Жаңа туылған нәрестелердегі өтпелі жағдайлар.
Бала ағзасында қоршаған ортаға бейімделу үшін өзгеше физиологиялық немесе өтпелі деп аталатын жағдайлар өмірінің алғашқы күндерінде орын алады.
- Физиологиялық қызару – теріге қалыптан тыс қан толуы. Бұл жағдайдың себебі: жатырдағымен салыстырғанда сыртқы қоршаған ортаның температурасының күрт төмендеуі (жатырда 37-38С, ал бөлмеде 25С). Физиологиялық қызару 2 – 3 күнге созылады, емделуді қажет етпейді.
- Токсикалық эритема – нәрестеде 2-5-ші күндері пайда болады және аллергиялық реакция болып келеді. Баланың терісі бірлі жарым немесе көптеген қызарған дақтармен, бөртпелермен, көпіршіктермен қапталады. Олар алақанға, табанға және шырышты қабаттарға шықпайды. 2-3 күнде басылады.
- Физиологиялық сарғаю – жаңа туылған балаларда 2-3-ші күндері тері мен шырышты қабаттарының сарғаюы пайда болады: бұл нәресте қанында және тіндерінде билирубиннің жиналып, көбеюіне байланысты, ол жетілмеген фетальды эритроциттердің ыдырауында пайда болады. Сарғаю 7-10 күнге созылады, шала туылған және жарақаттанған нәрестелерде 2-3 аптаға созылады.Айқын сарғаю кезінде анасы баланы жиі емізіп, глюкоза дәрісі мен сусындарды ішкізу керек.
- Дене салмағының физиологиялық кемуі – туылғаннан кейін 3-4-ші күндері баланың салмағы бастапқыдан 150 – 300 г дай кеміп кетеді, 7-10 – шы күндері қайта бастапқықалпына келеді. Бұл жағдайдың себебі: бірінші күндері ана сүтінің аз болуы, баланың бөліп шығарған және қабылдаған сұйықтық мөлшерінің сәйкес келмеуі, Баланы сұрауымен енгізіп, жылу тәртібін сақтау керек.
- Транзиторлық қызба – 3- 4 – ші күндері жаңа туылған баланың дене қызуы 39-40 көтерілуі мүмкін. Себебі: сұйықтықтың бала денесіне аз түсуі, уыз сүтте ақ уыздардың көп болуы, дене қызуын реттеу қабілетінің жетілмеуі, қызып кетуі. Көмек: баланы бос, жеңіл жөргектеу, жиі сусын ішкізу, жиі емізу,дене температурасы бір қалыпты болуы тиіс.
- Жыныс мүшелеріндегі өзгерістер – анасынан ұрыққа эстроген гормондарының өтуінен пайда болатын өзгерістер:мастопатия – баланың сүт бездері ісініп, қысқан кезде уыз шығады, үстіндегі тері қабаты өзгермеді, қатты ісінгенде жарақаттанудың және қабынудың алдын алу үшін жылы залалды таңғыш қойған жөн. Қыз балалардың қынабынан қан көріну және ұл балалардың ұмасының ұмасының ісінуі.
- Несеп қышқыл инфаркті – несеп қышқылынан болған бүйрек инфаркты, бүйректің концентрациялаушы функциясының нашар дамуының салдары, 3 – 4 күнге созылады. Көмек: жиірек сусын ішкізу.