Бастауыш сыныпта ағылшын тілін меңгеруде ойын технологиясының орны

Бастауыш сыныпта ағылшын тілін меңгеруде ойын технологиясының орны.

XXI ғасыр – білім мен ғылымның жаңа инновациялық технологиямен қарыштап дамитын заманы. Сондықтан еліміздің болашағы жас ұрпақтың білімді, тәрбиелі  болуына тікелей байланысты. Ұрпақ білім мен ғылымды терең меңгерсе, халқымыздың болашағы жарқын болады. Қазіргі таңда шетел тілін меңгеру өзекті тақырыптың бірі болып табылдаы. Ағылшын тілі қазіргі таңда бүкіл әлемге танымал және БҰҰ ның алты тілінің бірі болып саналады. Яғни, ағылшын тілі – ғаламдық феноменге айналды.

Мектеп қабырғасындағы ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында және ағылшын тілін меңгеру білім алушыларға оңай және ыңғайлы болу үшін,  тіл үйрету саласындағы  әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологияларды барынша қолдануда.

Бастауыш сыныпта ағылшын тілін меңгертуде – ойын технологиясының  орны ерекше екендінін атап айтқым келеді. «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл – ойдың қалыптасуы мүмкін емес» — дейді орыстың көрнекті қайреткері В.А Сухомлинский. Ойын дегеніміз – жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденіпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. дидактикалық мақсаттағы ойындардың оқыту үрдісінде оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады.  

Сабақтағы ойынның орны, оған бөлінетін уақыт мөлшері оқушылардың білімінің деңгейімен, оқу материалының жеңіл не қиындығымен, сабақтың мақсаты мен мүмкіндігімен т.т байланысты. Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Мұғалім сабағының баланың қабілет қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланысты жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.

Ағылшын тілі сабағында ойнатылатын ойындардың сан алуан түрлері бар.Оларға жеке тоқталып, бірнеше ойын түрлерін атап өтуге болады.

Ағылшын тілін алғаш меңгеріп жүрген білім алушыларға «Алфавит» (“Alphabet”) ойынын ұсынуға болады.
Мақсаты: ағылшын тілі әріптерін қаншалықты меңгергендігін тексеру.
Шарты: Тақтаға «А», «В», «С» сияқты алфавиттің үлкен әріптерін іліп қоямыз. Ал, оқушылар осы әріптің кіші әріптерін үстелге шашылып жатқан әріптерінің ішінен тауып ілу керек.

 2. Білім алушылардың жылдам ойлау дағдысын, жаңа сөздерді жадында сақтау және қолдану  мақсатында, «30 секунд» (“30 second”) ойынын ұйымдастыруға болады.
Мақсаты: білім алушыларды  жылдам ойлауға дағдылау және тақырыпты бекіту
Шарты: Бір ойыншы тақырыпқа сай сөз айтады, келесі оқушы сол сөздің соңындағы әріптен келетін сөз айтуы тиіс. Егер оқушы 30 секунд ішінде айта алмаса ойыннан шығады.

3. «Ширату» (“Brainstorm”) ойыны
Мақсаты: білім алушылардың  сөздік қорын тексеру
Шарты: Тақтаға ұзақ сөз беріп, оның ішінен сөз шығару керек. Ескерту: сөз құрамында қанша әріп бар сонша әріпті қолдануы тиіс.
Мысалы: beautiful: eat, tea, but, fil, lie and so on.

4. «Шашу»(“Strew”) ойыны
Мақсаты: еске сақтау қабілетін тексеру.
Шарты: Сабақтың тақырыбына сай сөздердің жазылу ретін шатастырып жазып қоямыз. Оқушылар берілген уақыт ішінде сөздерді дұрыс жазуы керек.

5. Ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында,  «Сен болжай аласың ба?» (“Can you guess?”) ойынын ұйымдастыруға болады.
Мақсаты: білім алушылардың  таным үрдісін тексеру және дамыту
Шарты: білім алушыларды  топқа бөліп, топ басшысын ортаға шығарамыз. Топ басшыларына атақты адамдардың портретін береміз. Әр топ осы тұлға жайлы ағылшын тілінде сұрақ қою арқылы кім екендігін табуы тиіс. Ескерту: 10 сұрақ қоюға болады.
Мысалы:
– Is it a man (a women)?
– Does he/she live in…?
– Does he/she singer (actor, writer)?
– Is he/she American, (English, Russian and Kazakh)?
– Does he/she wear glasses?
– When they think they know the person name, they say:
– Is he …(name)? or is she …(name)?

Қорыта келгенде, ойын  арқылы кез-келген оқу материалын қызықты да, тартымды қылып, оқушылардың көңіл-күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарын қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектесуге болады. Сабақ барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылып отырса, сонда ғана мұғалімнің сабақ мақсатына жеткізуіне мүмкіндік береді.
Оқу үрдісінде «ойын түрлерін пайдалану біріншіден, білім алушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады.  Ойын арқылы, білім алушылардың жылдам ойлау дағдысын, шығармашылығын, жеке қабілеті мен сабаққа деген белсенді артқанын көруге болады.

 

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Саймасай ауылы

“А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп” КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі

Канжигитова А.М.

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *