Эндокринді жүйе

 

Акбарова Гулмира Равшанкизи

Түркістан  жоғары медицина колледжінің анатомия физиология және патология  пәнінің оқытушысы.

Түркістан облысы Түркістан қаласы

 

                        Эндокринді жүйе адам анатомиясы мен физиологиясының маңызды бір бөлігі болып табылады.

Сабақтың тақырыбы: Эндокринді жүйе құрлысы, қызметі және патологиясы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  • Эндокринді жүйе құрлысын, қызметін және патологиясын үйрету;
  • Эндокринді бездерді зерттеу тәсілдерің үйрету;
  • Эндокринологиялық терминологияны үйрету;
  • Студенттерге эндокринді бездердің адам ағзасындағы физиологиялық функциялардың; жалпы заңдылықтарын ажыратып үйрету.

Дамытушылық: Студенттердің ой-өрісін дамыту, клиникалық ойлау қабілетін арттыру, студенттерге тұтас ағза қызметін ұғуды арттыру.

Тәрбиелік:Студенттерді жауапкершілікке үйрету,оқу құралдарына деген ұқыптылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Тәжрибелік ашық сабақ.

Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:

  • PBL
  • TBL
  • CLIL
  • Тірек схемалар
  • Бақылау және бағалау
  • Ақпараттық оқыту

Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:

  • Иллюстративті түсіндіру
  • Жалпы топпен жұмыс
  • Фронталді сұрау
  • Ынталандыру
  • Іздену
  • Бақылау арқылы бағалау және мадақтау әдістері

Студент білуі тиіс:

  • Эндокринді бездердің  жіктелуін
  • Гармон туралы  түсінік
  • Бездердің құрылыс ерекшеліктерін
  • Бездердің орналасуын
  • Эндокринді жүйенің  орталық  және  шеткі  бездерін
  • Гипофиз, эпифиз. Орналасуы, құрылысы мен  гормондарын
  • Қалқанша, қалқанша маңы бездері.  Орналасуы, құрылысы мен  гормондарын
  • Айырша без, бүйрек  үсті  бездері.  Орналасуы, құрылысы мен  гормондарын
  • Аралас бездер: ұйқы бездері, жыныс  бездерінің орналасуы, құрылыс  ерекшеліктері  мен  гормондарын

Студент игеруі тиіс:

  • Эндокринді жүйе құрылысын физиологиясын және патологиясын білуі
  • Эндокринді бездердің адам ағзасында орналасуын білу
  • Эндокринді бездердің өнімін білу
  • Ішкі секреция бездері ауруларын білуі
  • Эндокринді жұйе ауруының себептерін білу

Сабақтың барысы:

Уақыты: 180 минут

Сабақтың жабдықталуы:

құралдар: планшеттер,плакаттар,модельдер,фантом,муляждар

Үлестірме материалдар: тест сұрақтары,суретті тапсырмалар

Техникалық оқу құралдары: интерактивті тақта, компьютер,проектор,CD, DVD

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2-3 минут): Аудитория тазалығына, сабақтың жабдықталуын, топ түгелдігін тексеріп, студенттердің формаларына көңіл бөліп, журналды толтыру
  2. Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау және тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру (2-3 мин):

Эндокринді жүйе адам анатомиясы мен физиологиясының маңызды бір бөлігі болып табылады.Бездердің орналасуы құрылысы ерекше олардан бөлінетін өнім гормон.Эндокринді жүйе жүйке жүйесімен бірге организмдегі барлық процестерді реттейді, әдетте зат алмасуды, сомалық өсуді және репродуктивті қызметті реттеуде эндокринді жүйенің ролі басым болады.

  1. Білім деңгейін көрнекілік және оқытудың техникалық құралдарының көмегімен бақылау (бүгінгі тақырып бойынша) (25-30 мин): Фронталды әдісті қолданып теориялық білімдерін сұрау, үй тапсырмасы бойынша ғаламтор мәліметтеріне шолу жасау .

1-сұрақ:Эндокринді  бездердің  жіктелуін, эндокринді  жүйенің  орталық  және  шеткі  бездерге  жалпы  сипаттама  беріңіздер.

2-сұрақ: Гормон  түралы  түсінік  айтыңыздар.

3-сұрақ: Гипофиз,  бөлімдері,  гармондары  туралы  түсінік  айтыңыздар.

4-сұрақ: Калқанша,  қалқанша  маңы бездері, гармондары  туралы  түсінік  айтыңыздар.

5 Сұрақ Айырша  безі,  гармондары,   ағзадағы  маңыздылығы  туралы  айтыңыздар.

6-сұрақ: Бүйрек  үсті  безі,  гармондары,  маңызы  туралы  айтыңыздар.

7- сұрақ:Ағзада аралас без  болып  табылатын  безді атаңыздар.

8-сұрақ: Ағзада аралас без  болып  табылатын  безді атаңыздар.

4.Тақырыпты игеру мақсатында студенттерге тәжірибелік тапсырмалардың орындалу тәсілдерін үйрету(интерактивті әдіс 30-35 мин)

Гипофиз, hypophysis, салмағы 0,5-0,6г жуық, сына сүйегінің түрік ершігіндегі гипофизарлық шұңқырда орналасад

Соматотропты гормон, немесе өсу гормоны, жас организмнің өсуі мен дамуына әсер етеді Соматотропты гормон жас ағзаның өсуі кезінде аз бөлінсе ергежейлілік, көп бөлінсе алыптық (гигантизм дамиды).

Қалқанша без функциясының бәсеңдеуі – бала кезінде дамыса балалардың өсуі мен дамуы баяулайды, дене бітімі дұрыс қалыптаспайды, бойы аласа, ақыл-ойы кем болады. Мұндай кемістікті кретинизм дейді. Ауру балалардың бойы кішкентай, тістері кеш шығып, сүйек тінінің дамуы баяулағандықтан, бала еңбегінің қатуы кешеуілдейді.

Айырша безі, thymus, немесе бұғақ безі көкірек аралықтың алдыңғы жоғарғы бөлігінде орналасқан. Гормондары: тимозин, тимолин, тимопоэтин. Атап айтқанда, жасушалық иммунитеттің дамуына әсерін тигізіп, иммундық жүйенің орталық мүшесі болып табылады.

 

  1. Тәжірибелік тапсырмаларды таратып, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескерту (5-10 мин): Студенттерге әдістемелік нұсқау таратып, өзіндік жұмыстың үйымдастырылуын түсіндіріп қауіпсіздік  ережелерімен  таныстыру.
  2. Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы (90 мин):

Топты   4-топшаға бөліп,  студенттердің өзіндік жұмысын орындаулары үшін  тақырып бойынша тапсырмалар берілді.

1-кезең: Көрнекіліктер: плакаттар,  планшеттер,  муляждар,  фантомдарды қолданып, адам ағзасында эндокрині бездердің орналасуын, құрылысын, жасқа байланысты ерекшеліктерін,өндіретін гормондарын айтып көрсету.

2-кезең: Берілген карточкалардағы тапсырмаларды орындау.

3-кезең: Тест тапсырмаларын орындау

1-тапсырма

Төменде берілген сөздерді CLIL технологиясы  бойынша орындаңыз

Гипоталамус-

Гипофиз-

Эпифиз-

Ұйқы безі-

Жауаптары:

1-тапсырма

Гипоталамус, hypothalamus, гипофиз, hypophysis эпифиз немесе томпақ дене, glandula pinealis ұйқы безі, pancreas

2- тапсырма

Студенттеді шағын  топтарға бөліп тапсырмаларды TBL технологиясы Инсерт әдісі бойынша орындаңыз

Студенттеді шағын  топтарға бөліп тапсырмаларды TBL технологиясы клітік термин әдісі бойынша орындаңыз



Сыни тұрғыдан ойлау әдісі бойынша орындаңыз

 

 

 

4 тапсырма РАФТ әдісін қолдана отырып берілген  сүреттерге  жалпы  сипаттама  беріңіз.

 

 

 

 

 

 

Атабез,                        анабез            қалқанша- қалқанша  маңы  безі

 

 Төменде көрсетілген жағдаяты есептерді  PBL технологиясының FISH боун әдісі бойнынша орындаңыз

1.24 жасар еркектің бойы 1  м  10  см.  Ақыл-ойы мен жыныстық жағынан жетілмеген. Қанда қалқанша безінің гормондары аз екені анықталды. Бұл ауру

Жауабы кретинизм

2.Науқас  45 жасар әйелдің беті ісіңкі. Әлсіз, ұйқышыл, сұрақтарға жауап бермейді. Дене салмағы 120  кг. Болуы мүмкін ауру

Жауабы миксидема

 

6 Сабақты қортындылау (10 мин):

Сабақты қорытындылай келе, әрбір оқушының білім деңгейіне баға беремін

7 Үйге тапсырма беру (5 мин) :

Қолданылған әдебиеттер:

  • Омаш.Қ.К «Адам анатомиясы»I том,2011жыл
  • А.О.Кузенбаева «Адам анатомиясы»- Алматы, 2009ж
  • А.Р.Рақышев «Адам анатомиясы»II том-Алматы, 2004жыл
  • А.Р.Рақышев «Адам анатомия атласы» ІIтом- Алматы, 2006жыл

 

Қорытынды

Эндокринді жүйе жүйке жүйесімен бірге организмдегі барлық процестерді реттейді, әдетте зат алмасуды, сомалық өсуді және репродуктивті қызметті реттеуде эндокринді жүйенің ролі басым болады. Гормондардың көп бөлінуі немесе жетіспеушілігі әртүрлі ауруларды тудырады

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *