«БіЗ ЕРТЕГІ ӘЛЕМІНДЕ» Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық. Сауат ашу. Денсаулық

Калышева Аңсаған  Медетқызы –

екінші санатты тәрбиеші

Ақтөбе қаласы

КММ «Сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған

«Алма» балабақшасы»

Мақсаты:

 Білімділік: балаларға жыл бойы өткен сан және санау, геометриялық   пішіндерді,сөздерді буынға бөлуді, шығармашылық жұмыстарды қайталау.

Дамытушылық: білімдерін пысықтау, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ертегі кейіпкері арқылы ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: шапшаңдыққа, еңбек сүйгіштікке, татулыққа, ұжыммен жұмыс істеуге, бірлікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-, логикалық ойындар, д/о, әріптермен жұмыс, триз әдісі бойынша жұмыс.

Көрнекілік: суреттер, карточкалар, геометриялық пішіндер, сандар, сурет салуға қажетті құралдар, әріптер т.б

 Шаттық шеңбері.

Жүректен жүрекке
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Айналаға, бар адамға
Тек мейірім сыйлаймыз

Тәрбиеші: Балалар сендерге ертегі ұнайдыма? Қанеки есімізге түсіріп көрейік. Ертегілердің аттарын атайықшы.

Балалар: -Бауырсақ, қызыл телпек, мақта қыз бен мысық, мысық түлкі әтеш, жеті лақ…

Тәрбиеші: Жақсы балалар. Ендеше осы ертегілердегі ертегі кейіпкерлерінің көбісі қайда өмір сүреді?

Балалар: Орманда

Тәрбиеші: Орманда нелер болады?

Балалар: Ағаштар, шөптер, гүлдер, су, көлдер, жабайы жан-жануарлар т.б.

Тәрбиеші: Балалар саяхаттаған сендерге ұнайдыма? Ендеше орманның бір бөлігі әдемі гүлдермен орманға саяхатқа барайық.

Балалар: Балалар гүлдерге көздерін жұмып жайғасып отырады. (Ортаға қызыл қорапша келеді ішінде Маша отырады)

Тәрбиеші: Балалар көзімізді ашамыз. Орнымызға отыра қояйық.  МММ қараңдаршы балалар қандай керемет орман. Балалар мына жерде бір қорапша тұрған сияқты. Бұл не болды екен? (Осы кезде қораптан Маша шығады)

Маша: Сәлеметсіңдерме достарым. Менің атым Маша. Қанекей менімен дос болып ойнағыларың келеме? Мен осы ормандағы барлық жануарларды танимын. Олар бірақ менен қорқады. Маған олар тентек қыз деп атайды.

Тәрбиеші: Маша қыз сонда сенің ешқандай досың жоқпа? Не үшін жалғыз өзің жүрсің?

Маша: Жоқ мен жалғыз емеспін. Менің аю досым бар. Ол маған сондай қамқор, дәмді тағамдар пісіріп береді, мені ойнатады. Сол аю досым маған «Сен үлкен қыз болдың енді мектепке баратын жасқа келдің» деп көптеген қағазға жазылған тапсырмаларды қолыма берді. Ал мен ол тапсырмаларды орындағым келмей үйден қашып кеттім. Балалар бірге ойнайықшы?

Тәрбиеші: жоқ Маша қыз. Олай көп ойын ойнауға болмайды. Сен жақында мектепке баратын болсаң, біздің балаларда жақында мектепке барады. Қане қолыңдағы қағазды берші. Біз барлығымыз бірігіп тапсырмаларды орындап көрейік. Балалар Маша қызға көмектесеміз бе?

Маша: (қолындағы қағазын беріп, балалармен бірігіп отырады)

Тәрбиеші: Аюдың Маша қызға берген тапсырмаларын ашып көрейік. Қандай тапсырмалар бар екен.

1-тапсырма:

1-10 дейін тура кері санау және заттар мен сандарды сәйкестендіру

2-тапсырма:

Заттар мен сандарды сәйкестендіру

3-тапсырма:

Есеп шығару (тақтаға есеп жазылады балалар жауабын тауып орналастырады)

4-тапсырма:

Геометриялық пішіндерді атау және «Батпырауық жол» деп аталатын геометриялық пішіндермен ойын

Сергіту сәті:

Кел, бала, кел бері.
Қыздырайық денені,

Орнымыздан тұрып-ақ

Жүгірейік бір уақ.
Бір, екі, үш,
Бір, екі, үш,
Екпіндей түс.
Аяқты оңға созайық ,
Тік көтеріп қозғайық.
Оңға , солға қарайық,
Орнымызды табайық.

5-тапсырма: Сөздерді буынға бөліп оқу.

6-тапсырма: «Артық ертегі кейіпкерін тап»

Маша қыз: Балалар сендерге көп-көп рахмет. Сендермен бірігіп тапсырмалардың барлығын бірге орындап алдым. Енді аюмен қайтадан дос боламын. Достарым сендер маған аю досыма сыйлық жасауыма көмектесесіңдерме? Ол қолдан салынған суреттерді қатты жақсы көреді.

7-тапсырма: (ТРИЗ технологиясы арқылы сурет салу)

Тәрбиеші: Балалар маша қызға көмектесемізбе?

Балалар: иә.

Тәрбиеші: Ендеше үстелге келе қойыңдар. (балалар 3 топқа бөлінеді. 1 топ картоппен ағашты, жерді безендіреді, 2 топ қағазды умаждап, майшам арқылы судағы балықтың суретін салу, 3 топ карындашты ұсақтап гүлдерді салу)

Саусақ жаттығуы:

Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орайды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.

Маша қыз: Қандай керемет суреттер. Рахмет сендерге достарым.

Тәрбиеші: Балалар біз қандай сурет салдық. Қандай әдіс арқылы салдық суреттерді?

( балалармен сұрақ-жауап жүргізіп болғасын аю шығады)

Аю: (Маша қайдасың, маша деп іздеп жүреді. Алдынан Машаны көріп)

-Маша қайда жүрсің? Мен сені іздеп жүрмін ғой.

Маша қыз: Аю досым сенің берген тапсырмаларыңды орындағым келмей үйден кетіп қалып едім. Мені кешірші.

Аю: Жарайды Маша. Тапсырмаларды өзім үйретемін. Жүр менімен. Қарашы саған тәтті балдан кәмпиттер дайындадым.

Маша қыз: Аю досым білесің бе маған тапсырмаларды орындауға мына достарым көмектесті. (қолындағы қағазды аюға береді). Сол үшін мына тәтті кәмпиттерді мен достарыма бергім келеді. (чупа чупсты достарына таратып береді)

Аю: Жарайсың Маша.

Маша қыз: Аю менің достарым саған тағы бір сыйлық дайындады. Ол өздерінің қолдан салған суреттері.

Аю: Қандай керемет суреттер. Рахмет сендерге балалар. Суреттерің маған ұнады. Енді біз үйімізге қайтайық.

Маша қыз: Достарым сендерде өз үйлеріңе жетіп алыңдар. Сау болыңдар!

Тәрбиеші: Балалар қане сиқырлы гүлдерімізге отырып өз елімізге қайтайық. (Көздерін жұмып отырады)

Тәрбиеші: Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнадыма? Қандай тапсырмалар ұнады? Орманда кімдерді көрдік?….

Тәрбиеші: Ендеше бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды. Апайларға сау болыңыз дейміз.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *