“Мен және менің отбасым” спорттық сайыс
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы.
№16 «Аққайың» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі,
Әбдірахманова Жеңіскүл Әлібекқызы
Тақырыбы: «Мен және менің отбасым».
Мақсаты:
1. Халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары жайлы білімдерін дамыту, ата-ана шығармашылығын ұштау, балалардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыта түсу.
2. Балабақшамен ата-ана бірлігін нығайту.
3. Отбасы–Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа , мейірімділікке, ата-аналарының шексіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу
Барысы:
І. Ұйымдастыру
Жүргізуші: Жиналыппыз бүгін міне бәріміз де,
Үлкен – кіші, жасымыз, кәріміз де
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтар,
Гүл жайнаған біздің мына төрімізге.
Қадірменді қонақтар! «Мен және менің отбасым» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Осы отбасыларымыздың қадамдары құтты болып, мәртебесі биік болсын, мәре төрінен көріне берулеріне тілектестік білдіре отырып, ортаға отбасы мүшелерін шақырайық.
1. Жұмысты терең меңгерген
Жақсылықты жөн көрген
Отбасы тұр құлшынып,
Қалмайын деп сендерден
(Ортаға Сандығалиевтер отбасын шақырамыз)
- Әділдік іздеп талпынып,
Тынбайтұғын шарқ ұрып
Бұл отбасы жарыста
Озам дейді талпынып.
(Ортаға Қонысбаевтар отбасы шақырылады) - Мінезге бай салмақты,
Байыптайтын жан-жақты.
Мерейлі бүгін сайыста
Жеңімпаз боп қалмақшы.
(Ортаға Жолдасовтар отбасы шақырылады)
Отбасыларды ортаға шақырамыз.
Әділқазылар алқасымен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлім
Сайыс 4 кезеңнен тұрады
Ақыл-көрік бойлырыңа жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызға ізетпен,
Отбасылар таныстырып өтеді.
1-ші кезен . «Тегімді менің сұрасаң» (Ортаға отбасылар шығып,өздерін таныстырады)
2-ші кезең «Қапшықпен сайыс» кезеңі (Топтар қапшықпен жарысады)
3-ші кезең «Қиындықтардан өт» (Топтар алдына гимнастикалық стол, допты шелекке салу, әрі тез келу талабы қойылады)
4-ші кезең «Ептілер сайысы»
Ойын шарты: Топ басының қолында 5 көкөніс салынған қорап болады. Топтағы сайыскердің біреуі егеді, екіншісі, жинайды. Қай топ ұқыпты отырғызып, тез жинап шықса сол отбасы жеңген болып есептеледі.
Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін
Біз айталық төрелігін соңынан.
Қорытынды: ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ
Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс,жан болсаң сен ұғатын.
Кезекті әділқазалар алқасына береміз.
Қорытындылау
Ата салтым-асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірін,
Өткенімді бүгініммен жалғадым!
Құрметті ата-аналар ұстаздар! Сіздер бүгін отбасы сайысын көріп тамашаладыңыздар. Балабақша тәрбиеленушілерінің, өз ұл-қыздарыңыздың білімі мен өнерін аңғардаңыздар. Сіздерге әрқашанда сәттілік тілей отырып, отбасыларыңызға береке , ынтымақ тілеймін. Балабақшамен жиі байланыста болыңыздар! Сау болыңыздар!