Кітап маған тақтан да қымбат
Кітап-адам баласының жаратылысынан кейін, саналы қоғамға өтуінен бастап, арқау алған зат. Зат болғанда да ең құнды, ақпараты мол, тарихи ескерткіш. Ең алғашқы кезде адамзат тасқа қашап жазып, ағашқа, темірге, қатты затқа зерегін аша бастады. Өрісі кеңейіп, өркениеті дамыған сәттен бастап, алғашқы қағаздар бамбук ағашынан, пілдің нәжісінен, папириус жондыларынан жасалына бастады, кітап та осы кезде дүниеге келген болатын.
Кітап-білім бұлағы. Иә, мұнымен ешкім дауласпас. Тарихыңды танып, әдебиетіңді дамытқың келсе, мәдениетің мен жан тыныштығын орнатқың келсе, кітап оқы,-деп бекер айтпаса керек. Кітап-ол жанды білім. Мазмұны мен тарихы жағынан сан түрлі. Әлемнің дамуы-кітаппен етене байланысты. Кітапсыз-білім мен ілім де жоқ. Замана қанша асқақтап, жаңарса да кітап жойылмайды, сонысымен адамзат үшін кітаптың құны ерекше.
Жалпы, біз техника мен робот билеген заманның жастарымыз. Бүгінгі таңда «интернет» яғни «ғаламтор» атты қағазсыз кітап бар, барлық сұрағыңа жауап қатып, жағдай жасай алатын күшке ие. Десе де, кітап секілді сапалы, түпнұсқа емес әрине, кітап сонысымен де құнды. Ғаламторда өтірік ақпараттар мен сананы улайтын дереккөздер өте көп. Ал, кітап тейісінше, жаңылғанды орнына қоятын, білімсізді біліктіретін қуаты бар. Кітап-маған тақтан да қымбат, қандай әдемі, әсерлі тақырып. Себебі, менің сауатым кітаппен ашылды, зерегім кітаптан оянды. Күллі адамзат баласында солай. Қазақта:«Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол», «Жақсы кітап-жан азығы», «Кітапты сүйіп оқы, көңілге түйіп оқы», «Кітап-алтын қазына», «Кітап-білім бұлағы, білім өмір шырағы», т.б. өте көптеген сөз мәйектері босқа айтылмаған. Абайдай дана, қазақтың біртуар азаматының өзі кітаппен өмір бастап, кітаппен жер жастанған жан. Жан досы кітап болып, өскелең ұрпағына «кітап» арқылы мол ғибратты аманат етіп кетен болатын. Қазіргі сәтте қанша техника заманы атанып, әлем тақырыбы сол болса да, білім нәрінің өзегі кітаппен бастау алады. Бұл ақиқат. Кітаппен-дос болу өмірлік мақсатыңыз болса, онда сіз дұрыс жолдасыз.