Ашық сабақ “Күн шауағын төкті”
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: «Күн шуағын төкті».
Мақсаты: Балаларды жылы түстер реңктерімен таныстыру, әрбір түстің қандай мінез-құлықты, көңіл күйді білдіретінін, түсті бейнелейтін заттың сипатына қарай қолдану керек екенін түсіндіру, нәзіктікке тәрбиелеу.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: Суреттер бойынша әңгімелесу.
Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, баяндау.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі.
Қостілдік құрам: Жылы – теплый, түс – цвет,күн-солнце.
Оқу іс – әрекетінің
кезеңдері |
Педагогтің іс әрекеті | Балалардың іс – әрекеті |
Мотивиациялық – қозғаушылық | Тәрбиеші жұмбақ жасырады: Тұрғанымен жырақ өзі, Таусылмайтын шырақ көзі. |
Балалар шеңбер бойында алақан түйістіріп тұрып, шешуін айтады: «Күн» |
Ұйымдастырушылық- ізденістік | Топқа қонаққа бір сәулесін жоғалтып алған Күн келіп, сәулесін жасап берулерін сұрайды. Тәрбиеші «Күн шуақтары» суретін көрсете отырып әңгімелейді.
– Күн – бүкіл жер шарына, әлемге жарық, жылу беретін табиғат сыйы. Күнсіз адам тіршілік етуі мүмкін емес. Күннің жарығы көрінетін және көрінбейтін сәулелерден тұрады. Көрінбйтін сәулеге ультра күлгін сәуле жатады. Міне, солардың әсерінен біздің терімізде адам ағзасы үшін маңызды «Д» дәрумені болады. «Жылы және суық түстер» ойын. – Алдымен қылқаламмен үлкен шеңбер жасап аламыз, дөңгелекті бір нүктеден бастап қылқаламды қағаздан алмай сол нүктеге дейін сызып саламыз, оның ішін бояймыз. Енді күннің сәулелерін саламыз. Сәулелер ұзын-қысқа болып келеді, сондықтан бір үзын, бір қысқа сызықтарды кезектестіріп салуларыңа болады. Сурет салуды түзу сызықтар мен дөңгелектен бастап, түзу сызықтарды ретімен қағазды айналдыра отырып сызып шығу ұсынылады.
Сергіту сәті: Соз қолыңды оң жаққа, Соз қолыңды сол жаққа. Қолды айналдыр бұлданбай, Шеңбер жасап тұрғандай. Қонаққа келген Күн «Күнді кім тез жинайды?» ойынын ұйымдастырады. |
Күннің пішіні неге ұқсайтындығын, түсін, жылы түс реңктерін пайдаланатынын айтады. Қылқаламның тек ұшымен жұмыс жасайды. Дөңгелекке түзу сызықтарды кезекпен үзіліссіз сызады.
Түстерді ажыратып ойнайды.
Балалар бояуға қылқаламды батырған соң, бір сәулені бір рет жүргізу арқылы салады, бір ұзын, бір қысқа сәулелер кезектесіп келсе әдемі көрінеді. Дәптерді қолдарымен қозғалтып, айналдыра отырып салып көреді.
Өлең шумақтары бойынща қимылдар жасайды. |
Рефлексиялық – түзетушілк | Тәрбиеші балаларды мақтайды және мадақтайды. Күн рахметін айтып, шығып кетеді. | Өз-өздеріне баға береді. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: суық түстер реңктерін атай білуді..
Түсінеді: Әрбір түстің қандай мінез-құлықты, көңіл күйді білдіретінін .
Қолданады: Түсті бейнелейтін заттың сипатына қарай қолдануды.