Қағаз ақша
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: | Есепті шығару жолдары | |
Мұғалімнің аты-жөні | Жамалхан Ақмарал | |
Күні: | 14.04.2022 | |
Сынып: 3 «В» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Қағаз ақша | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 3.1.3.6 1000 тг, 2000 тг, 5000 тг купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау | |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: 1000 тг, 2000 тг, 5000 тг купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау тәсілдерін қарастыра алады.
Көптеген оқушылар: есептесу тәсілдерін түсіндіре алады. Кейбір оқушылар: көрсетілген сомаларды ұсақтаудың бірнеше тәсілін көрсете алады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру,
өзін – өзі тексеру
5 мин |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Ақ көңіл,адал ниетпен, Мөп-мөлдір,таза жүрекпен. Қайырлы күн, досым!-деп, Күніміз сәтті болсын деп, Сабағымызды бастаймыз! Топқа бөліну «Таңдау» әдісімен Оқушылар 4 топқа бөлінеді. 1-топ. Есіл өзені 2-топ. Сырдария өзені 3-топ. Ертіс өзені 4-топ. Іле өзені Өткенді қайталау. Ұжымдық жұмыс. «Сандар сөйлейді» әдісі. -103 санын 5 есе арттыр. (515) -636 санын 6 есе кеміт. (106) -145 санын 4 есе арттыр. (580) -870 санын 6 есе кеміт. (145) Жаңа тақырыпты ашу. -Балалар, сендер үстеріңдегі киімді, қағаз-қаламдарыңды қайдан алдыңдар? -Оны тегін берді ме? Қалай алды? -Ақшаны қайдан алды деп ойлайсыңдар? -Дұрыс, ақша еңбекпен келеді. Сондықтан ақшаның қадірін біліп, үнемдеп жұмсау керек. -Бәрекелді! Бүгінгі сабағымыздың да тақырыбы «Қағаз ақша». Бүгінгі сабақта біз ақшаларды танып, біліп, ұсақтап, берілген соманың құрамын білетін боламыз. Өрнектер мен суреттер бойынша есептер құрастырып, өрнектерді есептеу арқылы Қазақстандағы өзендердің ұзындығын анықтайтын боламыз. |
Ширату жаттығуларын жасайды.
Топқа бөлінеді
Тапсырмаларды орындайды.
Сұрақтарға жауап береді. Сабақтың мақсатымен танысады |
200 теңгемен бағалау
«Ауызша мадақтау» |
Керме жіп, қысқыш, тапсырма жазылған парақшалар
|
Жаңа білім
10 мин
5 мин
1 мин
10 мин
7 мин
Бекіту 5 мин
|
1) Суреттегі ақшаларға қара. Олардың қайсылары саған таныс? Таныс емес ақшаларды ата.
2) 2000 теңгелік, 5000 теңгелік ақшаларды қалай ұсақтағанына қара. Тағы да қалай ұсақтауға болады? 3) Көрсетілген соманы әртүрлі тәсілмен қалай жинауға болады? 1. Топтық жұмыс 1-топ. 9000 тг ұсақтау тәсілдерін көрсет 2-топ. 7000 тг ұсақтау тәсілдерін көрсет 3-топ. 6000 тг ұсақтау тәсілдерін көрсет 4-топ. 3000 тг ұсақтау тәсілдерін көрсет Орындаған тапсырманы «Кір жайғыш» жіпке іледі. 2. Тақтамен жұмыс. 4) Есептің сұрағына жауап беру үшін сендерге мәліметтердің қайсысы қажет болғанын анықтап, оны шығарыңдар. А) Есіл өзенінде теплоходпен серуендеуге 9 турист келді. Олар ересек адамдарға арналған 1000тг 3 билет және балаларға арналған 500тг 6 билет сатып алды. Олар билетке барлығы неше теңге төледі? Ш: 1000*3+500*6=6000тг Ж: билетке барлығы 6000 тг төледі. Сергіту сәті. Менде бар 1000 теңге, Сенде бар 1000 теңге. Доп сатып алайық, Жүгіріп ойнайық. 3. Топтық жұмыс Өрнектер мен суреттер бойынша есептер құрастырыңдар. 1-топ. 210*2+150*2 Айдар балықшыларға арналған дүкеннен 210 теңгеден 2 сүзгіш және 150 теңгеден 2 ілмек сатып алды. Ол барлығына қанша теңге төледі? 2-топ. 490+330+150 Елдос 490 теңгелік қармақ, 330 теңгелік шелек, 150 теңгелік ілмек үшін қанша теңге төлеуі қажет? 3-топ. 1000-490*2 Айбар мен Жандос балық аулауға бара жатып дүкеннен 2 қармақ сатып алды. Олардың 1000 теңгесі бар, бір қармақ 490 теңге тұратын болса, сатушы қанша теңге қайтаруы тиіс? 4-топ. 1000-(330+400) Досжан 1000 теңгесі бар. Ол дүкеннен 330 теңгелік шелек пен 400 теңгелік жіп алды. Досжанда қанша теңге қалды? Есептің жауабын тауып, «Балық аулау» әдісі бойынша есептің жауабын өзендегі балықтардың ішінен есептің жауабын тауып, балықты аулап, шелекке салады. Сен Қазақстан аумағында ірі-ұсақты 85 мың өзен бар екенін білесіңдер ме? 4. Жұптық жұмыс Амалдардың орындалу ретін анықтап, өрнектерді есептеңдер. Шыққан нәтижелерді кему ретімен жазыңдар. Сонда Қазақстандағы бірнеше өзендердің ұзындығы бойынша ретін анықтайсыңдар. 580:5+196*4-307=593-Ырғыз (182*5+45)-453=502-Шідерті 1000-904:4-62=712-Жем (Ембі) 576+708:3-12=800-Ойыл 950:5+394*2=978-Нұра 900-557+672:4=511-Сағыз 179*4-160+269=825-Торғай (909:3)+(11*3) =366-Бұқтырма (215*2)-(452-439) =417-Лепсі (1000-410)+(9*9) =671- Сарысу 134*3+259=661 – Талас 5. «Дүкенде» ойыны Оқушылар ақшамен төлем жасап, дүкеннен өздеріне қажетті заттарды сатып алады. |
Тапсырмалар орындайды.
Ақшаларды ұсақтау тәсілдерін көрсетеді
Тапсырманы тақтаға орындайды.
Іс-қимылмен сергіту сәтін орындайды
Заттар сатыа алады
|
Дескриптор:
– Таныс, таныс емес ақшаларды атайды, 2000 тг, 5000 тг ақшаны ұсақтаудың басқа тәсілдерін көрсетеді Көрсетілген сомаларды ұсақтаудың тәсілдерін қима қағазбен көрсетеді
500 тг бағалау
Дескриптор: Есептерден қажет мәліметті анықтайды, шартын жазып, шешуін жауабын дұрыс табады 1000 тг бағалау
Ауызша мадақтау
– Өрнектер мен суреттер бойынша есептер құрастырады -2000 теңгемен бағалау
Амалдардың орындалу ретін анықтап, өрнектерді есептейді, нәтижелерді кему ретімен өзендердің ұзындығы бойынша ретін анықтайды- 5000 теңгемен бағалау
Дескриптор: Дүкеннен өздеріне қажетті заттарды алып, төлем жасайды. «Ауызша мадақтау» |
Оқулық, дәптер
ақшалар
Оқулық, дәптер, тақтамен жұмыс
Өзеннің суреті, балық, қармақ, шелек
Қима қағаздар
|
Кері байланыс
2 мин |
Кері байланыс: «Білім әмияны» әдісі бойынша кері байланыс жасайды
Үй тапсырмасы: 29-бет №8 |
Кері байланыс жасайды. | «Ауызша мадақтау» |