Жаңа заман жаңа ой
Соңғы күндері біраз кітап оқып бітірдім. Кеше ғана Мұхтар Мағауиннің “Аласапыран”роман-дилогиясын екінші рет қайталап оқып шықтым. Шындығында, алғаш оқығанда түсінбегенім көп болды,өмірімде естімеген сөз тіркестерін кездестіріп таң қалдым. Бастапқыда таңдандырған жаңа сөздер бірте-бірте құлаққа сондай жағымды, бірден ұға кететін жүрекке жылы екенін байқайсың. Қысқасы, керемет кітап, айтарға сөзім жоқ.
Жалпы, мені әдебиет дейтін айдыны бөлек асау теңіз өзіне тартады. Оған деген менің де ерекше көзқарасым бар. Менің және менің замандастарымның сөз аясы өте тар. Шындығында, қазір, ,ары айналып бері айналып, сол бір-екі ауыз сөзбен айналсоқтап қаламыз ғой. Қазықтан босамайтын, тұсаулы жылқы тәріздіміз. Кешелі бері барынша өзімнің лекцикон қорымды байытам деп шештім. Бізге сонау зар заман жырауларынан бастап, Абайдан асып, бертіндегі Мұхтар Әуезов, Оралхан Бөкей, Мұхтар Мағауин сынды қаламгерлер еңбектерін жаттап тұрып оқу керек екен. Сол арқылы , қазақтың шұрайлы тілімен ұлтымыздың бай сөздік қорын танытып әдемі сөйлеп, әдемі жазып үйренуіміз керек екен. Қазақ халқы сөзге, тілге бай халық, бірақ біздің заманның жастарында лекцикондық қор тым аз. Мүмкін, біреулерге бұл ұнамас, оларға менің де айтар артық уәжім жоқ. Жаңсақ пікір, қысыр сөзден аулақ болған жөн.Елдің жазғанын,елдің айтқанын көшіріп,солардың шуына ырық бергенше, өзің ізденіп, тауып, еңбектеніп жазған абзал емес пе?!