«Денсаулық-зор байлық!»

Нағыметова Гүлмира Әлібекқызы

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

№16 «Аққайың» бөбекжай-балабақшасы

Тақырыбы: «Денсаулық-зор байлық!»

Балалар екіге бөлініп тұрады. Ақ түсті, сары түсті спорттық киім киген.

Жүргізуші:

Бала өсірген ата-ана, бала болып ойнайды,
Бала тәрбиелеген тәрбиеші, бала болып ойлайды, -дегендей, бүгін біз «Балапан» тобының «Денсаулық-зор байлық!» спорттық іс-шарасын бастаймыз. Сайыс түрінде өткізетін болғандықтан, сайыс кезеңдерімен, әділ-қазылармен таныстырайын.

Кезеңдермен таныстыру.

1-кезең “Кім жылдам?” ойыны.

2-кезең “Жүйрік пойыз” ойыны
3-кезең “Шалқан”ойыны
4-кезең “Үңгірден өт” ойыны
5-кезең “Сақина салу” ойыны
6-кезең “Капитандар сайысы”

7-кезең “Желаяқтар” ойыны

Әділ-қазы алқасымен таныстыру.

Жүргізуші:

Топ болып біз жүрейік,
Ойнайық та6 күлейік,
Достық деген тамаша,
Міне, тұрмыз жараса, -дегендей, екі топ өздерін таныстырсын.

Таныстыру.                                                                                                                           

Топ ұраны.

Жүргізуші:

Қалма жұрттың соңында,
Қажет болса, мың атта,
Аздық етер оның да,
Жету үшін мұратқа -дей отырып, ойын кезеңдеріне кезек берейік.

1-кезең “Кім жылдам” ойыны.
Ойынның шарты: екі тізенің арасына допты қысып доп салатын кәрзеңкеге дейін секіріп допты қалдырып, секіртпемен орнына секіріп келу.

2-кезең “Жүйрік пойыз”ойыны
Ойынның шарты: ойыншылар бір қатарға тұрады. Оң қолдарын алдындағы ойыншының иығына қойып, сол қолдарымен сола яқтарын жерден жоғары көтеріп кедергілер арасымен секіріп орындарына келеді.

3-кезең “Шалқан”ойыны
Ойынның шарты: команда  капитаны кедергілер арасынан жүгіріп орнына келеді де, кезекпен өз тобын бір-бірден жинап жүгіреді.

Жүргізуші: Музыкалық үзіліс.

“Гимнасттар”биі

Жүргізуші:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Ептісі деп сайыстың жүрейікші.

4-кезең “Үңгірден өт”ойыны
Ойынның шарты: ойыншылар бір-бірден үңгір астынан өтеді.

5-кезең “Сақина салу”ойыны
Ойынның шарты: Құрсауды басынан киіп аяқпен шығару.

6-кезең “Капитандар сайысы”немесе төмпешіктен төмпешікке ойыны
Ойынның шарты: құрсаулардан секіріп оларды белге жинау.

7-кезең “Желаяқтар”ойыны
Ойынның шарты: белгілі бір алаңды жүгіріп орнына келу.

Жүргізуші:

Қызықты өтті бүгінгі сайысымыз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталсын көңілді жарысымыз.

Марапаттау: Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау.

Жүргізуші:

Жарқын шаттық заман болсын,
Отбасымыз аман болсын.
Сыйластық пен бірлік болып,
Әрқашанда орта толсын.

Осымен, «Балапан» тобының «Денсаулық-зор байлық атты спорттық іс-шарасы аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *