«ТӘРБИЕШІНІҢ ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ»
Мұқанбетжанова Гүлден Мұратқызы –
педагог -модератор
Ақтөбе қаласы
КММ «Сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған
«Алма» балабақшасы»
Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған балабақшаның тәрбиешісінің басты міндетіне тәрбиелеу мен оқытуда жалпы білім беру бағдарламасының талаптарын орындау, сонымен қатар логопедиялық жұмыс бағдарламасына сәйкес коррекциялық міндеттерді шешу кіреді.Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып,баланың қалыпты дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады.соңғы кезде балалар арасында сөйлеу тілінің бұзылуы жиі кездесетін құбылысқа айналып барады.Сөйлеу тілі бұзылған баланың белсенді қозғалуында жетіспеушіліктер,соның ішінде саусақтың ұсақ моторикакларында ауытқушылықтар байқалады.Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады.Балалардың дыбысты дұрыс айтуын түзету жұмыстарына кіріспес бұрын,оның жеке тұлғалық белгілері міндетті түрде білу қажет.Кейбір балалардың сөйлеу тілінің бұзылуымен қатар ,нервті-психология саласында да психологиялық ауытқушылықтар болатына да назар аудару қажет.Сол себепті де балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін ескере отырып,жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін ойындар мен тапсырмалар беріп отыру қажет.Сол себепті тәрбиеші тек баланың ақыл-ой және дене дамуындағы кемшіліктерді түзетіп қана қоймай,сонымен бірге қоршаған орта туралы түсініктерді кеңейтуге,сақталған түйсіктер әрекетінің дами түсуіне де басты көңіл бөлінеді.Мұнда баланың компенсатоорлық мүмкіндігінің дамуына жағдай жасалып,соңында тілді тиімді меңгеруге үлкен септігін тигізеді.
Тілдік бұзылуы өте ауыр балаларға арналған балабақшада тәрбиешіге жеке тұлғаны жан-жақты дамуын қалыптастыруға барлық мүмкіндік жасалған.Бейнелеу өнері және құрастыру оқу іс-әрекетіндегі тілді дамыту жұмыстары: Сабақ жалпы типтегі балабақшалар үшін жасалған бағдарлама талаптарына сәйкес өтеді. Оқытудың алғашқы уақытында балалардың ерекшеліктері ескеріліп, егер дағдысы қалыптаспаған бала болса,онда ортаңғы топқа арналған талаптарды ғана орындаумен шектеледі.Оқу әрекетін дұрыс әрі жүйелі ұйымдастыру арқылы тәрбиеші құрастыру мен бейнелеу сабақтарында балалардың сөйлеу белсенділігін арттырып,етістік,көмекші сөз,үстеу,сапалы және қатыстық сын есімдерге байланысты сөздік қорларын молайту үшін лексикалық материалдарды іріктеп алуға мүмкіндік алады.
Логотопта жұмыс жасайтын тәрбиешінің алдына қойылатын түзету мақсаттары:
-Артикуляциялық жалпы ұсақ моториканы дамытатын жаттығуларды үнемі қолдану және меңгерту;
-Логопед қойған дыбысты сөйлеу қатынасы кезінде бекіту;
-Бағдарламаға сәйкес лексикалық тақырыптар бойынша сөздік қорларын дамыту,қалыптастыру;
-сөйлеу граматикалық қатарын меңгертетін жаттығуларды қолдану;
-Сөйлеу материалы арқылы ойын жаттығуы барысында балалардың ес,логикалық ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту;
-Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту;
-Қалыптасқан дыбыстықталдау және жинақтау дағдыларын бекіту;
-оқу және жазу дағдыларын бекіту.
Тәрбиешінің түзету жұмыстарының негізгі бағыттары:
1.Артикуляциялық жаттығу.Тыныс жәнедауыс жаттығулары мен бірге күні бойы 3-5 рет орындалады.
2.Саусақ жаттығулары артикуляциялық жаттығумен бірге кешенді түрде күні бойы 3-5 рет орындалады.
3.Түзете дамыту мини жаттығулар.Дене бітімін (жауырын,табан) сауықтыру мақсатында ұйқыдан кейін орындалады.
4.Кешкі жеке жұмыстар.Логопедтің тапсырмасы бойынша дыбыстарды дұрыс айтқызуды бекіту.Тәрбиеші әр баланың жеке дәптерімен жұмыс жасайды.Аталған оқу іс-әрекеттің мазмұны бағдарламаға сәйкес анықталады.
4.1.Бекітілген дыбыстарға сәйкес буындарды, сөздерді,сөйлемдерді айтқызу.
4.2.Жаңылтпаштарды,қысқа әңгімелерді,өлеңдерді қайталап айтқызу.
4.3.Дыбыстық талдау және жинақтауға арналған жаттығулар.
4.4.Лексика-граматикалық жаттығуларды қайталап айтқызу.
4.5.Есте сақтау,ойлау,зейін қабілеттерін дамытатын жаттығулар.
Логотоптағы тәрбиешінің жұмысының ерекшелігі ол күнделіеті жұмыс,сабақ барысында оқыту,тәрбиелеу дамытушылық мақсаттарын жүзеге асырып қана қоймайды.Сонымен түзнтушілік мақсаттарын орындайды.
5.Сабақтан тыс түзету жұмыстары: күн тәртібі,өзін-өзі басқару кезеңдерінде,тұрмыстық еңбек,табиғат аясындағы еңбекте,саяхатта,ойын шараларында жүзеге асады.
Логопед-Тәрбиеші-Ата-ана арасындағы жүйелі байланыс нәтижесінде логопедиялық жұмыстың мақсаттары орындалады.
Түзету-дамыту жүйесіндегі логопед пен тәрбиешінің жұмыс барысыныңерекшелігі:
-Тәрбиеші топқа келген әр баланыңбұзылу ерекшелігін,сипатын білу керек;
-Сөйлеу тілінің бұзылуы;
-Сөйлеу әрекеті мен қатынасты таным жүйелерінің толық қалыптасуы; мысылы:есте сақтау,қабылдау,сөздік ойлау қабілеті,саусақ және артикуляциялық моторикаларының бұзылу сипаты.
-Мінез құлық ерекшеліктері;Осы айтылған жұмыстар біздің балабақшада жүргізілуде және оқу іс-әрекеті барысында ұсақ моторикаға көп көңіл бөлеміз.Себебі қолдың саусақ жаттығулары қарапайымнан күрделіге қарай ойысады.
Қолдың саусақ қызметін анықтайтын біріңғай ұғым әдетте кездеспейді.Дегенмен,тәжірибеге жүгіне отырып,оларды жинақтасақ: қолға арналған гимнастика,саусақ гимнастикасы,саусақ ойындары мен жаттығулары,саусақ ойын тренингі,массаждар.Саусақ гимнастикасын күн сайын 3-5 минуттан жеке және топпен өткізуге болады. Егер бала қимылдарды өз бетімен орындауда қиналса онда ол жаттығуды жеке сабаққа қалдырып,пысықтауға болады.Жаттығу нгәтижесінде бала саусақ қимылдарын өз бетімен және жеңіл орындайды.ойын қимылдары әрдайым қызықты да,тартымды болуы шарт,бала мезі болмауы керек.
Тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда қолдың саусақ және буындарына массаж қолданудың да маңызы бар.қазіргі таңда массаж ғылыми тұрғыдағы әдіс,ол бүкіл ағзаның дене және ой қызметін қалыпты ұстауда және қалпына келтіруде көптеген ауруды емдеуде және сауықтыруға ықпал етеді.Массаж үлкенге де кішіге де қажет.Ең алдымен массаж дені сау адамдарға жақсы көңіл-күй мен әртүрлі аурулардың алдын алу үшін жасалады.Дамуында әр түрлі ауытқушылықтар бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда әртүрлі массаж қолданады.Оның негізгісі сылау, сипау,қысу,сілкілеу,қозғалту,дірілдету арқылы босаңсыту және қатайту массаждары.Сондай-ақ биологиялық активті нүктелерге әртүрлі вибро массаждар,зонд, дөңгелек,массаж доптар,спанжер және өз-өзіне массаж түрлері жасалады.Массаж балаға қолайлы жағдайда мүмкіндігінше жақсы музикалық сүйемелдеумен өткізілгені дұрыс.Жалпы тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда сондай-ақ әртүрлі жұмсақ конструкторларды құрастыру,моншақты жіпке тізу,бау байлау,мозайкаларды құрастырумен айналысуға болады.
Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалардың сөйлеу тілінің әдістемесі-сөйлеу тілі бұзылған мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеуінің қалыптасуына бағытталған,педагогикалық заңдылықтарды оқып танитын,педпгогикалық ұғым.
Берілген әдістеменің негізгі мақсаты-өз тіліне оқытудың ғылыми негізделген жүйесін өңдеу.Жалпы сөйлеу тілін дамытудың әдістемесі жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалардың тілін қалыптастыру дамыту болып табылады.Жалпы сөйлеу тілін дамытудың әдістемесінің мазмұны-тілдің коммуникативтік қызметтерін қалыптастыру,сөздік қорын байыту,ана тілінің граматикалық құрлымын қалыптастыру,,сөйлеу тілінің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу.Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалармен тәрбиеші мен логопед мамагдарының жұмыстарды жүргізуде мына міндеттерді алуға болады:
-Сөйлеу әрекетінің онтогенезіне зерттеу жүргізу.
-сөйлеу тілінің түрлі бұзылымдары кезіндегі сөйлеудің дамуын зерттеу.
-сөйлеу тілінде кемшілігі бар балаларды оқытудың принциптеріне талдау жасау.
-балалардың тілін дамыту
Көрсетілген міндеттердің мазмұны сөйлеуді дамыту жұмыстарында қолданатын арнайы әдістеменің теориялық және практикалық бағыттарын анықтайды.Бұл міндеттерді шешуде сөйлеуді дамыту әдістемесін басқа ғылымдармен анықтайды.Логопед пен тәрбиеші арасындағы күннің екінші жартсындағы өткізілетін тағы бір жұмыстың түрі ол-логосағат.Логосағат күннің екінші жартсында жүргізіледі.Логоырғақ ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің лексикалық тақырыптарға байланысты арнаулы балалаврға арналған типтік бағдарлама талаптарына сүйене отырып жүргізіледі.
Логосағаттың мақсаты-тіл жаттықтыру,сөздік қорын молайту,байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.Сондықтанда ойын-тапсырмаларын таңдауда және іріктеуде балалардың жас ерекшеліктерін ескерген жөн.Тәрбиеші логопед берген тапсырмаларды балалармен ойынды (заттармен,үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуге болады.Осылайша аталған жұмыстар жүйесі тілдік дағдылар белсенділігін арттырады.Сонымен қатар психологиялық ырғақпен дене қимылы жаттығуларын қарастырады.Балабақшамызда осындай нәтижелермен бүлдіршіндеріміз өз білімдерін жалпы білім беретін мектептерде шыңдап,талай үздік атанып жүр.Дарынды жастарды тәрбиелеуде және оларды бәсекеге қабілетті тұлға етіп қалыптастыруда тәрбиешінің көтерер жүгі ауыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
- Журнал «Ақтөбе-дарын» 2011 жыл
2.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жөніндегі педагогикалық училищелер мен оқушыларға көмекші құрал 1984 жыл
3.Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы Л.П Федоренко,Г.А.Фомичева,В.К.Лотарев 1981жыл
4.Журнал «Бала мен балабақша» №1 2008жыл