Махаббат бар әлемде

Махаббат-дүние кеңдігінің шарайнасы. Адамзат баласы дүниеге келген сәттен бастап, сезілетін құдіретті һәм қастерлі сезім. «Махаббатсыз-дүние бос»,-деп бекерге айтпайды. Жаңа туылған сәбидің айналасы мен анасына деген махаббаты, адамның өмірге, қоршаған ортаға деген махаббаты, қыз бен жігіт арасындағы, отан мен туған жерге деген махаббат, тақсын-тағы шексіз кете береді.

Махаббат-ұлы сезім. Адам баласына бойы арқылы сезініп, ойы арқылы жеткізетін алып күш. Махаббатпен жасалынған әрбір іс, дүние керемет жемісін береді, ол сөзсіз. Барлық нәрсеге махаббат көзбен қарағанда ғана әлем шексіз нұрланады, өне бойдан қымбат бір тәтті сезім туындайды. Тәтті сезім бойдан кеткенімен, ешқашан ойдан кетпейді, бұл заңдылық.  Сонау, Абай атамыздың өзі дүние кеңдігін махаббатпен таразылап кеткенін ескерсек, құдіреті шескіз сезім-махаббаттан бастау алатынын ұғыну қиын емес сияқты.

Махаббат-қыз бен жігіт арасындағы нәзік байланыс. Екі жастың бір-біріне ынтызар болып, бас қосып, отбасы болуына әкеледі. Қос ғашықтың махаббаты ең ұлы махаббат. Ата-ана мен перзенттер арасындағы махаббат, алпыс екі тамырын идіріп дүниеге ұрпақ әкелген ана әлбетте өз баласын асқан құштарлықпен жақсы көреді. Бұл сезімді сөзбен жеткізу әсте мүмкін емес, бала да өз ата-анасының мейірімін сезгеннен соң қарымтасын махаббатпен қайтаратыны сөзсіз. Отанға, туған жерге деген махаббат, әрбір жүрегінде патриоттық сезімі бар жан өз кіндік қаны тамған жерін махаббатпен аялайды. Ондай махаббат көрінісін қазағы үшін жанын қиып кеткен ата-бабаларымыздың тарихынан көруге болады. Ұлы махаббаттардың ең төресі деп білемін өз басым-отанға деген махаббатты. Жұмысқа деген махаббат, туысқа деген махаббат шексіз махаббат жалғаса береді. Бастысы бұл ұлы сезім әрбір адам бойында болса болғаны. Әрдайым жан-жағына шуағын шаша алатын нұрлы адамның өне бойы махаббатқа толы деген сөз. Өмірлеріңіз өңді, махаббаттарыңыз мәңгі болсын!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *