Аластау ырымы

Тақырыбы:  Аластау ырымы

Мақсаты: Қазақтың ырым сөзінің мән – мағынасын түсіндіру.Аластау ырымымен таныстырып,түсінік қалыптастыру.Рухани жан дүниені дамыту.

Тәрбиелік мәні:
Ойшылдыққа, әдептілікке, адалдыққа, батылдыққа, әдемілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: қазақтың ырым – тыйым сөздері, презентация видеороликтер,фотосуреттер.
Әдісі: Түсіндіру, баяндау

Ұйымдастыру кезеңі.

Тақырыппен таныстыру. Аластау ырымы

Сабақтың мазмұнымен таныстыру

1.Жалпы ырым жайлы түсінік

2.Аластау ырымы

3.Қандай өсімдік түрлерін қолданамыз?

4.Аластау түрлері

5.Қорытынды

 

1.Жалпы ырым жайлы түсінік. Ырым дегеніміз не?

Ырым – халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы. Ырымның жолдары мен түрлері өте көп. Мысалы,  “шешен болсын” деп аузына түкіру, “отаншыл болсын” деп туған жерге аунату, “ер жүрек болсын” деп батырдың сарқытын жегізу немесе оның атын қою сияқты ырымдар бар.

Өмірде, тұрмыста, салтта жасалатын ырымдар саны көп және оны қолайлы сәтінде халық ұмытпай қолданған, әлі де қолданып келеді.

2.Аластау ырымы

Аластау  – оттың киелi қасиетiне сенуден пайда болған тазарту тәсiлi, ұшықтаудың бір түрі. Аластау  қазақтар арасында көне дәуірден келе жатқан анимистік және тотемдік наным-сенімге негізделді. Аластау – адамдарды бәле-жаладан, көз тию, сұқтан сақтауға бағытталған әртүрлі әрекеттер арқылы атқарылады. Оттың көмегімен жасалады. «Аластау»-сөзінің түбірі «алас» «от» деген мағынаны білдіреді. Сонда аластау рәсімі ежелден орныққан отқа табыну жосынынан бастау алады деуге болады. Ауру-сырқаудың бәрi адамға жын-шайтан, әзәзiл мен перiлердiң соғуынан жабысады деп саналғандықтан, әрбiр көшкен сайын киiз үйдi де, малды да, мүлікті де аластайды. От тұтатып онымен бесікті, босағаны, тағы басқа жерлерді аралата «алас, алас, ауру-сырқаудан алас, тіл мен көзден алас» деген сияқты сөздер айтады. Мұны жөн білетін, ем-домнан да хабары бар адамдар атқарды. Аластау сонымен бірге, тазалық пен амандықтың да кепілі ретінде қолданылды

3.Қандай өсімдік түрлерін қолданамыз?

Арша және адыраспан

– Арша – тау беткейінде, құмды жерлерде өсетін мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұта. Ол 300 жылдай өседі, сондықтан көптеген халықтардың ұғымында қасиетті, киелі ағаш саналады. Оның түтіні жын-шайтандарды, ауру-сырқауды, жалпы жамандық атаулыны қуады деген түсінік қалыптасқан. Олар айналасындағы ауру тудыратын микробтарды жойып жібереді. Яғни, бактериялар мен саңырауқұлақтарды және кейбір бунақденелілердің өзін де өлтіретін фитонцидтік қасиеті бар

Адыраспан – көпжылдық өсімдік. Оның сабағы бұтақшалы, тамыры діңгекті, жапырақтары тілімденген, кезектесіп орналасқан. Бес күлтешесі бес бөлімді. Аталығы он бес, гүлдері ақ-сарғылт. Жемісі дөңгелек тәрізді кауашақ, ірі қоңыр түсті көп тұқымды болады. Адыраспан – ең көп тараған емдік шөптердің бірі. Одан жасалған гармалин алкалоидының әсері банистерин алкалоидынан асып түседі. Ол эниефалит ауруын емдегенде жақсы нәтиже береді

4.Аластау түрлері

Нәрестені бесікке бөлемес бұрын, бесікті аластау.Үй ішін аластау. Т,б

Бесікті аластар кезде айтылатын сөздер

Алас, алас баладан алас.
Иесі келді, пәледен көш
Алас, алас баладан алас.
Көзі жаманның, көзінен алас,
Тілі жаманның тілінен алас.
Қырық қабырғасынан алас

Отыз омыртқасынан алас, — деп пәле-жала, жын-шайтан, тіл-көзден сақтасын деген тілек айтылады.

Қорытынды:

Қазақ халқының бұрыннан келе жатқан ырым тиымдарын ұмыт қылмай,жалғастыру. Жалпы аластау ырымы– адамдарды бәле-жаладан, көз тию, сұқтан сақтауға бағытталған әртүрлі әрекеттер арқылы атқарылады. Аластау кезінде-жын-шайтандарды, ауру-сырқауды, жалпы жамандық атаулыны қуады деген түсінік қалыптасқан.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *