«Кері байланыстың оқушы үшін маңызы»

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

Баймагамбетова Алия Амангельдиевна

№25 Жалпы білім беретін орта мектебі

Қазақ тілі, қазақ әдебиеті мұғалімі

 

ТАҚЫРЫБЫ: «Кері байланыстың оқушы үшін маңызы»

 

«Бұл – заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман» деп, Елбасымыз баса айтып өткендей, біз өмір сүріп жатқан кезең – нағыз білімнің кемелденген тұсы. «Білекті бірді, білімді мыңды жығар»-дың нағыз заманы. Осындай өркендеген, кемелденген тұста, болашақ ұрпақты тәрбиелеу, оларға сапалы білім беріп, еліңе қызмет етуге дайын, Абайша айтқанда, «толық адам» қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі ерең. Ал, білім берудегі басты мақсат – жан-жақты дамыған, өмір сүруге бейім, өз ойың еркін айта алатын, сын-пікірдіп қабылдап, одан қорытынды шығара алатын, адамгершлік қасиеті бірінші орында тұратын, бәсекеге қабілетті тұлға даярлау. Осындай тұлғаларды даярлауда жаңартылған білім беру бағдарламасының алатын орны ерек. Өйткені, оқушының өз ойың толық, түсінікті қып жеткізе білуі – әр сабақтың өн бойында жатқандығы сөзсіз. Мұғалім әрбір сабағыңда тапсырмаларды бере отырып, кері байланыс алып отырса, ол сыныптағы оқушылардың ой-өрісі жан-жақты дамып, өз ойың жеткізуде, пікір алмасуда абдырап қалмасы анық.

Кері байланыс – оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікрін тыңдау. Кері байланыс сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыру керек. Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. (1,37-б) Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Оқушыларды әр сабақта рефлексия жасауға үйрету керек. Өйткені бала рефлексия жасай алмаған жағдайда, яғни өз әрекеттерін түсіндіріп, оларға талдау жасап, бағалай алмаса, онда оның берілген оқу әрекеттерін ғана орындап, бірақ олардың өзінің дамуындағы маңызын түсінбейтіндігі анық. Басқаша сөзбен айтқанда, рефлексия жасай алмайтын оқушы өзінің өзгерістерін де байқамайды.

Үйренуде рефлексия сабақ соңында оқушылардың тақырыпты қандай деңгейде игергендігін білуге бағытталатын қарапайым бекіту мен қорытындылау емес (мәселен, «Сонымен бүгінгі сабақта біз не өттік/білдік/қарастырдық?» секілді сұрақтар арқылы).

Рефлексияда оқушы өзінің қалай үйренгендігін (үйренудің қадамдарын, әдіс-тәсілдерін) талдап, оларды түсінуге тырысады. Ол өзінің атқарған әрекеттерін зерделеп, олардың берген нәтижелерін нақытылайды, оларды қалайша жақсартуға болатындығы туралы ойланады. Мұндай зерттеу жұмысы білім алушыға жасалынған іс-әрекеттерін талдап, оларды бағалау мүмкіндігін беріп, оны сонымен бірге болашақтағы үйрену амалдарын жоспарлап, өз білгендерін арттыруға ынталандырады.

Рефлексияда адам өзімен ылғи диалогта болады: оның психакасы екіге бөлінеді. Бір бөлігі «Мен өзім» болады да, екінші бөлігі «Мен-басқа» рөлінде болады, немесе М.М.Бахтин бойынша, «Мен-орындаушы» және «Мен-қадағалаушы» болып екіге бөлінеді. Адам осылайша өз әрекеттеріне сырт көзбен қарап, оларды екшейді, таразы басына салады, олардың дұрыс-бұрыстығын ажыратады. Ылғи да «Мен оның (яғни өзінің) орнында болсам, не жасар едім?» деген ой үстінде болады. (2, 64-б)

Осы ұйғарымдарға сүйенетін болсақ, мұғалім өзінің әр сабағында жаңа сабақты түсіндіріп қана қоймай, оқушылардың жұмыс жасауынан «Мен қалай түсіндірдім?» сұраққа жауап ала білуі керек. Сол сұраққа жауап табылғанда, мұғалім сол сабақтың мақсатына жетіп, оқушыларынан кері байланыс ала біледі. Сонымен қатар мұғалім кері байланыс ұсынғанда Асхат Қамзаұлының сараптап өткен ережелерін бек ұстанғаны жөн:

Позитивті болу.

Талданып жатқан әрекеттің жағымды, ұтымды жақтарын көруге ұмтылу. Тіпті адамның мақтайтындай қасиеті болмаса, онда оның ниеті мен ынтасын жағымда деп тану керек. Ұсыныс жасағанда жұмысты жақсартатын мәселелерге тоқтаған дұрыс. Әңгімені өзгені жақтыру және сыйлау тұрғысынан жүргізу керек.

Бағалаушы болмау.

«Адамның басқа адамдардан айырмашылығы – оларға ұқсамайтындығында» деген қағиданы ұстанған орынды, яғни біз басқалардан артық та, кем де емеспіз, тек өзгешеміз. Кері байланыста сол себепті өзімізді жоғары да, төмен де қоймау керек, тек өз ойымыз бен түсінігімізді келтіру қажет.

Кеңес бермеу, үйретпеу, тек ұсыныс жасау.

Ынталандыруға ұмтылу.

Кері байланыстың бір мақсаты – адамды шығармашылық жұмысқа ынталандыру. Жағымды пікір айтумен қатар адамды болашақта өз жұмысына игі өзгертулер енгізетіндей қызықтырып, шабыттандырған дұрыс.

Сыпайы болу.

Адамды жекімей, ұрыспай, дөрекі сөйлемей, ренжітпеуге тырысу керек, өйтпеген жағдайда оның кері байланысты ризашылықпен қабылдап, өз әрекеттеріне соны өзгерістер енгізетіндігі екіталай.

Көмектесу, жәрдем беру.

Адамға шынай түрде жақсылық тілеп отырғандығымыз-ды дәлелдеп бағу керек. Кері байланыста «Мен Сізге қалайша көмектесе аламын деп ойлайсыз?» деген секілді сұрақтар арқылы өзіміздің қол ұшын беруге дайын екендігімізді білдірген жөн.

Тең ұстау.

Кері байланысты жүргізудің негізгі нысаны ақылдасу, кеңесу болғандықтан мұндай әңгімеде екі жақ та бір-біріне пара-пар болуы керек. Біреудің екіншіден жоғары тұруы кері байланыстың нәтижелі болатындығына нұқсан болады.

Сәттілікке бағыттау.

Тыңдаушының көкейіне «Кері байланыс – игі әрекет» деген оймен қатар оның нәтижелерінің тұлғаның дамуы мен өсуі үшін маңызды екендігін ұялату керек. Ал игі нәрсенің қорытындысы тек жағымды болатындығын да ұмытпаған жөн. Кері байланыс тиімді әрі сәтті болған сайын мұғалім оқу/оқытудың қалай жүріп жатқандығы, оқушылардың қалай оқитындығы туралы қажетті мәліметтер алып отырады.

Ал кері байланысты алғанда мынадай ережелерді ұстанған дұрыс:

Ризашылық білдіру.

Кері байланыстың бір адамның екіншіге шын көңілмен көмек көрсету екендігін ескере отырып, айтқан ескертпелер мен ұсыныстарға ризашылықпен қарау керек: кері байланыс берушіге жиі рахмет және алғыс айтып, ол Сізді ынталандырғандай, оны да жігерлендіріп отыру қажет.

Тыңдай білу.

Кері байланыс берушінің сөзін бөлмей, оны ылғи да мақұлдап отырған дұрыс (бас изеп, ишаратпен). Қажет болған жағдайда оған ойын нақтылайтын сұрақтар қою арқылы бұл мәселе бойынша өзіңіздің келісетіндігіңізді және хабардар екендігіңізді білдіріңіз, әңгімені өзіңізге қажетті бағытқа бұрып отырыңыз.

Мадақтай білу.

            Ризашылықты білдірумен қатар кері байланыс берушіні мадақтауды да ұмытпаған жөн. Осы арқылы біз тиімді қарым-қатынаспен бірге берілген ұсыныстардығ да сапасын да арттырамыз. «Сіз бұл мәселеге тіпті де мен ойламаған жақтан қарадыз! Шындығында да бұл өте тиімді ұсыныс (идея, ой, әдіс, тәсіл) екен! Менің ойымша, Сіздің сөздеріңізде терең мағына бар! Бұл ұсынысыңыз менің тәжірибемде  маңызды орын алады деп ойлаймын!» секілді сыпайы мақтаулардың әңгімені мәнді жасайтындығы анық.

Аталған ережелер бойынша мұғалім кері байланыс орнатса, еткен еңбегі еш кетпесі сөзсіз. Яғни, оқушының ойын үзбей тыңдай білу, жылы сөзбен әсемдеп мақтасақ, оған ой-пікірі үшін ризашылық сөздерді жаудырсақ, әрине бала өз ойын қысылмай ортаға салып, неғұрлым сапалы дүние жасауға тырысар еді. Егер де айтайын деп жатқан сөзін аяқсыз қалдырсақ, бала жасқаншақтанып пікірін, оған сынын жеткіе алмай қалуы сөзсіз. Сондықтан әрқашан оқушыларды демеп, мадақтап отырсақ, жетістікке жетуге қадамдардың азайары анық.

 

Пайданылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші басылым-2012 жыл
  2. Әлімов Асхат Қамзаұлы. Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану: Оқу құралы. – Алматы, 2015. – 180 бет.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *