Спорт-денсаулық кепілі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы.
№16 «Аққайың» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі,
Амангалиева Улболсын Жумагуловна.
Тақырыбы: “Спорт-денсаулық кепілі.
Мақсаты: Салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Спортпен айналысудағы әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану.
Балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Ептілікке, шапшаңдыққа, салауатты өмір салтына, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Сайыс тақырыбы, жар қағаздары, эмблема.
Керекті құралдар: Кеглилер, боулинг доптары, жалаушалар, доптар, арқан.
Барысы.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар , ұстаздар және бүлдіршіндер! Бүгінгі “Балапан” ортаңғы тобының “Спорт-денсаулық кепілі” атты спорттық сайысына қош келдіңіздер!
Әр таңды бақытпен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Ортаға сайысқа қатысатын “Тұлпар”, “Қыран” топтарды шақырайық.
Бүгінгі сайысымыздың әділ қазылары:
Меңгеруші: Ермағанбетова М.С
Әдіскер: Г.Әлібекқызы
Медбике: Сматова.Б
Енді сайыс бөлімімен таныс болыңыздар.
- Кім жылдам?
- Боулинг.
- Кедергілерден өту.
- Кенгуру.
- Арқан тартыс.
Топ ұрандары
“Тұлпар” тобы
Желмен бірге жарысқан
Тұлпар қалмас жарыстан.
“Қыран ” тобы
Қырандай күшті қанатты
Біз өрендер талапты.
- “Кім жылдам?”
Шарты: Балалар белгіленген жерге дейін жалаушамен жүгіріп қайтады.
- Боулинг.
Шарты: Балалар қатар қойылған кеглилерді құлатуы қажет.
- Кедергілерден өту.
Шарты: Балалар кедергілерден шатаспай өтіп жүгіріп қайтуы керек.
- Кенгуру.
Шарты: Допты аяқтың қылтасына қысып алып екі аяқпен секіріп белгіленген жерді айнала, қайтарда допты қолға ұстап жүгіру.
- Арқан тартыс.
Шарты: Екі топ балалары арқан тартысады.
Тәрбиеші:
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады, – деп сөзді әділқазыларға береміз.
Сайыскерлерді марапаттау.
Құрметті қонақтар келгендеріңізге көп рақмет, сау болыңыздар!