«Рухани жаңғыру» аясындағы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Шығыстану факультеті

Шетел филологиясы мамандығы

1 курс магистранты

Кұсманова Аяулым

 

«Рухани жаңғыру» аясындағы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қазіргі заман шындығына сай қоғамның рухани-адамгершілік дамуының өзектілігін  айқындайды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2017 жылғы 12 сәуірде жарияланған «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласында: «Бүгінгі таңда жеке адамның ғана емес, жалпы халықтың бәсекеге қабілеттілігін дамыту арқылы ғана табысқа жету мүмкіндігі бар» дей келе, елдің бәсекеге қабілеттілігі рухани-адамгершілік және әлеуметтік-мәдени құндылықтармен өзара байланысты деп айтқан. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы әлеуметтік мемлекет жүйесіндегі рухани жаңғырудың маңыздылығын айқындайды. Әлеуметтік мемлекет – азаматтардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктері мен мүдделерін жүзеге асырудың тиімді құралы. Жаңғырту процестері қазіргі қоғам өмірінің жаңа жағдайлары мен стандарттарына сәйкес әлеуметтік саясатты дамытуға ықпал етеді. Жүргізіліп жатқан реформалар мен қайта құрулардың мақсатты және жүйелік сипатын тереңдету маңызды.Әлеуметтік-мәдени ортаның жаңаруы жағымды әлеуметтік қайта құрулар мен өзгерістерге, жаһандық тәуекелдер мен сын-қатерлер жағдайында қоғамның өзіндік санасын дамытуға ықпал етеді. Гуманизм адамның дүниетанымының бір түрі ретінде оның әлеуметтік функцияларының күшеюімен байланысты. Әлеуметтік қорғау, әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік серіктестік принциптері гуманистік құндылықтармен байланысты.

Бағдарламада Қазақстанның өткеніне де, болашағына да қатысты барлық мәселелердіқарастырылған. «Рухани жаңғыру» аясында жүзеге асырылып жатқан «Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық», үштілділік, «Туған жер» арнайы жобалары, сондай-ақ «Қазақстанның киелі географиясы», «Қазақстанның 100 жаңа есімдері» атты жобалары тек ұлттық қана емес, сонымен қатар аймақтық сипатқа ие. Олар елдің өткенін, бүгінін және болашағын біріктіруге шақырылған. Себебі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы – қазақ халқының құндылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін жаңғырту, оның эволюциялық тарихи өткені арқылы патриоттық түсіністікті ынталандыру әрекеті.

Осы айтылған жобалардың ішінен «Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасына тоқталсақ, қазіргі таңда қоғамдық сананы жаңғырту ауқымындағы жұмыстардың маңыздылығы «100 жаңа оқулық» жобасының өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ерекше маңыздылығын көрсетті.

Жастар жоғары ғылыми стандартқа сай білім алуы керек. Нәтижесінде 800 кітаптан тұратын үздік оқулықтардың үлкен тізімі дайындалды. Ұлттық аударма бюросы құрылып, бүгінге дейін 77 кітап аударылған. Бұл оқиғаның әлеуметтік-гуманитарлық саланың дамуы аясындағы маңыздылығына назар аударып, оның бірқатар ерекшеліктерін атағым келеді. Бүгінгі бірінші интеллектуалдық траншқа АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Швейцария сияқты алдыңғы қатарлы елдердің үздік ғылыми өнімдері кіреді. Олармен танысуға мүмкіндік алған жастарымыз аз. Ал енді кез келген адам 100kitap.kz порталында аударылған кітаптардың тізімін еркін оқып, сайтпен танысу барысында өздерінің осы толық нұсқадағы кітаптарына қатысты барлық сұрақтарына жауап таба алады.

Бұл кітаптарды қазақ тіліне аудару түпнұсқа тілден жүргізілді. Бұл оқиға қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының жаңа кезеңін бастады. «100 жаңа оқулық»  – кеңейтілген энциклопедиялық ізденіс арқылы адамзат дамуының көкжиегіне жол ашатын кезең. Қазіргі уақытта интеллектуалдық дамуға байланысты серпіннің арқасында рухани революция басталады.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *