“Академиялық адалдық”

23 сәуір күні ЕҰУ-нде Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен «Академиялық адалдық» кездесуі өтті. Кездесуге ЕҰУ Әдеп жөніндегі уәкілі, заң ғылымдарының кандидаты Нұғыманов Еркебұлан, «Аmanat» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық «Бірлік» филиалы атқарушы хатшысы Қожахметов Шыңғысхан және ҚР Президенті жанындағы Басқару Академиясының компланс офицері Қабылдин Айбек мырзалар келіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу басында студенттерге сыбайлас жемқорлық жайлы ақпарат пен оның зардаптары туралы айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көпшіліктің белсене атсалысқаны маңызды. Көпшілік бірлессе сыбайлас жемқорлыққа қарсы мықты тосқауыл болатыны сөзсіз.

Кездесуге қонақ болып келген Кертаева Ғалиябану Махметқызы Әль-Фараби, Шәкәрім және Абай аталарымыздың ұстанымдарымен қазіргі заманның талаптарын ұштастарды. «Адал болсақ, жетпейтін жеріміз жоқ» деп өз пікірін білдірді.

Өз кезегінде, Қожахметов Шыңғысхан ақпаратты дұрыс таңдап, әлеуметтік желідегі блогерлерге сене бермеу керек деп студенттерге өз ақылын айтты. Сонымен қатар, коррупцияға бейім 3 органды атап өтті. Олар, білім саласы, денсаулық саласы және полиция қызметкерлері.

Қабылдин Айбектің пікірінше, біз жемқорлыққа жеңіл дүние деп қарамай, оның азаюына өз үлесімізді қосуымыз қажет. Студенттерге Еркебұлан Еркінұлы жемқорлық қандай жағдайларға әкеп соғуы мүмкін екенін айтып өтті.

Жалпы, жастарға ой саларлық жақсы кездесу болды. Студенттер пайдалы әрі тың ақпаратты саналарына сіңірді. Осындай кездесулер көптеп ұйымдастырылғаны жастарға тиімді деп есептеймін.

Дайындаған: ЦММ-21 тобының студенті Қайыржан Назира

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *