Қазақстандағы орта білім беру жүйесі

Жалпы сипаттама
Қазақстан Республикасы – бұл кіріс деңгейі орташадан жоғары, орталық Азияда орналасқан және жер көлемі бойынша әлемде 9-шы орын алатын мемлекет. 2011 жылғы жағдай бойынша, халықтың жалпы саны 16,4 млн. адамды, оның ішінде төрттен бір бөлігі 14 және одан төмен жастағы жастарды құрады.
Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесі мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, орта (жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік) білімді, сонымен қатар, ортадан кейінгі және үштік білімді (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі) қамтиды. Орта есеппен, мемлекеттегі 7 696 мемлекеттік мектептің (бастауыш және орта білім беру) 57%-ы шағын жинақталған болып табылады, бұл аталған мектептерде әр жас ерекшелігі топтарына сыныптар ашу үшін оқушылар контингентінің шағын екендігін білдіреді және бірнеше жас ерекшелігі топтарының оқушылары бір сынып-жинақтарға біріктіріледі. Орта білім беру жүйесіндегі оқыту нәтижелерінің сапасы «Математикалық және жаратылыс-танулық білім беру сапасын халықаралық мониторингтік зерттеу» (TIMSS) нәтижелеріне, сонымен қатар, оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі Халықаралық бағдарлама нәтижелеріне сәйкес әлемдік орташа көрсеткіштен төмен орналасқан. Ауылдық жерлерде орналасқан шағын жинақталған мектептер, әдетінше, қалалық жерлердегі үлкен мектептермен салыстырғанда, әлдеқайда нашар
нәтижелер көрсетеді.
Алынған халықаралық зерттеулердің нәтижелері күтілген нәтижеден төмен
болғандықтан, білім беру жүйесін, яғни, Қазақстан дәстүрлі түрде аса мән беретін секторды реформалауға бағытталған, дәлелдеген амбициозды жоспарларды әзірлеуге негізгі факторлардың бірі болып табылады. Бұл жоспарларға жүйенің құрылымын өзгертуге бағытталған жоғары сапаны арттыру, педагогтардың кәсіптік дамуы және функционалды сауаттылықты дамыту, мектепке дейінгі білім беру жүйесін кеңейту, қаржыландырудың жаңа тетіктерін енгізу, инфрақұрылымды жетілдіру, сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту шаралары кіреді.
Мектепте білім алудың қолжетімділігі мен тиімділігі
Қазақстан бастауыш және орта мектептерде оқытудың әлеуетін және жағдайын жақсартуға маңызды күш инвестициялауда, кейбір жағдайларда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі ЭЫДҰ мемлекеттерінің арасына орташа қарағанда қолжетімді болып табылады. Осыған қарамастан, мектептегі сапалы білімге қол жеткізуге мектептің орналасқан жері, гендерлік белгісі, сонымен қатар, оқыту тілі сияқты факторлармен анықталатын сақталған теңсіздікті жою мақсатында көптеген істер атқарылуы қажет.
Аталған сұрақтарды шешуге бағытталған саяси тетіктерді реттеу, ең бастысы, сапалы оқытуды дамытуға жеткілікті мүмкіндіктерді қамтитын мектептер үшін басымдықты қамтамасыз етеді. Осылайша, оқуда қиындық сезетін және төмен үлгерім көрсететін оқушыларға, белгілі деңгейде өздеріне мүмкіндік берілген. Егер Қазақстан осы мектептердегі оқыту нәтижелері сапасының деңгейін арттыруға ниеттенсе, онда оқушылардың қолайлы деңгейге дейін үлгерімін арттыруға қолдауды қамтамасыз ету үшін мақсатты бағытталған және шұғыл шараларды қабылдауы керек.
Қазақстанның орта мектептеріндегі оқыту мүмкіндігіне қарамастан, айтарлықтай тиімді емес. TIMSS және PISA зерттеулерінің нәтижесінде алынған деректер Қазақстандағы жалпы орта білім беру жүйесінің теориялық білімді тарату және оқушылардың арасында есте сақтау, тану және ақпаратты табу дағдыларын дамыту мәнмәтінінде қажетті деңгейде тиімді екендігін көрсетеді. Осыған қарамастан, дамыту мен тәжірибелік қолдану жағынан оқушылардың арасында әлдеқайда жоғары деңгейлі ойлау дағдылары, математикалық білімді тәжірибеде қолдану және математикалық ойлауды дамыту, немесе оқылым процесінде мәтінді талдау және бағалау сияқты бұл жүйе салыстырмалы түрде әлсіз. Орта мектептің оқу бағдарламасы академиялық сипатта және шектен тыс көлемді болғандықтан, тиімді оқытуға негізгі кедергі болып табылады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *