Гармония арқылы өзгеру

Данияр Гулзада ҚазҰУ магистранты;
Жубаназарова Назираш Сулейменовна
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті, профессор м.а.
PHd Баймолдина А.О.

Біздің ойымызша, «рухани-материалды» дуаль¬дылығы және оның дамуы Қасиетті кітаптағы өзгемейтін рухани құндылық – шынайы руханиятты ілім, ал жеке тұлғалардың ниеттері мен іс-әрекеттері, яғни Дін тұту жарғысының барлық ережелерін әруақытта орындау, соған сәйкес өмір сүру – өзгеріп тұратын құбылыс. Руханият іліміне сәйкес бастапқыда адам түйсігінде әлуетті екі бастама орын алады: бір жағынан рухани құндылыққа және екінші жағынан материалдық байлыққа ұмтылыс. Қайсысы нағыз маңыздысы, қайсысы өмірдің мәні болатыны – ол адам тәрбиесіне байланысты. Бұл Гармониялы не дисгармониялы әлемнің заңды түрде пайда болуына әсерін тигізеді. Әрине, бұл жерде өз қиыншылықтары болады және де ұзақ мерзімге созылуы да мүмкін.
Көп қырлы, тамаша «Гармония» түсінігі адам¬ның жеке бақытын, қоғамның жан-жақты (сүйіспеншілік пен бауырластықтан өмірді сүю мен гумманистікке, тұлғалардың еңбекқорлығынан экономика¬ның тұрақ¬ты дамуына дейін, т. б.), яғни шынайы руханилылық негізінде жасалған алуан түрлі: игілік, қара-пайымдылық, кеңпейілділік, жақсылық, сана¬лылық, шыншылдықты өзіне алуан түрлі қамтитын ұғым. Керісінше, жеке азамат пен әлеуеттегі дисгармония жағымсыздыққа толы, тұнып тұр (сараңдық пен пайызқұмарлықтан маскүнемдік пен бейбастыққа, елдің жалпы кедейлігінен бір адамға шаққан табыс мөлшерінің жер мен көктей айырмашылығына, құқықтың шексіз бұзылуынан қатал әкімшілдікке, некесіздіктің басымдылығынан этностардың жойылуына дейін, т.б.). Әртүрлі әлеуеттерде дисгармонияның белгілері телегей теңіз. Бүкіл ғаламды, не жеке тұлғаны алсақ та Гармония барлық жерде бар. Оны зерттеу руханилық ілімді, әсіресе, Исламдық доктринаны, қазіргі ғылыммен, мысалы, метажүйелілік талдау теориясымен ұштастыруды талап етеді. Рухани деңгейі жағынан жеке тұлғалар, әсіресе, әлеуеттер әр алуан. Олар Жаратушыны мойындамайтын қараниетті материалистен (нөлдік көрсеткішпен) дін қызметшісіне дейін болады. Көбісі руханилығы жағынан әртүрлі деңгейдегі тұлғалар. Дуальдылықтың екі жағы да өзгеріп тұрады. Қатып қалған материалдық әлемнің болмайтынын жұрттың бәрі біледі. Ал, керісінше, рухани өмірдің эволюциясы, біздің пікірімізше, көп азаматтарға анық байқалмайды. Сондықтан да, осыны дәлелдеу қажет болып отыр. Күрделі өмірді бірқалыпты емес түрде қабылдау «руханилы-материалды» дуальдылықтың неге және қалайша қалыптасатынын түсінуге мүмкіншілік береді. Руханилылықтың деңгейінің көтерілуі Гармонияның негізін нығайтады, ал оның төмендеуі, керісінше, Гармонияны әлсіздендіреді, сөйтіп, дисгармонияны күшейтеді. Әлбетте, руханилылықты ғылымда жалпы қарайды, ал оның шынайылығына көңіл аудара бермейді.
Бұл жерде шынайы рухани ілімдердің рөліне өте жоғары баға берілуі керек. Содан кейін адамдардың дінмен қарым-қатынасы маңызды. Осы руханилылық ұғымның екі жағы дуальдылықтың қайнар көзін (генезисін) зерттеу қажет. Бізге белгілісі, монотеизмде, оның ішінде, Исламда руханилылық пен материал-дылық маңызы жағынан тең емес. Рухани жетілудің дамуынан тұратын адам өмірінің мақсаты Қасиетті «Құран» кітабында, сонымен қатар басқа да Қасиетті Кітаптарда анықталған. Бұл діни сенімдегі тұлғалардың рухани қажеттілігіне өмір мақсатының ұстанымын, ал материалдық байлықтарға – осы жетістіктерге жету рөлін береді. Кез келген жүйенің иерархиясы бойынша, мақсат оған жеткізетін жолдардан, маңызы жағынан, биік тұрады. Әр заттың орны бар емес пе? Бұл кешенді талдаудың аксиомасы.
Руханилық пен материалдық бастамалардың өзара тартыс диалектикасы, әсіресе қазіргі кезде, күрделі және құбылмалы. Рухани құндылық пен материалды байлық деңгейінің құбылмалылығының әдістемелік және тәжрибелік мәні зор, материалдық байлық шексіз емес уақытша осы өмірдің қызықтырушысы, ал рухани құндылық ол шексіз мәңгілік, сондықтан оны, яғни даму үдерісін ескермеуге болмайды. «Гармония-дисгармония» дуальдылығы – барлық дүниенің, оның ішінде руханилық пен материалдылықтың өзгеруінің туындысы, руханилықтың материалдықтан немесе, материалдықтың руханилықтан басымдылығын анықтаудың нәтижесі.
Рухани негізде, адамдардың сана-сезімінде, содан кейін экономикада (сана тұрмысты анықтайды) әлеуметтік-экономикалық Гармония және оның заң¬дары қалыптасады, сондықтан жеке тұлғалардың сана-сезімдерінің шынайы руханиға және өнегелілікке қарай өзгеруі өте жоғары дәрежелі. Сананы Гармониялау – жеке тұлғалардың экономикалық істерінің бастамасы. Бұл әр елдің экономикасының даму деңгейіне және халқының тұрмысына, демография мен демо¬кра¬тиялық жағдайына тәуелді емес. Гармониялы экономиканың мақсаты – халықтың барлық орынды материалдық қажеттілігін қамтамасыз ету. Эконо-микалық жүйеде рухани-өнегелілігі, парасаты және мәдениеті жоғары қызметкерлер көп болған сайын, бұл мақсат ойдағыдай орындалып отырады. Натижесінде қоғамдағы және оның экономикасындағы Гармонияның қалыптасуы жеделдетіледі.
Дисгармония адамның жан дүниесі кемелден¬бе¬ген¬діктен (парасаттылығы жоғары болса да) туады. Нәтижесінде адам атеист немесе агност болып қалады. Және де кейбір кезде діндарлар Дінтұтужарғысынан ауытқып, теріс қылықтар жасауы мүмкін. Осы діндарлар тәубасына келіп, Жаратушыдан кешірім сұрап, Гармония әлеміне қайтып келеді.
«Гармония-дисгармония» дуальдылығы «Руханилы-материалды» дуальдылықпен басқа себеппен де қа¬быспайды. Әлеуметтік Гармония өзінің негізі – рухани¬лықпен (демоэтика) қатар қоғамның басқада өрістерін (демография, демократия, демоэкономика) қамтиды. Сондықтан, өзінің мазмұны жағынан руханилылықтан әлдеқайда кең, өйткені Гармония материалдылықты да қамтиды. Қарама-қайшылықтардың тартысы және тұлғалар¬дың дамуының натижесінде бастапқы «Руханилы-материалды» дуальдылық «Гармония-дисгармония» дуаль¬дылығына жиі ауысып отырады. Сондықтан да екінші ұғым құрамы жағынан күрделілеу. Бұны біліп жүргеніміз абзал. Халыққа кең таралған «игілік» пен «зұлымдық» сөздері «Гармония» және «дисгармония» ұғымына толық сәйкес келмейді. Себебі шынайы сенуші адамның игілігі Гармонияға жатады, өйткені ол оны Жаратушыға құлшылық ету үшін жасайды. Ал, атеистер мен политеистердің жасаған істері Гармонияға жатпайды, себебі олардың рухани негізі жоқ, жақсылықты олар өздері үшін немесе басқалар үшін ғана жасайды. Бірінші жағдайдағы игілікті іс нағыз бақыт көзі, өте құнды, себебі ол Жаратушының разылығына жеткізетін тура жол ғой. Орындылық, бір қалыптылық, әділеттілік, адалды¬лық және ашықтылық, адамның міндеті мен құқығын құрметтеу, әлемдік сүйіспеншілік, азаматтардың өзара сенімділігі және тағы басқа рухани-өнегелілік құндылықтар Гармонияға деген әлеуметтік эволюция¬ның мәнін, маңызын құрайды. Гармонияға жол ашылған жерде кедергілер жойылады, қоғамның барлық қорлары адамның игілігі және қоршаған ортаны сақтау үшін ерекше тиімділікпен жұмсалады. Ысырап, мақсатсыз шығын сияқты теріс іс-әрекетке тосқауыл қойылады.
Біздің өркениетімізде бір аса маңызды жайттың болып жатқанын, осыған байланысты қазіргі өмірге басқа көзқараспен қарау керек екенін, менімше, көптеген адамдар қатты сезінуде. Осы бір жаңа сезім, алдымызда болашақ өзгерістердің болу мүмкіндігі адамдардың көңіліне жаңа үміт тудырады.
Барлығымызға анық, кез келген қоғам материал¬дық байлықпен, ырықсыз сезіммен, қалауменен құ¬рыла салмайды. Адамзаттың ғұламалары көптен бері жаңа дәуірдің келгенін айтып келеді. Жаңа дәуірдің қағидатты түрде жаңа адамгершілік ұстанымы болады, ал оны іске қосу үшін компьютерлік программадағы сияқты құпия белгісі (паролі) болады, ол пароль «дін» сөзі болып саналады.
Тарих үйреткендей, Жалғыз Жаратушыға сенуші¬лік¬тің жоқтығы, байлыққа бойұсыну, жарамсыз ниеттер, құмарлыққа салыну, зинақорлық т.б. жайсыз көріністер қатерлі салдарға апарады. Бұл жерде Жаратушыға сенбеген Ад және Самуд, Соддом және Гоморо сияқты бай халықтардың, фараондардың, тағы басқалардың (бұл жерде қалған көптеген мысалдарды айтпай-ақ қояйын). жойылып кеткенінен тағылым алу қажет. Осы халықтардың тағдыры біздің заманымызда қайталанбайтынына кім кепіл бере алады? Қоғамда рухани-өнегеліліктің іргетасы жоқ жағдайда жоғары экономикалық даму – уақытша алдамшы, ең бастысы ол тұйыққа, әрі құрдымға апаратын алдамшы жол. Осыдан сақ болуымызды тарих айтып тұр емес пе? «Оян қазақ!» демей-ақ қояйын. Дегенмен де, ойланайықшы, ағайын!
Дәуіріміздің ауысып жатқаны, адамдардың құнды¬лықтарының өзгеруі, руханияттың қайта жаңаруы жө¬нінде осы мақаланың авторы біраз жылдар бойы айтып та, жазып та келеді. Қазіргі таңда көптеген адамдар өзінің болашағын, өмірінің жол көрсеткішін Исламмен байланыстырады. Бұл үдерісте шынайы руханилық пен әдептіліктің рөлі көтеріліп жатқанына қөз жұмып отыра беруімізге болмайды. Дін мен ғылымның ара¬сындағы қазіргі қашықтықты жоюға талпынуымыз керек. Міне, осы арқылы ғылымның жаңа заңдарын, тұжырымдарын, жаңалықтарын ашуға болады. Содан кейін ғылымның осындай натижелерін идеологияда, саясатта, тәрбиеде, білімде, экономикада саналы түрде пайдалануға болады. Діни ілімді (Ислам доктринасы) ғылыммен біріктірудің арқасында автор дуальдылық әлемді жаңаша көруге мүмкіншілік алды және де Гармония әлемі мен дисгармония әлемінің заңдарын, әлеуметтік экономиканың пардигмасын ашты ( D+ 3D). Бұл ғылыми жаңалықтар әр елдің Гармонияға бағытының бар екенін де, жоқ екенін де анықтап беруге мүмкіндік тудырып берді. Гармония бағыты – елдің бақыты, ал оның жоқтығы елдің құрдымға кетуі.
Рухани және ғылыми ілімнің пайымдауынша, адамның барлық ой өрісі жеке тұлғаның саналы ниеті ретінде қалыптасады. Қазіргі теория үздіксіз қайталанып жатқан дағдарыстардың түпкі себебін ашпауда. Бұл ретте тек дағдарыстың салдарларына ерекше мән беріп, оның ең бірінші түп нұсқасы – рухани-өнегелілік дағдарысты назардан тыс қалдыруда. Аурудың тек сыртқы белгілерін (симптомдарын) ғана емдеп, оның түпкі себебін анықтап жоймаса, адам мүлдем жазылып кетпейді ғой.
Қазіргі классикалық экономика үлгісі, өкінішке орай, қалыпты арнасынан тайған әлем тәртібіне жаңа түрткі болуға дәрменсіздік танытып отыр. Александриялық маяк сияқты, шынайы рухани-өнегелілікке негізделген әлеуметтік-экономикалық Гармония ілімі осындай кемшілікті жою үшін бізге жол сілтеп сәулесін шашып тұрғандай. Басқа орынды балама сөзсіз жоқ.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *