Адамзат тағдыры…
Қазіргі таңда қоқыс саны күннен күнге көбеюде.Себебі халық саны көп және соған орай тұрмыстық қалдықта көп.Енді қарайық қарапайым халық қоқыс ретінде нені шығарады? Ол дегеніміз күнделікті пайдаланатын тамақ өнімдерінен қалған политэленді целофандар.Мысалы нан өнімдері,көкеністер,макарон өнімдерінің барлығы дерлік целофанға оралған.Тағы бір мысал келтірсем күнделікті тұтынатын печеньелер үлкен қораптағысы болса,оларды ішінен тағы әрқайсысына бір бума кигізеді,яғни 10 печенье болса соған 10 тал целофон және сыртында тағы бір қорабы бар.Бұл дегеніміз үлкен көлемдегі қалдық.Және мен мысал келтіріп отырған тек бірнеше ғана нәрсе.Ал негізінде мұндай тауардың саны милионнан астам.Мұндай мәселе тұрмыста қолданатын химиялық өнімдерде де бар.
Менің ойымша бұның бәрі маркетингтік айла.Яғни тауарды көп қылып немесе әдемі қылып көрсету мақсатында буманың сыртынан бума орап өндіріс орынға көп пайда әкелу. Алайда политэленді целофан,пластиктер осыған ұқсас заттардың барлығы жер бетінде мыңдаған жылдар бойы өзегеріссіз жататыны бәріне мәлім. Яғни осыншама қалдық адамзаттың тағдырын қыл үстіне қойды. Енді ойланып көрейікші, материалды заттар бүгін бар да ертен жоқ нәрсе,ал адамзат тағдыры ойынышық емес ғой…