«Бөлме гүлдері» тақырыбы аясында үйірме оқушыларымен ашық сабақ

Сабақтың мақсаты:Бөлме өсімдіктері туралы түсінік беру.Гүлдің атауларын,сырт келбетін,жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын,оларды баптап күту ережелерімен таныстыру. Өсінді отырғызу жолын көрсетіп,табиғатты аялауға,сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Бөлме гүлдері, тамырланған гүл, ыдыс, тағы басқа қажетті заттар.

Әдіс — тәсілі: көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

 

І.Ұйымдастыру бөлімі: 

А) Сәлемдесу

Б) Оқушыларды түгендеу

В) Үй тапсырмасын тексеру

 

Шаттық шеңбері:

Біз кішкентай баламыз

Өсіп –өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып

Көкке қолды созамыз.

Әлемдегі барлық адамдарға тек жақсылық тілейміз.

 

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын соны шешуге тырысыңдар, шешсеңдер біздің бүгінгі сабағымыз сол туралы болмақ.

Жұмбақ :

Адамдардың бәрі қызығады,

Су құймасаң сәні бұзылады.( Гүл )

-Дұрыс .Жарайсыңдар,ендеше біз бөлме өсімдіктерімен танысамыз.

 — Гүлдерді атауына қарай өзіндік сыйлау қағидасы, мәдениеті болады екен айтып жіберіңіздер кім біледі?

Гүлдерге байланысты есімдерді білеміз ба?.

 Гулдің қандаи жақсы қасйеттерін білеміз?

 Өсімдіктердің өзі дала және бөлме өсімдігі болып екіге бөлінеді. Біздің бүгінгі сабағымыз бөлме өсімдіктері жайлы болмақ.Өсімдік өмір сәні,табиғат көркі,дәрі-дәрмек.Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп қоймайды оған көрік беріп,үйдің ауасын тазартады.Бізге қуаныш сыйлайды,көңіліміз көтеріңкі болады екен.Ендеше балалар тақтаға назарымызды аударайық.
Мұғалім  бөлме гүлдерін көрсетіп, әңгімелейді. Барлық өсімдіктер күнді және жарықты жақсы көреді, сондықтан да оларды терезенің алдына қоямыз.
Бөлме гүлдерінің басқа өсімдіктер сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және гүлдері бар.

Міне,мынау раушан гүлі. Гүлінің түсі қызыл,хош иісті болып келеді екен. Раушан гүлі өте әдемі,бөлмемізді әдемі етіп тұрады.

Ал мынау алоэ –өсімдігі.Жапырақтары тікенді болып келеді ,бірақ тікені қолымызға кірмейді. Алоэнің емдік қасиеті бар одан дәрі-дәрмек жасайды. Алоэ — үйге аурудың бактерияларының енуіне төтеп береді. Бөлменің энергетикалық қалпын жақсартады.Егерде бір жеріңізді жарақаттап алсаңыз сол жерге осы алоэні кесіп шырынын жақсаңыз тез жазылып кетеді.

Қазтабан – адамның ашуын басады. Ол адам ашуланғанда сабыр сақтап, тынышталуына әсер етеді. Ашу – жанұяның тыныштығын бұзады – сондықтан қазтамақ болған ортада тыныштық пен татулық орнайды.

Фикус – шаңсорғыш сияқты жұмыс жасайды. Ауадағы шаңды, бөлмедегі адамның қобалжуын, ашуын, көңілсіздігінен арылтады.

 Сырттан келетін кері әсерлерге кедергі жасайды. Сондай-ақ, бөлме ішін ылғалдандырып, уытты заттардан тазартады. Жапырақтары арқылы бөлме ішін шаң-тозаңнан сақтайды. Оттегіні күндіз бөліп, түнде жұтатын қабілетке ие фикусты жатын және балалар бөлмесіне қоймағаныңыз абзал. Мамандар фикусты ас бөлмеге немесе терезесі тас жолға қарайтын бөлмелерге қоюға кеңес береді

Хлорофитум – ең пайдалы бөлме гүлдердің бірі. Хлорофитум тұқымдасына жататын өсімдіктердің 215-ке жуық түрі бар. Жапырақтары қияқ тәріздес, гүлдері ұсақ, төрт күлтелі, ақ түсті болады. Жапырақтары уытты заттарды жұтып, ауаны тазартады. Мамандар бұл гүлді, әсіресе, ас үйде және жатын бөлмеге қоюға кеңес береді.

Сансевиерия – бөлме гүлінің 66 түрі бар. Бұл гүл адам ағзасының белгілі бір климатқа бейімделуіне көмектеседі және иммунитетті күшейтеді. Сондай-ақ, бөлмедегі ауа қысымын және ылғалдылықты реттеп отырады. Бөлмеде төселген линолеумнан бөлінетін уытты заттарды жоятын қабілеті бар. Сансевиерия тұмау тиюден қорғайды. Бұл бөлме гүлі жарық таңдамайды.

Лимон – цитрустар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаш. Биіктігі 3-7 метрге жетеді. Бұтақтары тікенекті. Лимон С дәрумені және темір, эфир майы, кальций, калиге бай. Лимонның жемісін шырын және лимон қышқылын алуға пайдаланады. Мамандардың айтуынша, лимон жапырағының 85 емдік қасиеті бар екен. Лимон өсетін бөлмеде түрлі бактериалар мен ауру туғызатын таяқшалар болмайды екен. Сондай-ақ, мамандар қан қысымы жоғары адамдарға үйінде лимон өсіруге кеңес береді.

Міне өсімдіктердің осындай адамға деген пайдасы бар екен.    Өсімдіктер тек әдемілік сыйлап қана қоймай, адамның денсаулығына да жағымды әсер тигізеді. Гүл өскен ортада, тазалық, татулық пен бірліктің, жақсылық пен жомарттықтың болары сөзсіз. Гүлді тек бөлмеде ғана емес, жұмыс орнында, аулаға, демалыс орындарында, адам көп шоғырланатын жерлердің барлығына өсіру керек.

Енді осы гүлдердің сырт келбетімен танысайық. Бөлме гүлдерінің басқа өсімдіктер сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және гүлдері бар.
Біз енді өсімдіктерді қалай күтіп баптау керектігін білеміз.
— Тамыры топырақтың астында болады, олар көрінбейді, өсімдіктердің су ішуіне көмектеседі, сондықтан да оларға су құйып тұру қажет. Гүлдердің тамыры дем алып тұру үшін топырағын қопсытамыз. Балалар гүлдердің жақсы жайнап өсуі үшінгүлдерге су, жарық, жылу, топырақ қажет . Гүлге су құйып, жапырағын сүртіп, су бүркегішпен су шашып, топырағын қопсытып, тыңайтқыш сеуіп тұру керек.
Бөлме гүлдерінің ұзақ уақыт «ауырмай», жайқалып тұруының сыры неде деп ойлайсыз? Махаббатта. Гүлдермен де тірі жанмен сөйлескендей сөйлесіп, өз ілтипатыңды білдіріп, баптап, күтіп, махаббатпен қарап ,еркелетіп тұру қажет,олар да өздерінше қуана да мұңая да алады екен .Ендеше осы аталған гүлдер біздің бөлмемізде бар ма?Мұқият қарайықшы кім көріп тұр?

Ал сендер осы гүлдер туралы тақпақтар білесіңдер ме?

 

Практиклық әрекет: Ал енді балалар біздің бөлмеде традесканция гүлі мен бальзамин гүлі жоқ екен қазір біз сол тамырланған гүлді ыдысқа отырғызайық. Сендер бүгін табиғат бұрышында жұмыс жасайсыңдар.
Гүл отырғызу үшін ең әуелі бізге ыдыс қажет.Ыдысты алып түбіне бірінші тастарды саламыз.Ыдыстың түбі тесік болады.Содан кейін топырақ саламыз.Жәй даладағы топырақ емес құнарлы арнайы гүл отырғызуға арналған топырақы саламыз.

  

Содан соң топырақ ортасынан құдықша жасап,гүл өсіндісін отырғызамыз.Енді бұл гүлімізді табиғат бұрышына қоямыз.Балалар гүл отырғыздық ,енді тек осылай қоямыз ба? Жоқ гүлге су құю керек. 

 Гүлге су құйып, жапырағын сүртіп, су бүркегішпен су шашып, топырағын қопсытып, тыңайтқыш сеуіп тұру керек. Гүлдерді жазда көбірек, ал қыста сирек суарады. Оларды суқұйғышпен суарады.
— Жылына бір рет топырағымен, ыдысын ауыстырып тұру керек.
— Гүлдерді бөлме температурасындай сумен суару керек, өйткені гүлдер ауырып, өліп қалуы мүмкін. Гүлге бірден суық су құюға болмайды. Суды ыдысқа бір күн бұрын құйып қою қажет. Содан соң ғана суаруға болады.

  

Дидактикалық ойын: «Гүл құрастыру».

р

а

у

ш

а

н

а

л

о

э

 

қ

а

з

т

а

б

а

н

ф

и

к

у

с

 

х

л

о

р

о

ф

и

т

у

м

с

а

н

с

е

в

и

е

р

и

я

л

и

м

о

н

 

 

Сергіту сәті 

Орнымыздан тұрайық

Қарлығыш болып ұшайық

Бір отырып бір тұрып

Жақсы сергіп қалайық


 Сабақты қорытындылау.

-Біз қандай бөлме өсімдіктерімен таныстық?

-Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар?

-Қандай бөлме гулінен мозайка құрастырдық?

-Гүлдің сырт келбетіне қандай тустерді пайдаландық?

 

Бағалау:

Бас бармақ тәсілі

Барлығын түсіндім

 Енді түсініп келемін

Түсінбедім

  

Үйге тапсырма.     

Бөлме гулдері туралы реферат жазып келу.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *