Ғажайып ғарыш әлемі”

Сабақтың мақсаты:  балаларға 12-ші сәуір ғарышкерлер күні туралы      түсінік беру, айналаны қоршаған орта жайында  білімдерін кеңейту, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:  ғарыш, самғаған, жер серігі.

Барысы:

  1. Негізгі бөлім:

Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі күннің сабағы 12-сәуір ғарышкерлер күніне арналады. Әңгімемізді бастамас бұрын, мен сендермен мамандықтар жайында әңгімелескім келеді. Балалар, айтыңдаршы, сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

( балалардың жауабы ).

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Мұғалім, дәрігер, құрылысшы, жүргізуші, өрт сөндіруші, дүкенші, шаштараз тағы басқа көп мамандар бар екен. Әр бір мамандық адамзатқа өте қажет екен.

 Мысалы: дәрігер – адамдарды емдейді, мұғалім – балаларды оқытады, жүргізуші – көліктер жүргізеді, өрт сөндіруші – өрт сөндіреді. Міне балалар, әр бір мамандық қажет екен.

Ал бүгін біз сендермен тағы бір маман түрімен танысамыз – бұл ғарышкер. Балалар 1961 жылы 12 сәуірде тұнғыш ғарышқа адам ұшты. Бұл адам Кеңес одағының азаматы Юрий Гагарин болатын. Содан бері 12 – сәуір Ғарышкерлер күні мерекесі болып аталып келеді.               Ю. Гагарин  тұнғыш рет ғарышқа жол салған, сол күннен бері 51 жыл уақыт өтті. Осы жарты ғасыр ішінде ғарышта әртүрлі елден жүздеген ғарышкерлер болып, көптеген зерттеу жұмыстарын атқарды. Солардың ішінде біздің Қазақстан еліміздің батырлары да бар. Ол ғарышқа ұшқан тұнғыш қазақ Тоқтар Әубәкіров ағаларың. Ол ғарышқа  бір емес, үш рет ұшқан Талғат Мұсабаев ағаларың. Биыл Тоқтар ағамыздың да ғарышқа ұшқанына 21 жыл толады. Ендеше осы біздің Қазақстан елінің азаматтарын Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевты әрқашан мақтан етіп жоғары бағалауымыз керек.

Бүгін біздің балаларымыз, осы ғарышкерлерге арнап тақпақтарын айтып  бермекші:

1-бала.

Аспан, аспан, арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шаламын,

Мен ғарышкер боламын!

2-бала

Таңдай үлкен талабым,

Мен бармақтай баламын.

Көктің жүзін барлаймын,

Мен ғарышкер боламын!

3-бала

Сапарға енді ғажап тым,

Тоқтар тартты алысқа.

Туған ұлы Қазақтың,

Тұнғыш ұшты ғарышқа!

4-бала

Бет түзеймін алысқа,

Бағытымнан аумаймын!

Шетсіз- шексіз ғарышқа,

Зымыранмен ұшамын!

Тәрбиеші: Балалар, мына суретке назар аударыңдаршы, бұл суретте біздің Қазақстан Республикасының тұнғыш ғарышкерлері – Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев, тұнғыш ғарышқа ұшып ғарыш саласында қызмет жасады. Балалар, ғарышкер болуды армандайтын бала жоқ шығар? Ал ол үшін білімді, зерек, күш – қайраты мол азамат болып  өсулерің  керек. Өйткені, ғарышқа кез келген адамды ұшыра бермейді. Сол үшін оқуларыңды жақсы оқып, тәртіптерін жақсы болып Тоқтар ағаларың, Талғат ағаларың сияқты Қазақстанның бетке ұстар азаматтары болуларыңа тілектеспін.

5-бала

Тоқтар менен Талғат,

Ғарышқа ұшты самғап.

Ел мерейін өсірді,

Көк пен жерді жалғап.

6-бала

Тоқтар менен Талғат,

Ғарышқа ұшты самғап.

Өлең жазды ақыңдар

Екеуіне арнап.

7-бала

Көк пен жерді жалғаған,

Космодром – Байқоңыр.

Кораблынен самғаған,

Космодром – Байқоңыр.

8-бала

Қанаттылар мекені,

Қазақ жері, Байқоңыр.

Қай жер саған жетеді,

Ғажап жерім, Байқоңыр!

Тәрбиеші: Ал енді балалар, мен сендерді әрі ойын, әрі сергіту сәті ретінде ойын ойнауға шақырамын.

Ойынның аты:  ” Ұшты – ұшты “

Мақсаты: балалардың ақыл – ойын дамыту, сабаққа қызығушылықтарын дамыту, қимыл – қозғалыстарын жетілдіру.

9-бала

Тоқтар – тұнғыш ғарышкер,

Арман қуып жасынан.

Көктен көзін алмаған,

Ұшқыш болды жас ұлан,

Аспанда еркін самғаған.

10-бала

Қорықпаймын қиыннан,

Бойлап ғарыш сырына.

Көз жіберсем қиырдан,

Туған өлке қырына!

11-бала

Сырын ашып ғарыштың,

Туған елдің бағына.

Құшағына даламның,

Ораламын тағы да!

Тәрбиеші: Ал, балалар енді кәзір мен сендерді өздерінің қолдарыңмен салған көрме көруге шақырамын.

Көрменің аты:  ” Ғажайып  ғарыш әлемі! “.

Сабақты қорытындылау: Сабаққа жақсы қатысқан балаларды белгілеу. Мақтау арқылы көңіл – күйлерін көтеру.

Адам алғаш рет ғарышқа ұшқанына елу бес жылдан асыпты. Биыл сәуірдің 12-сі күні әлем халқы, яғни, бүгін адамның ғарышқа ұшқанына 55 жыл толады. Осы уақыт аралығында ғарышта 500-ден аса адам болған екен. Олардың арасында мұсылмандар да бар. Атап айтқанда, мұсылмандар арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер – саудиялық ханзада Сұлтан бин Салман. Ол ғарышқа 1985 жылы ұшты. Ал 1987 жылы «Союз ТМ-3» («Союз ТМ-2») ғарыш кемесінің және «Мир» деп аталатын орбитадағы ғылыми-зерттеу кешенінің ғарыш зерттеушісі Фарис Мұхаммед Ахмет ғарышқа көтерілді. Ол Сириядан шыққан тұңғыш ғарышкер. 1987 жылдың желтоқсан айының 21-і мен 1988 жылдың осы уақытында кеңес одағынан Манаров Мұса Хираминұлы «Союз ТМ-4» кемесімен ғарышқа ұшты. Борт инженері ретінде. «Мир» орбиталық кешенінде екі жылдан аса уақыт болды. Ол ғарышта болу уақытының ұзақтығынан жөнінен рекорд орнатты – 365 күн және 23 сағат. Ол Дағыстан тумасы. Болғанымен ұлты – лакец. Ол 1990 жылдың желтоқсан айының 2-нен 1991 жылдың мамыр айының 26-на дейін ғарышта екінші мәрте болды. Әр жылдары ғарышқа сапар шеккен мұсылмандар: Моманд Әбдіаһад – ауғандық. 1991 жылы – еліміздің тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров. Үш жылдан кейін Мұсабаев Талғат ғарышқа ұшты, елімізден шыққан екінші ғарышкер. Шәріпов Сәліжан Шәкірұлы – Қырғызстанның Ош облысына қарасты Үзген қаласында өзбек отбасында туған. Ансари Ануши – америкалық әйел. Шукор Шейх Мұзафар – малайзиялық ғарышкер. Айдын Айымбетов – қазақ ғарышкері.  

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *