Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы «Армысын, Наурыз» атты мерекелелік шараның сценарийі

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы «Армысын, Наурыз» атты мерекелелік шараның сценарийі

Жүргізуші 2: Қайырлы күн!

Жүргізуші 1: Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгін біз Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын тойлағалы отырмыз. Наурыз — бұл тек көктемнің ғана емес, ең әулі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы кұні адамдар бір-біріне деген өкпе- ренештерін ұмытып, кешірімге келіп татуласып, табысқан.
Жүргізуші 2: Сегодня замечательный день — праздник пробуждения новой жизни, праздник мира и весны. Наурыз — праздник весеннего равноденствия, когда, наконец-то, после долгой зимы, светлое время суток становится равным темному по своей продолжительности, а потом начинает неуклонно увеличиваться. Таким образом этот праздник олицетворяет собой начало начал, возрождение природы, торжество светлых сил добра над темными силами зла.

Жүргізуші 1:
Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі,
Алаштың баласына нәсіп болған,
Кұтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!

«Армысын, Наурыз» атты мерекелелік шараға қош келдіңіздер!

Жүргізуші 2:

Пусть будет этот праздник светел.
Мы поздравляем вас, и вновь
Желаем чтоб и вам, и детям
Дарил он радость и любовь.

Жүргізуші 1: Құттықтау сөзі мектеп басшысы Таман Муратович Альпиевке беріледі.

Жүргізуші 1: Наурыз шашуы!

(музыка әжелер шашу шашады)

Жүргізуші 1: Бейнебаянға назар аударыңыздар!

Жүргізуші 1: Наурыз — барша қазақстандықтардың ортақ той думаны. Наурыз — достық пен еркіндіктің мерекесі. Наурыз — қаңкылдап қаздар келетін, қырларда қызғалдақ бүршік атып, Табиғат — Ана гүл көрпеге оранатын көктем айы. Мал бағуды кәсіп еткен ата-бабаларымыздың қорада қойы қоздап, түйесі боздап, бір малы екеу болып, аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін, қыс қыспағынан арқасы кеңіп, арқа-жарқа, мәз-мейрам шаттыққа бөленетін шақ.

Жүргізуші 2: Для казахов этот праздник является символом весеннего обновления, торжества любви, плодородия и дружбы. В старину до прихода Наурыза люди приводили свои дома и хозяйство в порядок, в честь праздника сажали деревья и цветы. Считалось, если Наурыз входит в чистый дом к хорошему хозяину, то болезни, неудачи невзгоды обойдут его стороной, а щедрое празднование этого праздника принесет в дом изобилие и успех на целый год.

Монтаж
Жүргізуші 1: Салауатты өмірдің салтанаты, күн мен теңелген, баршаға арман мен адалдық, құштарлық пен сұлулық, тазалық пен татулық сыйлаған НАУРЫЗ мейрамы кұтты болсын! Дендеріңізге амандық-саулык, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ тілейміз!

Жүргізуші 2Встречайте! На сцене группа мальчиков «Қаражорға»

Жүргізуші 2: Праздник Наурыз всегда сопровождается веселыми играми и состязаниями
Жүргізуші 1:Ал, балалар, ойнайық
Ойнайық та ойлайық
Ұлыстың ұлы күні
Наурыз тойын тойлайық!

Игра (играют дети. Ответсвенные уч.физкультуры)
Жүргізуші 2:
Расцвела земля родная
Песни звонкие слышны
Наурыз веселый праздник,
Праздник солнца и весны.

Жүргізуші 1: Алдарыңызда Әлібек Нұрәділ «Әндетіп» әнімен!

Қарсы алаңыздар!

Жүргізуші 2: Наурыз — это праздник труда, мира и дружбы. Люди прощали старые обиды. Желали себе и другим добра и счастья.В эти дни нужно получить благословение — бата. Скажи нам, Қыдыр ата добрые слова пожелания.
Входит Кыдыр-ата
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын,
Қайғы-уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көк болсын!

 Жүргізуші 1: Қыдыр атаның тілегі қабыл болсын деп, Наурыз тағамынан дәм татыныздар! (Бауырсақ тарату)

Жүргізуші 2:  Желаем всем Мира и благополучия!

Жүргізуші 1: Наурыз амандық, жақсылық әкелсін!

Жүргізуші 2: Желаем весеннего тепла и радости в жизни.

Жүргізуші 1:  Көктем жылуы мен өмір қуанышын тілейміз!

Жүргізуші 2: Еще раз вас всех с праздником Наурыз!

Жүргізуші 1:  Наурыз кұтты болсын!
Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *