Қантамырлар
АРТЕРИЯЛАР оттегіге қаныққан қанды жүректен барлық мүшелер мен ұлпаларға
апарады. Тек өкпе артериясы мен балықтардың желбезектеріне қанды әкелетін артериялар
вена қанын апарады. Артериялар қабырғалары үш қабаттан құралған: ішкі- жалпақ
эндотелийден құралған, ортаңғы-бірыңғай бұлшықет пен серпімді талшықтардан
құралған, және сыртқы- коллаген талшықтары бар дәнекер ұлпасынан құралған.
Артерияның ортаңғы бұлшықетті қабаты қалың. Артерияларда қақпақшалар болмайды.
Артериядағы қан қысымы жоғары, ырғақты. Қан тез ағады. Қан көлемі аз. Артерия
қантамырлары тармақталып, ұсақ артериолалар құрайды.
ВЕНАЛАР көмірқышқыл газына қаныққан қанды дене мүшелері мен ұлпаларынан
жүрекке әкелетін қан тамырлары. Тек өкпе және кіндік веналарында ғана артерия қаны
ағады. Веналардың ортаңғы қабаты жұқа, бұлшықет талшықтары мен серпімді
талшықтары аз, сондықтан ішкі бетінде қатпарлар мен жарты ай тәрізді қақпақшалар бар,
олар қанның кері ағуына кедергі жасайды. Қанның қысымы төмен, ырғақты емес. Қан
баяу ағады. Қан көлемі артерия мен капиллярларға қарағанда әлдеқайда үлкен. Веналар
ұсақ венулалардан қан жинайды.
КАПИЛЛЯРЛАР ең жіңішке тамырлар. Артериялар мен веналарды біріктіре отырып,
олар қан ұлпалар арасындағы зат алмасуға қатысады. Капиллярлар қабырғалары
бірқабатты эндотелий жасушаларынан тұрады. Бұл қабаттан оттегі, су, липид, т.б.
молекулалар оңай өтеді. Клапандары жоқ. Қан қысымы ең төмен, ырғақты емес. Қан
ағысы бәсең. Қан көлемі үлкен