АУЫЗША ТАРИХ АЙТУ ДӘСТҮРІ

ХҮІІІ ғасыр, тарихи жырлар қазақ-жоңғар қатынастарының негізгі дерек көзі: оның ішінде ең алдымен қазақ жоңғар соғыстары жайында. Ақтабан шұбырынды, осыған байланысты рулардың көшіп-қонуы, атақты батырлар қатысқан үлкенді-кішілі шайқастар. Жеке тұлғалар – Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, басқада батырларымыздың қоғамның саяси жағдайына, әлеуметтік құрылымына, шаруашылығына, қоғамдық ой-санасына байланысты мәліметтер береді. Бұл кезеңге қатысты айналымға енгізілмеген жырлар бар. ХІХ-ХХғғ. қазақтардың ұлт-азаттық қозғалыстары ауызша тарих айту дәстүрінде кеңінен көрініс тапқан. Бұл бағыттағы жырларды тарихи дерек ретінде қоданудың үздік үлгісін кезінде Е.Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» атты еңбегнде негіздеген болатын. Алдағы мақсат әрбір қозғалысқа қатысты жыр, әңгімелерді нақты зерттеп талдау. Кеңес дәуіріндегі шаруалар қозғалысы, Ұлы Отан соғысы кезеңіне қатысты да тарихи әңгімелер, жырлар кездеседі.
Ауызша тарих айту дәстүрі туындыларын зерттегенде, ең алдымен қолжазба түріндегі нұсқаларын іздеп,табудан бастау қажет. Олардың негізгі бөлігі ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының ғылыми кітапханасының Әдебиет және Өнер институтының қолжазба қорларында, обылыстық мұражайларда, жекелеген адамдардың қолдарында сақталған. Баспасөз бетінде жарияланғандары да бар.
2-шіден,табылған қолжазбаның сапалық деңгейін айқындау керек.
3-шіден,берілген мәтіннің көп варианттылығын талдау.
Ауызша тарих айту дәсвтүрінің көп варианттығы туралы айтатын болсақ:”хабарды жеткізуші адам бір ғана мәлімет-хабар туралы естіп,соны жеткізуі мүмкін. Алайда, көпшілік жағдайда ол адам өз өмірінің барысында бірнеше оқиға туралы мәлімет-хабар естіп, олардың барлығын біріктіріп бір дәстүр ретінде жеткізуі де мүмкін”.
Мысалы, ”Абылай хан” атты туындыда Абылай туралы бірнеше оқиға біріктіріліп бір оқиға ретінде көрсетілген. Мұндай мысалдарды басқа да тарихи жырларда, мәселен, ”Олжабай батыр”жырында да кездестіруге болады.
Белгілі оқиға туралы тек бір ғана адамның емес, басқа да айтушылардың мәлімет-хабарлары болуы мүмкін. Бұларды бір ғана дәстүрге жататын мәлімет ретінде қарастырмау керек. Себебі бір адамның дұрыс мән бермей көрсеткенін, екінші біреу толық көрсетуі мүмкін. Егер тарихи оқиғаға байланысты екі болжам болса,шығарманың екі вариантын салыстырғанда араларындағы алшақтық көп болса, онда бұл екі куәгерлік мәлімет туралы болғаны. Екінші вариант біріншісіндегі айтылмай қалған мәліметтерді келтіріп, бірінші вариантты толықтыруы мүмкін, керісінше бірінші варианттағы дұрыс мәліметтердің бұрмаланған түрі болуы да мүмкін.
Жалпы ауызша тарих айту дәстүрі туындыларының барлық түрі дерлік көп вариантты болып келеді. Осы әр түрлі варианттардан шындыққа жақынын таңдай білу өте маңызды. Ауызша тарих айту дәстүріне жатқызылып жүрген туындылардың бірі-тарихи әңгіме. Тарихи әңгімелердегі мәліметтер белгілі бір формаға енгізілмей, еркін түрінде бізге жеткен. Бұл әңгімелерді – аңыз деп те атайды. Олардың көлемі қысқа, нақты бір оқиға туралы немесе жеке бір адамның іс-әрекеті туралы айтылады. Көбіне диалог түрінде де беріледі. Ертерек кезеңдерде пайда болғандары халық арасында аңыз түрінде тарап, оларда нақты, қай тарихи оқиға туралы, тарихи қандай адам туралы айтылғанын ажырату қиындап, көбінесе халықтың қоғамдық ой-санасын, сенім-нанымын, тәрбиелік бағытын, салт-дәстүрін айқындауға мүмкіндік береді.
Ал, кейінгі кезеңдерде пайда болғандары нақты оқиғалар, сол қоғам туралы,қоғам ішіндегі әлеуметтік топтар, Мысалы, билер, батырлар,хандар туралы мәліметтер береді. Атап айтсақ, Төле, Қазыбек, Абылай, Кенесары туралы көптеген әңгімелер бар. Бұларды тарихи жырлармен қатар пайдалануға болады. Осы жерде мына жағдады ескрткіміз келеді. Белгілі бір оқиға туралы, сол уақытта пайда болған әртүрлі әңгіме, мәлметтер сол күйінде ауызша айту дәстүріне жатпайды. Себебі, бұл дәл осы уақытта болған оқиға туралы ең соңғы хабар ғана. Мұндай хабарлар қоғамда үлкен күйзеліс туғызған оқиғалар кезінде пайда болады. Осы хабарлар арнайы айтушылар арқылы бір адамнан екінші адамға тарап, келесі ұрпақа жеткізілгенде ғана ауызша айту дәстүрі туралы сөз етуге болады.
Ауызша тарих айту дәстүрінің келесі туындысы-шежіре. М. Алпысбес «Шежірелерді жариялау, қолдану, зерттеу тарихынын. // Бекмаханов тағылымы» атты еңбегінен Қазақ қоғамында жазу дәстүріне негізделіп, жазба түрінде қолданылған шежрелермен қатар,ауызша дәстүрге негізделген шежірелер өте көп. Үш жүзге байланысты негізгі материалдар біріктірілген,қомақты үлкен шежірелрмен қатар, кішігірім жекелеген жүздің шежірелері баршылық. Бұларда сол жүзге жататын негізгі рулар талданған. Әр рудың ішіндегі кейбір аталары, тармақтары бүге-шүгесіне дейін талданғандары жиі кездеседі.
Бір жүз туралы бірнеше шежірені салыстырғанда,біреуінде сол жүздің бір руы өте көп талданса, екіншісінде басқа біреуі солай талданған. Бұдан сол шежірені айтушылардың өз жүзі,өз руы туралы мәліметтерді көбірек бергенін,ал айтушылардың келесі ұрпақтары оны әр қарай жалғастырып, өз кезеңінің мәліметтерімен толықтырып бізге жеткізгендігін байқаймыз. Шежіренің ішінде бір руды талдай отырып, сол рудың ішіндегі атақты адамдар, олардың басынан өткен кейбір оқиғалар туралы тарихи әңгімелерді көптеп кездестіруге болады. Алайда, тарихи жырларда басты кейіпкерге байлансты, оның ата-тегі туралы шежірелік мәліметтерді кездестіреміз. Бұдан қазақтың ауызша тарих айту дәстүрі туындылары өзара тығыз байланысты болған деген қорытында жасауға болады.
Соңғы жылдары шежірелерді зерттеу, басып шығару бағытында көп жұмыстар істелді. Дегенменде әлі де болса шежірелерді тарихи тұрғыдан жүйелеп,сыныптап, топтастыру жұмыстарын жасау қажеттігі бар. Шежірелерді талдағанда мына мәселелер ескерілуі қажет:
1-шіден, шежіренің жазылу уақыты.
2-шіден, құрастырушының мекен еткен географиялық аймағы.
3-шіден құрастырушының беделі
4-шіден, көп варианттың ішінен шындыққа дәл келуін таңдай білу және тағы басқалар.
Ауызша тарих айту келес саласы – халық ауыз әдебиеті. Бұл салаға ХҮ-ХІХ ғ.қазақтың жыраулық поэзиясы жатады. Мұнда жекелеген авторлардың шығармалар ауызша айтылып,бізге дейін жеткен.Қазақ ауыз әдебиетінің өкілдеріне: Асан-Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалгиіз, Жиембет, Марқасқа, Бұқар, Ақтамберді ж.т.б. жырауларды жатқызамыз. Бұл жыраулардың туындыларында жеке адамның субъективті көзқарасы басым десек те, өз кезеңінің ахуалы, қоғамдық қарым-қатынас, жекелеген саяси қайраткерлерге берген бағасы, үлкенді-кішілі тарихи оқиғалар туралы мәліметтерді кездестіреміз.
Сонымен, қазақтың ауызша тарих айту дәстүрі туындылары қазақ тарихының деректануының негізгі бөлімдерінің бірі бола алады. Бұл туындыларды нақты тарихи зерттеу арқылы, айналымға тезірек түсіру қажет. Қазақстан тарихының хрестоматияларынан аузшы тарих айту дәстүрі туындыларының толық заңды орын алатын уақыты жетті. Бұл туындыларға деген көзқараста жаңа ұстанымға негізделген бағыт, әдіс-тәсіл қажет.

Шетел филологиясы 1- курс студенті
П.Қ.Мұхамедияр
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің
аға оқытушысы Ж.М. Арынов

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *