мықтылығы ұлт пен мемлекет іргесінің  беріктігігін көрсетеді. Олай болса, ұлт пен мемлекеттің діңгегі ешқашан көзден таса қалмауы тиіс.» Бұғантқоса, еңбекте тәрбие мәселесі адам тусінігіне жеңіл, кең ауқымда қозғалады. Ф. Гулен мырза өзі айтқандай: «Адамзаттың нұрлы болашаққа қол жеткізуіне үлес қосу үшін әр адамның арманы, алдында қойған мақсат болуы тиіс. Бұл кезегінде үлгілі жеке тұлға мен өнегелі отбасының қалыптасуына байланысты».

Тәрбие жұмысының кезеңдері мен мәселелерінің қатарына жататын«Үйлену», «Отбасы», «Тәрбиедегіыждағаттылық» , «Баланың діни тілімі», «Қалай түсіндіру керек?», «Тәрбие өлшемдері». Бір-бірінен  кем соқпайтын көкейтесті тақырыптардың легі өзінше бір төбе.

Ф. Гулен мырзаның пікірінше, тәрбиедегенде адамның ойына алдымен отбасы оралады. Өз сөзімен айтсақ, «Отбасы – тәлім-тәрбиенің ең алғашқы ошағы, өскелең ұрпақтың алтын ұясы».  «Отбасы тәрбие негіздеріне құрылмаса, қоғамнан ізгіліктің иісі аңқымасыанық».  Әсіресе, күллі адамзаттың қамын жейтін ұрпақтың тәрбиесі сөз болғанда, оған кез-келген отбасының үлгі бола алмасы, белгілі: Кемел ұрпақ өсіру үшін алдымен үлгілі (идеал)   отбасы қажет».

Отбасының маңыздылығы

Кез-келген қоғам немесе ел іргесінің берік болуы ер мен әйелдің өзара тілек қосып көтерген шаңырағынан, яғни отбасыдан басталады, сондықтан ең бірінші тәрбие отбасыдан басталуы тиіс. Сонда ғана  тәрбие жұғымды, нетижелі болмақ. Егер отбасында тәрбие болмаса, қоғамның алға басуы, мүмкін емес. Адамды жетілдіруде тәлім-тәрбие мен үлгі-өнеге отбасы ошақ қасынанбастау алса жемісті болмақ.

Отбасында, жақсы тірбие алған жан есейе келе алда-жалда қарсы соққан қатты дауылдарға ұрынып,  жолдан таймаса, қоғамдық өмірдегі талай келеңсіздіктен көп әсерленбейді, жан дүниесін аман сақтайды. Иә, отбасындағы жетістік-қоғамдық өмірдегі жетістіктің алғашқы баспалдағы.

Ана-ұлтты қалыптастыратын отбасының ең маңызды тірегі. Ана нәрестелердің шат күлкісін кернейтін және бақыт шырағы маздайтын  отбасының мәйегі…

Отбасы – қоғамның ең маңызды тірегі. Бұл тіректің беріктігі ұлттың, мемлекеттің қуаты. Олай болса, ұлт пен мемлекет іргетасының беріктігі жобаның тұжырымдаманың қаншалықты дұрыс жасалғанына байланысты. Сәл бір ағаттық ертең ұлтқа кесірін тигізері сөзсіз. Сол себепті отбасы мәселесіне аса байыпты қарау керек. Ол-аса маңызды мәселе.

Әуелі іс-әрекетімізді толыққанды мінсіз атқаруымыз қажет, содан соң себептер өз ретімен пайда болады. «Себептерді мінсіз орындау тәуекелге кедергі кентірмейді» деген сөздің мәнісі осы, оны ислами ереже деп те атауға болады.Біз отбасы секілді маңызы кем соқпайтын кешігірім мемлекетті құру барысында аталмыш ережелерге бағынуымыз қажет.

Өнегелі отбасы

Өнегелі  отбасы- елдіктің тұтқасы. Сәні мен салтанаты жарасқан, берекелі шаңырық. Берік отбасы- қоғамның тірегі.Отбасы – адам баласының өсіп – өнер алтын ұясы. Тәрбиенің түп-тамыры отбасынан басталады. Адамды танудың жолы- ол өмір сүрген отбасы.

Өнегелі отбасы –елдің ертеңі.  Ұлды тәрбиелей отырып – жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей  отырып-ұлтты тәрбиелейміз. Баланың алғаш тәрбие орны-отбасы.

Отбасының ұстамы ретінде бала бойынан  болашақта байқалуы тиіс мәселелер  сөз етілуіс тиіс, бала ата-ана болудың  қандай міндет екенін сезініп өсуі тиіс.

Мұндағы көз деген ойымыз- бала бойына ізгілік пен мейірімділік қасиет дарыту. Бұл жерде де ықпал етудің  ең төте жолы ретінде – алдымен өзіміз үлгі өнеге көрсетуіміз керек. Ата-ана –әрі ойшыл, әрі білімі мол тәрбеші деген сөз. Әке мени ана балалардың жай-күйін ойлап, үнемі қамқор болғаны жөн.

О бастан негізі берік болып құрылған және материалдық-рухани жағынан төрт құбыласы түгел отбасы- ұлттың ең мықты іргетасы және абыройлы,  ізгі ұрпақ өсірудің қасиетті мектебі. Халық отбасылардан құралады, сондықтан отбасы мықты, берекелі болуы керек. Отбасы бір шаңырақ астында өмір сүретін адамдардың парасат-пайымына қарай отбасы болып саналады. Отбасының  әрбір тұрғыны сол отбасындағы адами құндылықтарды қаншалықты жоғары қоятынына қарай бақытты бола алады. Иә, адам отбасымен адам секілді өмір сүрсе, отбасы да өз адамдарымен «үй» болып саналады.

Шаңырақ – кішігірім ел, ал ел – өз кезегінде үлкен бір отбасы.  Үлкені-кішілі қандай да бір отбасын мүліксіз басқарып, отбасы мүшелеріне адами құндылықтардың дәнін еге білген кісі аз талпыныспен одан дамаңызды істерде жетістікке жете алады. Отбасы – қоғамның негізі элементі. Адамдар бір-бірінің құқығы мен міндеттеттеріне қаншалықты құрмет көрсете, қоғам да соншалықты берік  әрі салаутты болмақ.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *