«ОТБАСЫ МЕН БАЛАБАҚША ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ»

Төлегенова Бибігүл Қуанышқызы –

педагог-модератор

Ақтөбе қаласы

КММ «Сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған

«Алма» балабақшасы»

Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өмірдей ұл-қыздардың дені сау,рухани бай,еңбекке,білімге құштар болып өсуі ең жоғары тілек,ең биік мақсат.Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы.Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды.Отбасы өмірге сәби әкеліп,оны тәрбиелеп,қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты-баланың жасын,жеке ерекшелігін,психологиялық процестерін ескере отырып,жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу.

Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.

Отбасында баланың өсуіне,денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.

 

-еңбексүйгіштікке баулу,тұрмыстағы,үй шаруасындағы еңбекке  құлшынысын арттыру,өзіне-өзі қызмет етуге  үйрету.

-отбасы мүшелерімен тіл табысып,дұыс қарым-қатынас жасауға,үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуге үйрету.

-әдебиетке,мәдениетке,өнерге тәрбиелеу.Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында,қоғамдық орындарда,мектепте тәлім-тәрбие беріледі.

«Баланы жастан», «Ұядан не көрсең,ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең.Себебі,есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін,қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын.Осы кезде «Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын,өзіңіздің мінез-құлқыңызды,өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп,бақыладыңыз ба?» деген сауал туады.

Ұлы педагог А.С.Макаренко: «Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата-ана жоқ.Бірақ қалай,қай бағытта өнеге,өсіріп келе жатқанын ойламастан,бала санасын рухани етіп тәрбиелейтін ата-ана  баршылық.Бұл беделді болудың қандай жолы?Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады»деген.

Отбасы-барлығының басы,жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады.Ал әке мен шеше-баланың алғашқы тәрбиешілері.

Ата-аналар бала бақытының шынайы болғаны болуы тиіс.Бала бақыты-білімде.Білім бір құрал.білімі көп адам құралы сай ұста сықылды,не жасаса да келістіріп жасайды. Дейді А.байтұрсынов.

Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты  ұстаздар мен ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкешілігі арта түсуде.Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек.Әр бір ұстаз ата-аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді,қәзіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып,ата-ананыңқызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса,ата-ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.

Ата-аналармен жұмыс ұйымдастырудың негізгі мақсаты:

*ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;

*Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететін атап өту;

-Ата-аналармен жұмысжасаған кездебірізгілік қағидасын басшылыққа алу;

Ал міндеттері:

*Бала өміріне қолдау жасау,келешекке өз жемісін береді;

*Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау,ата-ананың өміріндегі тұрақтылықпен  болашаққа деген сенімін нығайтады;

Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тірбиелеуге қатысы кеңейе түсіп,тәрбие жұмысы еңбек ұжымның күнделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата-аналармен және көпшілікпенбірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып,жемісті түрде қолдануда.Олар ата-аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізеді.

Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата-аналардың педагогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәжірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?

Ол үшін біз ата аналармен жақынырақ танысып,отбасының әлеуметтік жағдайын,отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегіролін анықтау үшін,ата-аналардың ұсыныс-пікірлерін,ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар,анкеталық сұрақтар алуымызға болады.Сонымен бірге жыл бойы жүргізілген жұмыс түрлерін ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай кезекті мәселелерді,отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады.сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс –пікірлерімен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар , консультациялар, сұрақ жауап кештері, тәжрибе жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар,ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.М,Әуезов «қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар.Ең алодымен әуелі ниет керек,одан соң күш керек,содан соң тәртіп керек».Өмірлік тәджірибе ұлы жазушыларымыздың сөзінің құдыреттілігін байқатады.

Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп,бағытты жұмыс жүргізу,ұйымдастырылған мерекелік іс-шараларға , ата-аналар және топ жиналыстарына ата-аналарды тартуы.Ата-аналар өздерінің балаларын тәрбиелей отырып,оны қорғауға міндетті.Әлі жасы жетпегендіктен,әлі толыққалыптаспағандықтан балалар өз мүдделерін өздері қорғай алмайды.Сондықтан ата-аналар біріншіден ,балаларының құқығын қорғауға міндетті.Бұл оның мүлкіне де ,жеке басына да қатысты.екіншіден,балалардың мүддесін қорғауға заң жүзінде  белгіленетін құқық,мысалы,баланың мұрагер болуы құқыға да жатады.құқықты қорғауға баланың құқығын бұзуға жол бермеу ұшін күресу мәселесі де қосылады.Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады.

Ата-аналар өздерінің баласына былай да теріс қарамайтыны табиғи нәрсе.Дегенмен  өнінішке орай өкінішке орай басқа да жағдайлар кездесетіні жасырын сыр емес.Тәрбиеден қате жіберілсе ,оның салдары ата-ананың өзіне тиеді.Тәрбисіздік пен адамгершілікке жатпайтын тәртіп балаға оңай соқпайды.Қоғам да,басқа адамдар да мұндай қылықтан зиян шегеді.

Мұның арты  заңды,құқықты бұзушылыққа дейін әкеліп соғатыны тағы бар.Сондықтан өзінің борыныш дұрыс атқармаған ата-анаға заңның да қолданатын шарасы болады.Кейбір сирек кездесетін жағдайларда ата ана (әкесі не анасы) өзінің ата-аналық құқығынан заң жүзінде айырылуы мүмкін.Кейбір сирек кездесетін жағдайлар дегеніміз не?

Енді соған келейік.Біріншіден, егер ата-ана адамгершілік ,әділеттілік тәрбиесімен айналыспаса.оқуы мен қалыпты дамуынва қажетті жағдай жасамаса ,онда ол баласын тәрбиелеудегі өзінің міндетінен  қашқандыққа жатады.

Екіншіден, мұндай жағдайда ата-аналар өздерінің құқығын теріс пайдаланған (оқуға баруына бөгет жасау,сабаққа дайындалуына мүмкіндік бермеу,қайыр сұрауға мәжбүр ету,баланы басқа да теріс қылықтарға ұғындыру) болып табылады.

Үшіншіден,егер ата-ана ұрып-сабаса ,баласын қорқытса,тамақ бермесе,үйден қуып жіберсе,қадір-қасиетін қорласа;

Төртіншіден,ата-ана өзінің адамшылыққа жатпайтын,қоғамға қарсы қылығымен зиянды түрде ықпал етсе;

Бесіншіден, үнемі маскүнемдікке,қорлыққа салынса,ондай ата-аналарды ата-аналық құқықтан айырады.

Отбасы –адам баласының өсіп, өнер алатын ұясы.Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатыр.

Бала өмірінің алғашқы күннен бастап,ата-ана өздерінің негізгі борыштарын тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі ең алдымен дені сау,ұлттық сана сезім оянған ,рухани ойлау дәрежесі биік ,ар-ожданы мол, мәдениетті,парасатты еңбекқор,іскер,бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу деп көрсетілген,Қазақстан республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында.Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні ,отбасындағы өзара ынтымақтастықпен түсіністік болып табылады.Бала өскен сайын,оның тәрбиесі де күрделеніп,оған қойылатын талап тар да күшейе түседі.Ақыл ойының дамуы,ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады.Оның негізі отбасында мектепке дейінгі  жаста қаланады.Балалар үйде ата-анасының еңбектегі ісіне  және сөйлеу мәнеріне көңіл бөліп,оны түсінуге тырысады.Ата-аналарда балдаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отыру қажет.Отбасының негізгі міндеті-баланың меңбек етуге,жарқын сезімдермен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу,адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету.Бұл қасиеттердің бәрінегізінен отбасы-ошақ қасында қалыптасып нығаяды.мұнда әсіресеотбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас балавлардың бойында осындай сезімдерді қалыптастырады.Өз ата-анасын сыйлап,құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей біледі,қашанда үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап,құрметпен иқамқорлық таныта біледі.

Отбасы алдындағы өте үлкен педагогикалық міндеттердің бірі жас ұрпақты жарқын сезімдерге нұрлы мақсат-мұраттарға ынталандыру.Жауапкершілік,достық,ар-намыс сезімдері отбасындағы тәрбиеден тарайды.Балаға ата-ананың тек өзі ғана емес,өздерінің өнегелі іс-әрекеттері үлкен әсер етпек.Сондықтан да сөз бен іс-әрекет қисындылығы зор тәрбие құралы екенін ұмытпауымыз қажет.Бала болашағына негіз салушы  ата-ана. Сондықтан ата-аналар жас ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікті жүрекпен сезінейік.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Меңжанова А. «Мектепке дейінгі педагогика»-Алматы ; Рауан 1992жыл

  1. «Бала мен балабақша»Республикалық педагогикалық журнал.№6 2002жыл.

3.Журнал  «Бала мен балабақша»№2 2007 жыл.

  1. «Білім айнасы» Астана 2017жыл

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *