“Құжатты рәсімдейміз”3-сынып

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы

Мектеп: Подстепный жалпы орта білім беретін мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Хабибуллина А.М.

Пәні: Цифрлық сауаттылық.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарау:

Робототехника. Жоба

Подстепный жалпы орта білім беретін мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Хабибуллина А.М.
Сынып: 3 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Құжатты рәсімдейміз  
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.1.4  шрифт пен абзацты пішімдеу.
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар:

Мәтіндік редакторда шрифт пен абзацты қолдануды үйренеді.

Кейбір оқушылар:

Мәтіндік редакторда мәзір жолағымен жұмыс жасауды біледі.

Бағалау критерийі Топтық жұмыстарға белсенді қатысады;

Белгілі бір мақсатқа жету үшін орындалатын әрекеттер тізбегін сипаттайды;

Тілдік мақсаттар

 

Термин сөздерді пайдаланып мәтіндік редакторда нұсқау арқылы жұмыс жасайды.

Пәнге қатысты лексика  мен терминдер

Шрифт, Абзац, Мәзір жолағы, Word.

 

Құндылықтарға баулу

 

 

 Достық қарым-қатынас жасауға (топтық  жұмыс жасауда), жауапкершілік, өмір бойы оқуға дайын болуға баулу.
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі (топқа бөліну барысында)

Математика (топтық жұмыс барысында)

Ағылшын (терминдер айтылу барысында)

  Сабақ барысы  
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі:

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасын сұрау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыпты ашу

 

 

 

 

 

 

•             Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

•             Ынтымақтастық атмосферасын құру                                           «Шаттық шеңбері»  арқылы оқушыларға жақсы лебіздер айту.

«Гүлдер» әдісі бойынша  оқушыларды гүлдердің түс айырмашылығы арқылы екі  топқа бөлу

1       – топ   «Раушан»тобы

2       – топ «Қалампыр»тобы

«Сиқырлы сандық» әдісі  арқылы үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар топқа бөлініп отырады сандықтан шыққан сұрақтарға жауап береді.

1. Бас әріпті енгізу үшін қандай батырма басу керек?

2. Меңзерді жол басына апару үшін қандай батырма басамыз?

3. Меңзерді жол соңына апару үшін қандай

батырма басу керек?

4. Біріңғай бас әріптен тұратын сөзді жазу үшін қай батырманы басу керек?

5. Қате кеткен әріптерді кетіру үшін қандай

батырмаларды пайдаланамыз?

6. Пернетақтадағы бағыттаушы пернелер

қандай қызмет атқарады?

Бағалау: «Кімнің сұрағы ұнады?», «Кімнің жауабы ұнады?» деген сұрақтар арқылы «мадақтау»әдісімен  өзара бағалау жүреді.

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға  сұрақтар қоямын:

1.Балалар біз мәтінді немесе құжатты қайда тереміз?

2. Оны қалай ашамыз?

 

Сабақ тақырыбы және сабақ соңында  оқушыларға  қандай нәтижеге қол жеткізетіндеріне пайымдау жасатып, жаңа сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстырамын.

 

Сурет қиындылары

Слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.      Word мәтіндік редакторы

2.      Іске қосу-барлық программалар-MS office-MS Word 2010

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикалық жұмыс:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті:

Жаңа сабақты «Құжатты рәсімдейміз»  тақырыбындағы презентация  көрсетуден бастаймын. Оқушыларға  презентацияға байланысты сұрақтар қоямын:

1.      Өзің тұратын аймақтағы табиғаты әсем қандай жерді атай аласың?

2.      Берілген суреттерді қолдана отырып, қандай әңгіме құрастырар едің?

 

«Домино» әдісі арқылы топтық жұмыс жасатамын.

1/ Оқушылар берілген комбинацияны тез және дұрыс жинау қажет.

2/ Жасалған топтық жұмыс арқылы сабақтың кілтті сөздері анықталады.

3/ Анықталған топтық жұмыс арқылы әрі қарай жұмыс жасалынады.

 

Бағалау: Топтар бір- бірін «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.

Дескрипторлар:

Білім алушы

– топтық жұмыс жасайды;

– Домино реттілігін дұрыс құрастырады;

 

Балалар жеке жеке компьютерге отырып, сабақ тақырыбына байланысты практикалық жұмысты орындайды.

 

 

Дескрипторлар:

Білім алушы

– мәтіндік редакторда мәзір жолағымен жұмыс жасайды;

– мәтінді берілген критерийларға байланысты теруді үйренеді;

– ережелерді қатаң сақтауды үйренеді.

 

Видеоролик көмегін қолдана отырып, көзге арналған сергіту жаттығуларын жасатамын.

 

Бекіту:

Дескрипторлар:

Білім алушы

– мәтіннің бөліктерін атайды;

– шрифт пен абзацтың қайда орналасқанын анықтайды.

 

 

Бағалау: Оқушыларды киіз үй сыйлықтары арқылы мадақтаймын.

 

 

 

 

 

 

 

Жұлдызша арқылы бір- бірін бағалайды.

 

 

Қосымша ақпарат  ресурстарды қолданамын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Видеоролик

      Сабақтың соңы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс.

Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы:

Түсінік бағдаршамы:

– нені білді

-нені үйренді

– не әлі де түсініксіз.

Үйге тапсырма:

1/ Мәтінді терген кезде Шрифт пен Абзац командалары не үшін қолданылады?;

2/ Шрифт пен Абзац командаларын салыстыр. Қызметтеріндегі негізгі үш айырмашылықты ата.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *